kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене шыны?тыру саба?тарында ?аза?ты? ?лтты? ойындарды пайдалануды? ма?ызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дене шыны?тыру саба??ында?ы ?лтты? ойындарды? ма?ызы, бастауыш ж?не орта буын сыныптарында?ы ?лтты? ойын т?рлерін ойнатуды? ма?ызы туралы жазыл?ан. ?аза?ты? ?тты? ойындары балаларды? тез дамып жетілуіне, сергуіне, салауатты ?мір с?руіне ?з септігін тигізеді. ?р саба?та ?аза?ты?  ?лтты? ойындары ар?ылы о?ушы бойында патриотты? рух, елжандылы??а т?рбиелейміз. Дене т?рбиесі саба?ында ба?дарлама?а с?йкес ?лтты? ойындарды енгізуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене шыны?тыру саба?тарында ?аза?ты? ?лтты? ойындарды пайдалануды? ма?ызы»

Тақырыбы: Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы туралы М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:

- жалпы ойындар;

- қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;

- ашық алаңқайдағы ойындар;

- қыс мезгіліндегі ойындар;

- демалыс ойындары;

- ат үстіндегі ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.

Ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айта келе ғалымдар сабақта және тәрбие жұмысында, мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға негіз болады,- деп пікір білдірген. Сонымен, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде деп негіздеме береді. Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев. «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі. 1. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар. 2. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар 3.15 пен 20 жас аралығындағы жастар. Ұлттық мұраның бай қазынасының  бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп-жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі.Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде және дене тәрбиесі пәндерінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды дене тәрбиесі сабағында қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. .
Сабақта ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді
Ғалымдардың пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.
Негізінен қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. 1. Аңға байланысты ойындар: «Ақсерек-көксерек», «Аңшылар», «Аңшылар мен қояндар», Кірпіше қарғу», «Қасқұлақ», «Ордағы қасқыр». 2. Малға байланысты ойындар: «Аларман» (қойға қасқыр шапты), «асау көк», «көксиыр», «соқыр теке», «түйе мен бота». 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақсүйек, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартыс, асау мәстек, асық, аттамақ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, жаяу көкпар, күзетшілер, қамалды қорғау, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, кімнің дауысы, 4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, аударыспақ, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, орын тап, санамақ, 5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, , пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу.

Халқымызда ұлттық қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған. Қозғалмалы ойындар төрт топқа бөлінеді: 1.Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бес тас, лек жалау, сиқырлы таяқ, т.б.; 2.Жануарлар бейнесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, және т.б.; 3. Мүліктік бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: бөрік жасырмақ, белбеу тастау, орамал тастау, т.б. 4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек шертпек, жасырынбақ, ақшамшық, теңге алу, қыз қуу т.б.
Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», - деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. «Сиқырлы таяқ» Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.
Асық ойындары - қазақ халқында ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Халық арасында асық ойындарының бірнеше түрі сақталған. Бұл ойынды тек асығы бар ер балалар ғана ойнаған. Асық ойнаушылардың саны 4-8-ге дейін барады. Бұл ойының мақсаты – асық ұтып алу. Ойын ережесі: Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала ойыншылардың кім-кімнен кейін ойнау керек кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі-бірінші, тәйке түскеннің иесі -екінші, бүк түскенді - үшінші, шік түскендікі - төртінші болады.
Тоғызқұмалақ - қазақ халқының ертеден келе жатқан есеп ойыны. Өйткені, бұл ойын тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысына құралған. Бұл күндері оны арнаулы тақтада ойнайды. Тақтаның ойып жасалған он сегіз ұяшығы бар. Әрбір ойыншының тоғыз-тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір-бірден қазаны болады. Отаулар тоғыз-тоғыздан қарама-қарсы түске боялып қойылады. Мысалы, қызыл мен көк, ақ пен қара. Отаулардағы құмалақтардың барлығы да тоғыз-тоғыздан болады, яғни тақ сандар. Ойын осы тақ сандармен басталады. Ойыншы солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүреді. Тоғызқұмалақ ойыны, негізінен, Орталық Азиада кеңінен тараған. Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Халықтың ұлттық ойындары - жас ұрпақтың қалыптасып өсіп-өнуіне әсер ететін факторлардың бірі және дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты. Ойын - дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, көңіл көтеру, дем алу, бас қосып бірлесіп әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.

Ойын сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді.

Ойын баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып қана қоймайды сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы.

Баланы – ойын өсіреді. Ойынға қатыспаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Ойында тәрбиелік мәнге ие ұлттық элементтер жетерлік. Ұлттық ойын арқылы дені сау, салауатты, ақыл-ойы дамыған, тіл байлығы жетілген, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа, қырағылыққа баулыған, психологиялық, физиологиялық жағынан қалыптасқан, ұлттық дәстүрге ие, жан-жақты жетілген тұлға дайындаймыз. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады. 1.Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 2. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.


Тыңдағандарыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дене шыны?тыру саба?тарында ?аза?ты? ?лтты? ойындарды пайдалануды? ма?ызы

Автор: Аязбаев Асет Муратович

Дата: 10.04.2016

Номер свидетельства: 317193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1390 руб.
2320 руб.
1360 руб.
2260 руб.
1390 руб.
2320 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства