kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептен тыс жұмыстар бойынша баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептен тыс жұмыстар бойынша баяндама»





























Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері, және оның мәні мен мазмұны





















Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.

Қазріг кезде мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.

Мектептен тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың мектептен тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жету, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- оқушыларды дамыта оқыту үшін түрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.

Қазіргі таңда мектептен тыс жүргізілетін дене тәрбиесінен жұмыстар оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені, сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда дене тәрбиесімен шұғылдану және мектептен тыс уақыттарда оқушыларды дене тәрбиесі шараларына қатыстыру дене тәрбиесінің міндеттерінің бірі болып табылады.

Дене мәдениетінің де экономика, әдебиет, өнер және де басқа қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның мағынасы, ұйымдастыру түрлері, әдістемелік тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы жаңа түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды анықтауды талап етеді.

Қазақстан Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер кепілді түрде өз қолдауын табады.

Дене тәрбиесі мәдениеті және спорттың бүгінгі қызметкерлерінің «Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі» түсініктерін толық меңгермей еңбегінің жемісті болуы қиын.

Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.

Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.

- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;

- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;

- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.

Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.

- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,

- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;

- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;

- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;

- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.

Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:

- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;

- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;

- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.

Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:

Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;

- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;

- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;

- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.

Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:

- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;

- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;

- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;

- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;

- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.

Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:

  • туристік жорықтарға дайындалу, бару;

  • спорт мерекелерін өткізу;

  • көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.

Сонымен, спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады.














Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Антропова М.В. Оқушылар күн тәртібі, денсаулық және еңбек қаблеттілігі.-М.: Педагогика, 1984, 135-138 бет

2. Гужаловский А.А. Основы теории и методики физической культуры. – М .: ФиС., 1986.

3. Дүйсембин Қ., Алиакберова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы, 2003.

4.Дарманбеков М. Гимнастика // Мектептегі дене шынықтыру.-2009.-№2.-17.

5. Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К. Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі: Қазақша-орысша. – Алматы: 1991.-480.

6.Жексембеков Т. Мектептегі гимнастиканың оқытылуы // Мектептегі дене шынықтыру.-2010.-№1.-28.

7. Мамытов А. Теория спорта. – Бишкек: ЫГУ им. Тыныстанова, 2005. – 234.

8. Республиканская учебная программа по физической культуре профессиональных технических учебных заведений. – Алматы, 1993. – 70 с.

9. Рекламент о порядке организации учебно-тренировочного процесса в спортивных школах. – Астана, 2003.

10. Уманов Г.А. Біз және біздің балалар.- Жалын. Алматы, 1979ж-380бет

11. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.

12. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225 б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектептен тыс жұмыстар бойынша баяндама

Автор: Сайлаубеков Есбол Нурланович

Дата: 30.11.2016

Номер свидетельства: 364243

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Баяндама «Ата-аналарды? бала т?рбиелеудегі жауапкершілігі туралы» "
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-ata-analardyn-bala-t-rbiielieudieghi-zhauapkiershilighi-turaly"
    ["file_id"] => string(6) "170655"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423578550"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама Ата-аналарды? бала т?рбиелеудегі жауапкершілігі"
    ["seo_title"] => string(65) "baiandama-ata-analardyn-bala-t-rbiielieudieghi-zhauapkiershilighi"
    ["file_id"] => string(6) "286974"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454421228"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама"
    ["seo_title"] => string(51) "ekologhiialyk_bilim_mien_t_rbiieni_damytu_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "380306"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1484632899"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "«Айма?ты? компонентті ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндері бойынша ?олдануды? тиімділігі» "
    ["seo_title"] => string(91) "aimak-tyk-komponientti-k-azak-tili-mien-diebiieti-p-ndieri-boiynsha-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "236315"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444034527"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Дене т?рбиесі - салауатты ?мір салтыны? негізі.(баяндама) "
    ["seo_title"] => string(59) "dienie-t-rbiiesi-salauatty-omir-saltynyn-nieghizi-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "195521"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427911340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства