kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене шынықтыру: "Асық ойындары «Үш табан» (кон) тігу ойынының ережесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жерге (тас жолға) түзу сызық жұргіземіз (сызылады), оның ұзындығы ойыншылар санына байланысты. Бұл «кон» болып табылады. Үш табан ойынына 2 немесе 4 бала (төрттен көп болмағаны жөн) асық тізіп ойнайтын ойын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтыру: "Асық ойындары «Үш табан» (кон) тігу ойынының ережесі"»

Асық ойындары «Үш табан» (кон) тігу ойынының ережесі:

1.Жерге (тас жолға) түзу сызық жұргіземіз (сызылады), оның ұзындығы ойыншылар санына байланысты. Бұл «кон» болып табылады. Үш табан ойынына 2 немесе 4 бала (төрттен көп болмағаны жөн) асық тізіп ойнайтын ойын.

2.Әр ойыншы конға өзінің бір асығын қояды. Келісім бойынша бірнеше асық тігуге болады.

3.Әр ойыншы өз мүжік асығын конға қабырғасымен жатқызып «алшы» немесе «таған» етіп қояды. Екі асықты қатар бірдей бір жағымен тігуге болмайды, егер біреу абайсызда бірдей бір қабырғасымен қойған болса, онда кез келген ойыншы оның асығын тәркілей алады, мүндай жағдайда ойынға қатысу үшін айып салынған ойыншы басқа асығын конға тігуі қажет.

4.Әр ойыншының өзінің «сақасы» (соғушы-асық) болуы тиысты, ереже бойынша бұл асық көлеміне, бояуына және шік жағына қуыс жасап құйылған қорғасынына, немесе басқа түсті теміріне қарай бірнеше жай асықтардың құнына тенейді. Ату кезегі сақаларды иіру арқылы анықталады, егерде екі, немесе үш асық бірден алшы түссе иіру жеребесі қайталанады. Осылайша ату кезегі тиесілі сақасы алшы, таған, шік және бүк түскен тастармен анықталады.

5.Коннаң (келісім бойынша) 3-5 метр жерге бормен сызық сызылады және осы сызықтан ойыншылар өз кезегі бойынша сақаларын конға қойылған асықтарға иіре көздеп атады.

6.Егер атқанда асыққа тигізіп қана қоймай, оны табанмен санағанда (адым емес) үш табан қашықтықтан асыра кетіруі тиіс, сонда ғана ойыншы кетірген асығын алады және ойынды жалғастырып, сақасы тоқтаған жерден соққы жасайды.

7.Егер ойыншының «сақасы» тізілген асыққа тимей мүлт кетсе, онда кезек келесі ойыншыға ауысады.

8.Егер ойыншының «сақасы» асыққа тисе, бірақ олардың арасы ягни «сақамен» асықтың арасы үш табаннан аз болса, онда келесі ойыншы өз кезегі келген кезде ойынды «сақа» жатқан жерден жасайды.

9.Ойын келесі ойыншыға көшеді, ол өз кезегінде қарсыласының «сақасын» соққы жасауға

ынғайлы жерде орналасса атуына болады, егер ол алдынғының сақасына тигізіп 2 табан өлшемнен асыра кетірсе, бірінші бала ойыннан шығады және ортаға тізілген асықтардың біреуі мен үтылғанның сақасы әлгі екінші балаға тиесілі болады. Ол өз кезегін осылайша асығы тоқтаған жерден жалғастырады, «сақасы» тимесе, не мүлт кетіп жатса, ойын үшінші балаға ауысады.

10.Ал түптегі үшінші ойыншы да қаласа екі жақтағы «сақаның» жақын түскенін өзіне сенсе, «сақасын» «күйдіреді», қаламаса тізілген асықтардың екінші жағына 2-3, не одан да жақындау жерге асығын иіреді, «сақасы» алшы не тәйкі түрса тізілген асықты атады,«сақасы» бүк, шік түссе ойын келесі ойыншыға ауысады.

11.Келесі ойыншы да қаласа түпке (конда) «сақасын» иіреді, егер «сақасы» алшы\тәйке тұрса, түптегі асықтарды шертуге құқық алады,бұл іс жүзінде ұтысты білдіреді.

12.Егер ойыншы асыққа тигізіп, бірақ оны ала алмаса, ал «сақа» алшы түссе, онда ойыншы қосымша соққыға ие болады.

13.Асыққа тигізе алмаған ойыншы «сақа» тоқтаған кезде жатсын сөзін айтуы тиіс, себебі қарсыластары кетсін сөзін айтып,оның «сақасын» алысқа лақтырып жіберуі мүмкін, мүндай жағдайда ойыншы келесі кезекте ойынды «сақасы» жатқан жерден бастайды. Ойын осылай кондағы (түптегі) тізілген асық біткенше жалғасын табады.

14.Женіске көп «сақа» не асық жиған ойыншы жеткен болып танылады.


Дене тәрбиесі мұғалімі:____________Конбас. Д

Көкшетау қаласы, №8 орта мектеп







Асық « Үш табан » (кон) тігу ойынының ережесі.

( сыныптан тыс жұмыс )












Құрастырушы: Аукенов С.Б.- дене шынықтыру мұғалімі












Көкшетау 2014 жыл



«Асық ату» шеңбер ойыны.

1. Жерге (асфальтқа) ойыншылардың үйғаруымен диаметрі 1,5-2 метр шенбер сызылады.

2.Шенбердің ортасына сызық сызылады, оның ұзындығы ойыншылар және асықтар санына байланысты. Бұл «кон» деп аталады.

3.Әр ойыншы өз асығын конға қабырғасымен жатқызып «алшы» немесе «таған» етіп қояды. Екі асықты қатар бір жағымен қоюға болмайды, егер біреу абайсызда бір жағымен қойған болса, онда кез келген ойыншы оның асығын тәркілей алады, мүндай жағдайда ойынға қатысу үшін айып салынған ойыншы басқа асығын конға қоюы қажет.

4.Әр ойыншының өзінің «сақасы» (соғушы –асық) болуы қажет, ереже бойынша бұл асық көлеміне, бояуына және құйылған қорғасынына немесе басқа түсті теміріне қарай бірнеше жай асықтардың құнына тең.

























«Бекітемін»

Мектеп директоры

_______ А.Б Нугертаева.

«___»_______2013ж.


Көкшетау қаласы, Наурыз мерекесіне орай ұлттық «Алтын сақа» ойынның асық ату және үш табан түрлерінен қалалық жарысының

Ережесі

1. Мақсаты мен міндеті:

-Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау арқылы қазіргі ұрпақтың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сініріп, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатымен «асық» ойының ұлттық спорт ойындарына енгізу.

-Қазақ халқының дәстүрлі ойыны «асық» оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, мергендікке, ептілікке,шапшандыққа баулиды.

-Асық ойнау барысында оқушылардың шапшаң ойнау қабілеттерін дамытып, ұлттық ойынға байланысты тілдік қорлары дамиды.

-Спорттық шеберлік қабілеттерін арттыру.

-Салауатты өмір салтын насихаттау.

ll. Жарыстың өткізу басшылығы.

Жалпы басшылық дене тәрбиесі мұғалімдері бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

lll. Өткізетін орны және уақыты.

Жарыс 2013 жылдың 14 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемеде өтеді.

Басталуы 12.00.

lV.Жарысқа қатысушылар.

Жарысқа 1-10 сынып оқушылары қатыса алады. Әр мектептен 4 оқушы қатысады өз асықтарымен.

V. Жарыс бағдарламасы.

1.Асық ату.

2.Үш табан.

Vl.Марапаттау рәсімі.

Жекелей және командалық есебі бойынша орын алғандар мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Кон (уш табан).

1.На земле (асфальте) чертится линия, длина которой зависит от количества игроков. Это будет «кон».

2Каждый игрок ставит на кон один свой асык. По договору можно ставить несколько асыков.

3.Игроки ставят на кон свои асыки на ребро «алче» или «таган».Нельзя ставить подрят два асыка одной стороной, если кто-то по невнимтельности так поставил, то любой другой игрок может конфисковать его асык, и тогда для участия в игре оштрафованный должен поставиь на кон свой другой асык.

4.У каждого игрока есть «сака» асык-биток, которым игрок выбивает стоящие на кону простые асыки. Как правило это асык крупного барана. Ценность её несколько асыков, в зависимости от веса, заливки цветным металлом и цвета. Очередность определяет жребий, путём кидания «саки»-юрится. Очередность определяется по следуюшему термину; алче, таган, бук, шик.

5. В 3-5 метрах от круга (по договору), рисуют мелом или кирпичом линию и с неё игроки будут прицельно бросать свою «сака» пытаясь попасть в асыки стоящие на кону.

6. Пусть «сака» играющего попадёт в асык стоящий на кону и расстояние между ними будет не меньше чем три его ступни, тогда игрок забирает этот асык, и делает следующий удар.

7. Если «сака» играющего не попадет в асык, ход переходит следующему игроку.

8. Если «сака» играющего попадёт в асык, но расстояние между «сака» и этим асыком меньше асыком меньше 3-х ступней, следующий удар он поизведёт с того места, где лежит его «сака» когда подойдет его очередь.

9. Если «сака» играющего не попадет в асык следующий удар он произведёт с исходной линий.

10.Ход переходит следующему игроку.

11. Если играющий попал в асык и не забрал его, а «сака» встанет на «алче» игрок получает право на дополнительный удар.

12. Игрок не попавший в асыки, когда его «сака» остановилась, должен сказать слово «жатсын», иначе соперники могут сказать слово «кетсын» и запнут его «сака» куда подальше и он будет следующий ход играть с того места где лежит его «сака».

13. Игрок набравший больще асыков, или «сакы» является победителем.

Преподователь Ф\К_______Аукенов С.Б..



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дене шынықтыру: "Асық ойындары «Үш табан» (кон) тігу ойынының ережесі"

Автор: Конбас Досан

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 383949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства