kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі к?ндері адамдар арасында?ы ?арым- ?атынаста ізгілі?, сыйласымдылы?, жанашырлы?, бір- біріне деген к?мек сия?ты адамгершілік асыл ?асиеттерді? тамшылы?ы жайлы к?п айтылып  ж?р. Сол адамгершілік т?рбиені? аталмыш ?асиеттерін бала бойына дарыту ?дістеріні? бірі ?имыл- ?оз?алысты ойындар деп ?арастырып, осы м?селеге то?тал?анды ж?н к?ріп отырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары »

Қазақ халқының ұлттық ойындары



Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Мадиев Ерлан Аскарбекович

«Үшқоңыр ауылындағы орта

мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ,

Қарасай ауданы, Алматы облысы 


   Қазіргі күндері адамдар арасындағы қарым- қатынаста ізгіліқ, сыйласымдылық, жанашырлық, бір- біріне деген көмек сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің тамшылығы жайлы көп айтылып  жүр. Сол адамгершілік тәрбиенің аталмыш қасиеттерін бала бойына дарыту әдістерінің бірі қимыл- қозғалысты ойындар деп қарастырып, осы мәселеге тоқталғанды жөн көріп отырмын.

         Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалық шағында өте қауырт болады. Күннен күнге өсіп келе жатқан жас тәннің ең негізгі қажет ететіні қимыл-қозғалыстар, ойындар болып табылады. Ба­ла тәрбиесіне ықпал ететін осы жол менің ойымша тиімді де дурыс әдістердің бірі сияқты. Өйткені ойын арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Ал оның тиімділігі мұғалімдерге жаңа қимыл-қозғалыстар, ойындар үйрету кезінде олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, лайықты ойындар тағайындауына тікелей байланысты болады. Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.

Бұл ретте ойындардың, әсіресе ұлттық ойындардың мәні өте зор. Оларды қолдану негізінен дене тәрбиесі сабақтарында, спорттық жарыстар, серуендер кезінде жүзеге асады. Орайы келсе тіл дамыту мен көркем әдебиет сабақтарында да пайдаланған жөн сияқты. Себебі нақ осы пәндерде санаға көбірек салмақ түседі. Сондай кезде өтетін тақырыпқа байланысты қимыл-ңозғалыстар, жаттығулар, жаңылтпаштар, де­не тәрбиесі, сергіту минуттарын ұйымдастырса, баланың денесі ширап, көңілі көтеріліп, сабақ материалдарын қабылдау сапасы да артады. Балалар ойын барысында еркін тапқырлыққа, сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ықылас, ерік және т.б. түрлі психикалық түйсік пен сезімділікке тәрбиеленеді.

Бұл ойындарды үйрету, өткізу кезінде көңіл бөлетін негізгі жайлар ойын тәртібінің қатаң сақталуын талап ету болып табылады. Ойын тәртібін бұлжытпай орындау баланы әділдікке, бір-біріне деген көмекке, өз сыныбындағы балалармен бірлесіп қимыл жасауға, ұйымшылдыңқа тәрбиелейді.

Қазақ халқынын, жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық  дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене қурылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

    Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-қозғалыста болу керек.. Дене шынықтыру сабағынан басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық ойындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкіндік жасауға болады. Денсаулық сақтау, білім  беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық  ойындар ойнату барысында да іске  асырылады Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол - сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап жатыр. Қазақтың ұлттық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып табылады. Қазақ халқы өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың үлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін  тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Балалардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім сабақтың ортасында 5-10 минут қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, олардың қөңілдерін басқа жаққа аударады да, соның негізінде пайда болған ерік- жігерлерін негізі материалдарға аударады.

Ал, ойынды сабақтың аяғында, көбіне оқушылар негізі оқу материалдарын меңгерген кезде қолдануға болады. Сабақ бітуге 5-10 мин қалғанда біртіндеп ұлттық ойынға көшкен жөн. Өйткені, оқушылардың үзіліс кезінде байсалды демалуларына нұқсан келмеу жағын да ескеру орынды. Халық ойындарын пайдалану жасөспірімдердің тек дене тәрбиесіне ғана әсерін тигізіп қоймай, олардың жан-жақты дамуына, сана сезімінің өсіп, жетілуіне оқу үлгіріміне де айтарлықтай әсер тигізеді. Оқү- тәрбие кездерінде бір-бірімен ұштасатын дәнекерлердің бірі- ұлттық ойындар. Сабақтан тыс уақытта өтілетін, жүргізілетін тәрбие жұмыстарына көп көңіл бөлінбейінше жақсы нәтиже бермейді. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойындарға әр уақытта мұғалімдер тарапынан қадағалаулар, басшылық болып отырулары қажет. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тура алмайды. . Оқушы мектепте де ойнауға, қозғалуға, жүгіруге бейім тұрады. Оқушылардың сабақ уақытында алған тәлім-тәрбиесі, оның саналы, игерілуі де сабақтан тыс уақытта, көпшілік орындарда қарым-қатынасына, үлкендерді сыйлауына байланысты көрініс береді. Ұлттық ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында,сыныптар тыс, бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік рөлін пайдаланған жөн Сабақтан тыс уақытта ойна­латын ұлттық ойын барысында төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің  қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық ойындардан басталады.

Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынадай қазақтың ұлттық ойындарын ұсынуға болады. "Айгөлек", "Арқан тарту", "Белбеу тастау", "Соқыр теке", "Қойыңа қасқыр шапты", "Ат қума", "Жаяу көкпар", "Түйе-түйе", "Омпы", "Жала уалу", "Қасқыр мен ешкі", "Алшы", "Хан", "Хан жақсы ма?", "Күзетшілер", Ұшты-ұшты", "Көрші-көрші", "Сақина жинау" т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстурімен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта үзбей өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, денесінің шынығу дөңгейін көтереді. Бұл ақыл ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді. Сабақтан тыс уақытта ұлттық ойындар өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

         Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болсын, ойынмен өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ұлттық ойындар - халықтық мол қазына. Сондықтан мүғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты, сонымен бірге сабақта, сабақтан тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты бола­ды.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары

Автор: Мадиев Ерлан Аскарбекович

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179673


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства