Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеулеріміз “Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделін» жасауға мүмкіндік берді
Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮРДІСІ»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК
Жұмадилова Б.
Баяндама
Тақырыбы:«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі
жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың
ғылыми - педагогикалық негіздері»
2016 жыл
Құрастырған
Педагогика-психология пәндері бірлестігі оқытушысы
Жұмадилова Б.
Педагогика-психология пәндері бірлестігі отырысында қаралып, талданды « » 20
Хаттама № .
Бірлестік төрағасы Жомартов М.К.
«Келісілді»
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Түменбаева Н.С.
« » 20
Баяндаманың мақсаты: оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік–эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.
Баяндаманың міндеті:
1. Оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың теориялық-әдіснамалық алғышарттарын айқындау.
2. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық негіздерін анықтау.
3. Болашақ мұғалімдерді мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби – шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен деңгейлерін және механизмдерін анықтау.
4. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.
6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.
Жоспар
1. Дене тәрбиесі теориясы ғылым ретіндегі мәні және мазмұны
2. Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі
3. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделі
1. Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады (Сурет 2).
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандық пәндерінің әдістемесін оқытуда педагогика мен психология ғылымдары арасындағы өзара байланысты күшейте отырып, білімді игеру үшін оқушының танымдық ой-тәсілдері мен тәрбиесі жүйесіне байланысты ұғынуын дамыту қажеттігі айқын көрінеді. Жоғары оқу орнын білімді игеру тәсілдерін ұсына отырып, ойлау әрекеттері арқылы студенттердің ұғынуына қажетті субъективті түрдегі қабылдаудың нақты әдістерін қамтамасыз ету қажет. Оқу бағдарламасы студенттердің жеке тұлғалық, кәсіби дайындық, жалпы танымын және ұстаздық еңбегіндегі кәсіби өзгерістер мен қойылатын талаптарды жете түсінуі керек.
Сурет 1 - Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
2. Дене тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі
30-40%-ас қорыту ағзаларының жұмысы бұзылып, 60%-жүйке, қан тамырлары тармақтарының белсенділігі төмендесе, 50% иммунитеті әлсіреген. Мектеп оқушыларының 23%-бауыр, 15%-бүйрек ауруларымен ауырады. Мектеп оқушылырының жеке тұлғалық дене мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жағдайын зерттей отырып, жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.
Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің маңызды бірліктерінің бірқатары ескерілмейді. Мұндай бірліктердің қатарына дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері туралы білімнің қолданылмауы толымсыз жағдайда. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дене тәрбиесі үдерісін басқарудың негізгі құралдары тобына жататындықтан өте маңызды.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ықпалдар арсеналы болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару қымтаулы жабық ортада емес, құндылық бағыттары, мінез-құлық стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды білуі тиіс.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау мәселесі бойынша жүргізілген зерттеулеріміз “Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделін» жасауға мүмкіндік берді (Сурет 4).
Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалды-іс-әрекеттік, рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонент – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін сезінуі, педагогикалық іс-әрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін көтеруге деген ұмтылысы.
Мазмұндық компонент – оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.
Процессуальды-іс-әрекеттік компоненттер – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып, дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана алуы.
Рефлексиялық – бағалау компоненті – педагогикалық рефлексияны меңгеру, дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық
ізденімпаздық, дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.
Көрсетілген модель негізінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты
3. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға мұғалімдердің дайындық моделі
болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың жоғары, орташа, төмен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Жоғары деңгей: дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі жөніндегі білім мазмұны бойынша меңгерген білімі айтарлықтай терең; өз жеке басының белсенділігімен ерекшеленеді; білімін жетілдіруге ынталы; дене мүмкіндігі мен рухани жан-дүниесінің біртұтас жүйе екендігін сезіне біледі; дене жаттығуларының, қозғалыс қимылдарының т.б. дамыту, білімдік, сауықтыру міндеттерін шығармашылық тұрғыда қабілетті. Даярлықтың жоғары деңгейінің қалыптасуы, болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметінің оқушыларға бағытталуымен сипатталады, олардың сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта оқушыларды дене тәрбиесін жүзеге асыру құралдарын пайдаланып, жұмыс істеудегі шығармашылыққа және өзін - өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасы мен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Бұл деңгейдегі студенттердің білімдері толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді, олар бар білімдерін нақтылы іс жүзіндегі жағдаят пен оңай байланыстыра алады.
Орташа деңгей: дене тәрбиесіне байланысты өзекті мәселелерді, педагогикалық жағдаяттарды, тәрбиелік шараларды көңіл-күй тұрғыда дұрыс қабылдай алады; оларға деген қызығушылығы бар, бірақ оның оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудағы мәніне терең мән бермейді; дене тәрбиесі міндеттерінің әлеуметтік, педагогикалық құбылыс ретінде жете түсінбейді; білімін жетілдіруде қадағалауды, көмекті талап етеді, оның қажеттігін сезінеді. Орташа деңгейдегі студенттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дене тәрбиесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға ішінара қалыптасқан даярлығымен ерекшеленеді. Олар мұғалімнің кәсібіне оң қарайды, бірақ таңдауы дене шынықтыру жұмысымен емес, көбінесе өзінің спорттық қызметін жетілдіру мақсаты мен байланысты. Бұл деңгейдегі студенттердің білімі толымсыз.Бүтіндей алғанда, білімдері жеткілікті түрде берік әрі жүйелі емес. Олардың іс - әрекеттері толық көлемінде тұжырымдалмаған, психологиялық – педагогикалық заңдылықтармен жеткілікті байланыстырылмаған, мәні мен мазмұнына сәйкес келмей жатады.
Төмен деңгей: мектептегі дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға қызығушылығы болғанымен, бұл бағыттағы жұмыстарға ат салыспайды; дене тәрбиесі бағыттарының мәніне түсінеді, бірақ ынтасы жоқ; мазмұндық-танымдық, рефлексиялық-бағалау, шығармашылық бірліктерін меңгермеген. Бұл деңгейге даярлықтың барлық компоненттері құралмаған, не тек біреуі байқалатын іс-әрекеттегі студенттерді жатқызамыз. Дене тәрбиесі жүйесі туралы түсініктері терең емес, әрі толымсыз. Икемділіктері әлсіз дамыған. Бұл деңгей студенттердің дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға даярлығы төмен екендігін сипаттайды.
Диссертацияның алғашқы бөлімдерінде осылайша теориялық - әдіснамалық алғышарттар, кейіннен теориялық негіздері арнайы модель жасап, оның өлшемдері мен деңгейлерін көрсетумен нақтыланды.
Зерттеуде алынған нәтижелер төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- әдістемелік-нұсқаулық білім негіздерін сапалы түрде меңгерту;
- тәжірибелік-әдістемелік даярлық жүргізу;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгерту;
- дене тәрбиесін жетілдіру мен спортқа қызығушылық пен сұранысты күнделікті өмірге белсенді енгізу арқылы дене тәрбиесі саласындағы «міндеттеу» жүйесінен жалпыға бірдей «еріктілік» жүйесіне көшу.
Оқушыларға берілетін әдістемелік–нұсқаулық білім сабақтың теориялық бөлімінде жүзеге асырылады. Мұндай сабақтар барысында оқушылардың әдістемелік тәсілдердің мәні мен олардың өз ағзаларына тигізер әсерін танып түсінуіне, орайластыру-бағыттаушылық даярлықты жетілдіруіне мүмкіндік туады.
Әдістемелік-нұсқаулық сабақтар оқушылардың әдістемелік бағыттағы өз білімдерін кеңейтіп (мысалы, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену), өзіндік жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін береді.
Тәжірибелік-әдістемелік даярлыққа төмендегідей жүйелі тәжірибелік тапсырмалар кешенін орындаған жағдайда қол жеткізуге болады:
- таңертеңгі гигиеналық жаттығулар жүйесін жасақтау және жүргізу;
- күн бойына жүргізілетін жаттығулар жүйесін құру;
- сергіту жаттығулары мен қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу;
- қозғалыс дағдысын қалыптастыру, арнайы дене қабілеттерін жетілдіру жаттығуларын жүргізу;
- бұқаралық сауықтыру спорттық шараларына қатысу;
- спорттық сайыстарға қатысу және төрелік ету.
Оқушылардың дене тәрбиесін дамыту жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістері жетекші қызмет атқарады. Бұл бағыттағы арнайы даярлық өзін-өзі жетілдіру туралы ақпарат, негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Оқушылар назары төмендегідей іс-әрекетпен тапсырмалар орындауға бағытталуы қажет:
- өзін-өзі жетілдіру үдерісінің жеке мүдделік ерекшеліктерін нақтылау;
- оқушының дене тәрбиесі қызметі бойынша қызығушылығы мен сұранысын есепке алу, сұранысты қанағаттандыру жолдарын қарастыру;
- әр оқу сабағында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажетті ақпаратты таңдап алу;
- дене жаттығулары барысында кездескен қиындықтармен жүйелі күрес жүргізу, тұлғаның жағымды қасиеттерін, ерігі мен жігерін дамыту;
- дене тәрбиесі арқылы өз мінезін шыңдау, өмірде кездескен қиындықтардың шешімін таба білуге дағдылану;
- тіршілік сақтау, психология, анатомия, дене тәрбиесі, физиология саласы бойынша білімдерін тереңдету.
Сонымен, теориялық және әдістемелік-нұсқаулық білім, білік, дағдыны және өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгермейінше, оқушының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мүмкін емес.
Білім сапасына өзіндік бақылау жүргізу үшін меңгерудің үш деңгейін білу қажет:
І деңгей. Оқу материалын саналы түрде ұғыну, мазмұнын есте сақтау.
ІІ деңгейі. Педагог көрсеткен үлгі бойынша меңгерілген білімді тәжірибеде қолдана білу білігі.
ІІІ деңгей. Өзгермелі жағдайға сәйкес, білім мазмұнын өз бетінше өзгерте алу және өз бетінше іздене білу қабілеті.
Теориялық білім мазмұны өз бетінше меңгеру қабілеті дене тәрбиесі жаттығуларын «Өзімді өзім жаттықтырамын» тұжырымдамасына сәйкес тиімді ұйымдастыруға, жүйелі жетілдіруге бағытталды.
Өзін-өзі жетілдірудің мұндай тәсілі тәжірбиеде оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен өз ағзасының мүмкіндігін танып-білуіне жол ашады, белсенді және мақсатты түрде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру үдерісі дене жаттығуларының жекелеген сабақтарын жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады. Салыстырмалы түрде алғанда, осы процесстің аяқталған бөлімі, кезекті және дербес буыны бола отырып, әрбір жаттығу осы сипатта алдыңғы және келесі буындармен байланысты болуы, әрі дене тәрбиесі міндеттерінің шешілуіне белгілі бір үлесін қосуы тиіс. Бұл тек оларды міндеттер жүйесіне сәйкес жүргізгенде және мазмұны мен түрі жағынан мұқият ұйымдастырған кезде ғана мүмкін болмақ (5-сурет).
Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық шаралар мен оның ішінде отбасылық, аула клубтарындағы дене тәрбиесі сабақтарымен толықтырылып отырады. Олар: таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік саяхаттар, «Әкем, анам және мен» сипатындағы жанұялық спорттық сайыстар т.б.
Дене тәрбиесінің сан түрлі әдістері олардың оқушы дамуына әсері мен оқу күні бойынша жаттығулар көлемін толықтырады деген пікір қалыптасқан. Дене тәрбиесі түрлерін жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің екінші жағы- оқушылардың кешенді дене тәрбиесін толық, әрі жан-жақты ұйымдастырмаған жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы орындау мүмкін емес. Себебі жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы мақсатты көздейді, жекеленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес өзара байланысты мына төрт қағиданы ұстандық:
Біріншіден, кез-келген жұмыс түрі кешенді дене тәрбиесі үдерісіне өзіндік әсері бар.
Екіншіден , дене тәрбиесін ұйымдастырудың бір түрін екінші тәсілмен толығымен алмастыру мүмкін емес.
Үшіншіден, дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін кешенді түрде жүргізген жағдайда оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін толық шешуге болады.