№253 орта мектептiң дене тәрбиесi
қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойнына өткiзген сабақтың үлгiсi.
Өтетiн орны: спорт зал
Көрнекiлiгi: тоғызқұмалақ тақталары, диограммалар
Сабақтың тақырыбы: Жүрiстi есептеу жолдары
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды математикалық амалдарды пайдалануға дағдылануға
үйрету
2. Оқушыларды жазбаша және ауызша есептеу әдiстерiне
қалыптастыру. Жас ұрпақтың ойлану қабiлетiн дамыту.
Қас-қағымда шешiм қабылдауға дағдыландыру
3. Жас ұрпақты ұлттық қадiр қасиетiмiздi қастерлей бiлуге
тәрбиелеу.Қазақтың ұлттық ойынын дамытуға ат салысу.
Пән аралық байланыс: Математика, тарих
Сабақтың барысы: I. Дайындық бөлiмi:
Сапқа тұрғызу, саптық командаларды орындау.кезекшiден рапорт қабылдау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсiндiру.
II.Негiзгi бөлiм:
Оқушыларға сұрақ қазақтың қандай ұлттық ойындарын бiлесiздер?
Тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тарту, аударыспақ, күрес, бестас, санамақ, қыз қуу, жiгiт қуу, жанбы ату, теңге алу, алтыбақан, ақ сүйек, т.б.
Ойындардың өзiндiк шарттары, ережелерi, тәрбиелiк мәнi бар.
Тапсырма. Ойындардың мақсатына, ережесiне, мағынасына қарай әр қатар ойындардың аттарын жазыңыздар.
I қатар II қатар III- қатар
Аңға байланысты Малға байланысты Ой-өрiсiн дамыту
ойындар ойындар ойындары
Ақсерек-көксерек 1. Көксиыр 1.Тоғызқұмалақ
Аңшылар-қояндар 2. Түй мен бота 2. Шахмат
Қасқұлақ 3. Асау көк аларман 3. Дойбы
Ордағы қасқыр 4. Нарды
Тоғыз деген қаситтi сан шығар
Еберкенiң белгiсiндей құмалақ
Отыр, әне, екеу-екеу аңшылар
Ойын емес ой алғысын қуалап
9-шы отаудан
Х белгi алынбайды әр ойыншыда
9 отаудан бар
9
әр отауда тоғыз
9 тарихи атаулары бар құмалақтан бар
Жас ұрпақ өнегеңмен көгередi, Дәстүрсiз жалаң қолдан не келедi.
Артыңа өшпес мұра сыйлап кеткен.
Бабам-ай, ойың неткен кмел едi.
Ұлттық ойын Есептеу ойыны
9
Жүрiстi дәл Ұлттық рухани қасиетiн
көрсету ойыны жетiлдiру
Ақыл – ой өнерi ойыны
Жүрiстi есептеу жолдары:
Бiрiншi есептеу жолы:
Жүрiс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай номерлi отауға барып түсетiнiн анықтап жазу тәртiбi бойынша цифрлардың қосу белгiсiн қоямыз;
А) егер қосынды 10, немесе 10 –ға жетпейтiн болса қосындыдан 1-дi шегеремiз
315- 3+ 1+5-9-1-8
б) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды шегеремiз
814-8+1+4-13-10-3
Екiншi есептеу жолы:
Жүрiс отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетiнiн анықтау үшiн отаудың реттiк санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
А) Егер қосынды 10 –нан артық болса, қосындыны 10-ды шегеремiз
315-3+15-18-10-8
б) Егер қосынды 20 немесе 20- дан артық болса, қосындыдан 19 –ды шегеремiз
814-8+14-22-19-3
в) Егер қосынды 29-дан 37-ге дейiн болса, қосындыдан 28-дi шегеремiз.
724-7+24-31-28-3
г) егер қосынды 38 не одан жоғары болса, қосындыдан 37-нi шегеремiз
738-7+38-45-37-8
Үшiншi есептеу жолы:
Жүрiс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетiнiн табудың үшiншi жолы iлгерi, керi есептеу.
10 құмалақ осы отаудан басталған жүрiс қарсыластың өзi аттас номерлi отауына дәл барып түседi.
19 құмалақ осы отаудан басталған жүрiсқұмалақтарды барлық отауға қатар түсiп, өз орнына қайта келуi.
28 құмалақ болса, ол екi жақтың барлық отауларын бiр айналып, қайтадан қарсыластың өзi аттас отауына дәл барады.
37 құмалақ болса, ол барлық отаудыекi айналып шығып, қайтадан өз орнына келiп түседi.
Тоғыз саны сиқырлы,
Толығады ой-сана.
Тоғыз мақал бiлмесең,
Тоғызқұмалақ ойнама.
1.Дұшпанның сырын бiл, 2. Дұшпанның жанына
жүрсе жүр, күлсе күл. Тұздық сақтама
3. Алыстан арбалағанша 4.Үйiңнiң рахатын көр.
Жақыннан дорбала. Үйге жинай бер
5. Береген қолым алаған, 6. Жұт болды деп қорланба
Алаған қолым береген Қорада қотыр тоқты бар.
Ол да егiз туар лақ,қозыңды санап ал
7. Пайдасыз жерге пұл шашпа, 8. Сый берсе қашпа, пұлға берсе алма
Байлық тиыннан құралады Жолықсаңыз пәлеге, жете
алмайсыз мәреге.
9. Жаңылмайтын жан жоқ,
Сүрiнбейтiн тұяқ жоқ.
Алсаң мақтанба, берсең даттама.
Қорытынды бөлiм.
Оқушылармен карточка бойынша жұмыс iстеу, бағалау
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру
313,317,739, 949- сандарын жүрiстi есептеу жолының 1 және 2 жолдарымен есептеп, дәлелдеу.