1. Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
2. Баскетбол ойынының ұйымдастырылуы
3. Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді.Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасы мен бағдарламасы және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген.
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесі мәселелерін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен екінші дәрежелісін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар. Дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыруды іске асыру балып саналады.
Мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге бола өз шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
- сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың техникалық және тактикалық қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарас жасалмаған;
- ойын тәсілдерін меңгерудің орындалған детерминанттары жеткілікті дәрежеде атқарылмай қалғандықтан, динамикалық ойын жағдайларын және үйретудің құрылымды-қисынды кестесін жобалауды едәуір қиындатады;
- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдері елестетудің әртүрлі түрлеріндегі мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі статусы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Баяндалған мәліметтер бойынша тұтас педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасына үйретудің бастапқы кезеңін сабақтар жүйесінде келесі әдістемелік көзқарастарды іске асыру есебінен едәуір жақсарту мүмкіндігі қарастырылды:
- кезеңдер бойында ойын техникасы тәсілдерін қалыптастыру;
- динамикалық ойын жағдайлары (модульдері) негізінде оқу материалы мен оқу сабақтарын құру мазмұнын іріктеу.
Мектептегі денешынықтыру пәнінің бағдарламасындағы баскетбол ойынының мінездемесі, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
Ғылыми зерттеулердің теориялық материалдарын, практикалық тәжірибесін жинақтау негізінде жазылған осы тарауда дене шынықтыру сабақтарында жас баскетболшылардың спорттық-техникалық даярлығының бастапқы кезеңін ұйымдастыру мәселелеріне психологиялық-педагогикалық талдау жасалған.
Осы мәселенің педагогикалық теория мен практикада ұйымдастырылуындағы түрлі салалары мен жасалу дәрежесі ұсынылған. Дене шынықтыру сабақтары жағдайларында баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін, техникасын қалыптастыру арқылы технологиялық-педагогикалық басқарудың шарттары мен мәнді кездері анықталған. Осы проблеманы шешуге арналған қазіргі көзқарастардың қағидалары мен идеяларын психофизиологиялық тұрғыдан негіздеу көрініс тапқан.
Сыныптағы оқушылар саны, аптадағы сабақтар саны және олардың ұзақтығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық–нормативті құжаттары арқылы белгіленеді. Мектептегі негізгі жұмыс түрлері топтық сабақтар, сұхбаттар, үй тапсырмалары, спорттық жарыстарға қатысуы, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептерге спорттық сабақтар мен жарыстар ұйымдастыруда көмек көрсету болып табылады [Н.А. Ачкурин, 2003; В.К. Бальсевич, Л.И. Лубышева, 2003].
Оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан-жақтылық, саналылық пен белсенділік, бірте-бірте жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық. Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны даярлаудың мүмкіндіктері мен деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта пайдаланылады.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән компоненттер- мақсат, жалпы және арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын, нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны болады.
Оқушылардың баскетбол сабақтарының оқу-тәрбие үдерісіндегі бастапқы кезеңі баскетбол қозғалыс әрекетінің көптігімен, алуан түрімен сипатталады. Оған жүгіру, жүріс, секіру, лақтыру, қағып алу мен лақтыру, күш және қозғалысты үйлестірудің түрлі жаттығулары кіреді. Бұл жаттығулар ойыншылардың өз командасымен және бәсекелес командамен өзара әрекеттесу жағдайында орындалады. Оқушының ойын барысындағы әрекетінің тиімділігі ойын жағдайына тез баға беріп, ойыншылардың әрекеттерін шапшаң бағалауына, техникалық тәсілдерді жетілдіруіне, дене жағынан дамуына байланысты болмақ.
Арнайылық бағдарлауға қабілетті дамыту мектептердегі сабақ өткізу жүйесінде маңызды орында болуы тиіс, ол кешенді көрсеткіш болып табылады және оқушының жеке-дара қабілетімен анықталады. Аталған бағдарлауды дамытудың сыртқы әсері 9-12 жаста байқала бастайтыны анықталған. Осыған байланысты оқытудың бастапқы кезеңінде оқу үдерісін қозғалыс дағдысын және ептілікті игеруді, балалардың бойында қозғалыс міндеттерін нақты жағдайды талдау негізінде, өздігінен шеше алатындай етіп тәрбиелеумен бірігетіндей етіп құруға кеңес беріледі. Бұл үшін аңғарғыштықты, көру алаңының көлемін, күрделі әрекет ету шапшаңдығын, бір қимылдан екіншісіне тез арада өтуді дамытуға бағытталған дайындық және арнайы жаттығуларды кеңінен қолдану қажет. Ұдайы өзгеріп тұратын жағдайдағы жаттығуларды қолдану да және оларды орындауды өзгертіп тұрудың да маңызы зор.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер оқудың кез-келген түрін ұйымдастыру кезінде немесе оның қандай да бір стандартты формасында автоматты түрде жүзеге аса қоймайды. Мұның өзі спорттық ойындар техникасының күрделігін және олардың орындалу маңыздылығын көрсетеді.
Қозғалыс қимылдарына үйретудің технологиялық тұжырымдамалары және оларды баскетбол сабақтарында ойын техникасын игеру үдерісінде қолдану барысында оқушыларды қарапайым ойын кезінде тәсілдерді қолдануға жетелейтіндей етіп, жағдайды күрделендіру қажеттігі қарастырылып отыр.
Жасөспірімнің бойында қозғалыс дағдысы мен икемділігін қалыптастыру ұтымды қимылдарды әрі қарай жетілдірудің негізін салады. Жасөспірім жекелеген бөліктерді емес, сабақтың басынан бастап тұтас жаттығулардың техникасының негізін меңгеруіне ұмтылу керек. Жасөспірімдермен сабақ өткізгенде баскетбол техникасының негіздері әдетте, жеңілдетілген жағдайда оқытылады. Арнайы дайындықты және дене шынықтыруға жақындатылған және арнайы дайындайтын жаттығулар кешені кеңінен қолданылады.
Баскетболда спорттық-техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір НТН бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп, қимылға үйрету дегеніміз- бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
2 Баскетбол ойынының ұйымдастырылуы
Баскетбол ойыны бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқу үдерісін жаңғырту оқушылардың ойын әлуетінің қалыптасу процесіне тигізер объективті факторлардың сипаты туралы нақты түсінік алу үшін сабақтардың жүйелілігін, олардың баскетбол бойынша бағдарламасына сәйкестігіне мақсатты бағыттылығын талдау мәселесі қарастырылады. 1 кестеде мектептегі оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудың типтік жағдайларын: негізгі міндеттерін, дайындық түрлерін және соларға бөлінген уақытты сипаттайтын материалдар берілген.
1 кестеден көретініміздей, дайындықтың барлық түрі бойынша оқытудың 3 жылының әр жылында сағаттар саны бірдей бөлінген, жекелеген азайтуларды (мысалы, ЖДД, СДД, техникалық дайындық) оқушылардың жоспарланған дайындық деңгейіне қол жеткізгендігімен және ойын мен жарыс тәжірибесінің күш салуымен түсіндіруге болады.
Техникалық дайындық әдістемесін мұғалімер кезеңді үдеріс деп қарастырады, онда әр кезең үшін техниканың негізгі буыны мен бүге-шүгесін игерудің жеке міндеттері қалыптастырылады. Мұғалімдер арасында оқытудың әрбір кезеңі (мерзім) үшін оқыту құралдарын таңдап алу, сондай-ақ беру мен лақтыруда қолдардың қимылының нақтылық параметрлерін қоюдың интегративті қадамдарын қолдану қиындық тудырды. Техникалық тәсілдерді жетілдіруді мұғалімдердің 70% дербес тапсырма беру арқылы ойын тәжірибесінде жүзеге асырады.
Келтірілген материалдардан көретініміздей, ойын әрекеті жүзеге асқан әрбір жылдық циклмен біршама өзгеріп тұрады. Бұл жағдай жеке-дара дамудағы танымның тездетілуіндегі оқытудың басты рөлін және оқушының ойын тәжірибесінің біршама бөлігін құрайтын, қозғалыстар мен арнайы әрекеттерді игерудегі техникалық дайындық әдістемелерін растайды.
1 кесте - Баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру
Негізгі міндеттер
Дайындық түрлері
Бөлінген уақыт
5 сынып
6 сынып
дене жағынан қалыптасу қасиеттерін тәрбиелеу
теориялық ЖДД
8/1,5
118/22,1
18/3,3
108/20,0
ойын техникасы тәсіліне үйрету («техника мектебі»), оларды тактикалық әрекетте жетілдіру
СДД
техникалық
тактикалық
ойын
67/12,5
96/17,4
38/7,1
60/11,2
58/10,7
93/17,2
49/9,1
60/11,1
тактикалық әрекеттерге үйрету (жеке және топтық) және оларды ойын кезінде жетілдіру
жарыстар
бақылау сынақтары
медициналық тексеру
30/5,6
12/2,2
-
30/5,5
12/2,2
4/0,4
жарыс әрекетіне тарту
спорттық лагерлер
108/20,2
108/20,0
барлығы:
534
540
Ескерту: алымда дайындық түрін жүзеге асыруға кеткен уақыт берілген, ал бөлгіште- осы уақыттың оқудың жалпы уақытындағы үлесі (%).
Ойын әрекетінің өлшемдерімен қатар біз психомоторлық қабілеттердің динамикасын да ұдайы бақылап отырдық, білетініміздей, олар баскетбол ойыны техникасының тәсілдеірне үйретудің материалды негізін құрайды.
Баскетбол ойыны бойынша сабақтың педагогикалық ұстанымдары және жаңғырту шарттары оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мәселенің ғылыми негізделуін, әдістемелік негізгі қағидаларды анықтауды, оларды жүзеге асырудың шарттары қарастырылады. Аталған шаралардың жиынтығын біз оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы кезеңін жетілдіру және жоспарлы нәтиже алу үшін қазіргі заманға сәйкестендіру деп қарастырамыз.
Спорттық педагогикада үйренуді жаңа бастаған оқушының дайындығын және оқу-тәрбие әрекетіне дайындығын білдіретін жеке қасиеттері кіретін жағдайды жүйелеуге деген талпыныс спорт түрінің функционалдық құрылымын талдауға негізделеді. Және бұл кезде оқушының бойында болашақта спорттық биік нәтижелерге қол жеткізу қабілеттерінің әлуеті болуына баса назар аударылады. Сондықтан, оқушылардың оқу-жаттығу әрекетіне дайындығын жүзеге асырудың барлық қағидалары, жағдайлары мен жолдарын зерттеудің бірегей пәні ретінде, тұтас құбылыс ретінде қарастыру қажет.
Оқытудың мақсаты мен міндетін, мазмұнын, түрі мен сабақтың әдістерін құрастырғандағы, зияткерлік көзқарасы мен қозғалыс құрылымдарының бірлігі эксперименталді сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісін құрудың негізін қалаушы қағидасы болып табылады. Осы қағида негізінде оқушының оқу-жаттығу әрекеті үдерісіндегі жан-жақты даму идеясы, ойынның толыққанды түрде және қанықтылығында ойын әрекетін игеру үшін шынайы алғышарт пен мүмкіндіктер түзетін, баланың рухани, сезімталдық, эмоциялық-тұтынушылық, зияткерлік және қозғалыс саласының тығыз байланысы мен байланыстылығы туралы идеясы жатыр.
Мазмұны бойынша ол әлеуметтік және биологиялық, қоғамдық және тұлғалық типтік және жеке-дара өзара шарттылығында және бірлігінде адамның мәнді тану мен қатар өмір сүру қажеттілігін көрсететін, теориялардың жалпы ғылыми қағидаларымен және тәжірибесімен тығыз байланысты. Осы идеяларға сәйкес, оқушының ойын әрекетін қалыптастыру арқылы, әлеуметтік және психофизикалық дамуы көбінде білімді белсенді және саналы түрде игерудің білім алу үдерісінде жүзеге асатыны туралы сенімді түрде айта аламыз.
Оқушыларды дайындауды басқарудың шынайы мүмкіндіктері жақсы дамитын және жаттығудың жоғары нәтижесін қамтамасыз ететіндей, басқа да бейімдері мен қабілеттерінің дамуына жеткізетін мүмкіндіктерін анықтап, реттеуге байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, даралау қағидасы оқу мазмұны мен дене шынықтыруға түсетін салмаққа барабарлық қағидасымен түйіседі.
Қозғалмалылық қағидасы сабақтың мазмұнын үздіксіз дамыту қажеттілігін, қолданатын жаттығуларды, әдістерді, сабақ жағдайларын және түсетін салмақ күшін, оның көлемі мен қарқындылығын ұдайы жаңартуды және күрделендіруді қажет етеді. Оқушыларға қойылатын талапты ұдайы арттыру ең алдымен берілген тапсырмалар мен салмақ күшінде, олардың жас ерекшеліктеріне, жынысына және дара қасиетеріне қарай, жоспарланған мерзімде жағымды нәтижелерге қол жеткізулерімен байланысты. Жаңа, күрделі тапсырмалар мен жаттығуларға өту, техникалық дайындық барысында алдыңғы оқу материалын толық игергенде ғана, ағзаның қызметтік және құрылымдық өзгерістері, әсіресе, дене жағынан және психомоторлық қасиеттерінің даму деңгейіндегі өзгерістері ескеріліп, жүзеге асуы керек.
Осы қағиданың жалпы қисынының басқа қадамы оқушының жеке жетістіктерінің үдемелі жетлуін қамтамасыз ету және осы негізде ойын әрекетін өзі бағалай білуді қалыптастыру қажеттілігінде көрінеді, оқушы бұл кезде нәтижелерден ғана емес, әрекеттің өзінен де қанағат алады, себебі, ол ойын кезінде өз қабілеттерін жүзеге асырып, өз мүмкіндіктерін толығымен ашады.
Осы ұстанымдарды оқытудың бастапқы кезеңінде де жүзеге асыруға болады. Бұны жүзеге асыруға қазақтың көптеп саналатын қозғалмалы ойындары бар, олардан баскетбол ойындарының тәсілдерін де, нақты тактикалық үлгіні де көруге болады. Ойынның белгілі кезеңі жасалатын динамикалық ойын жағдайлары бұнда маңызды рөль атқара алады.
Осы қағиданың ережелері оқу үдерісіндегі дене шынықтыруға түсетін салмақты түбегейлі өзгертуге жеткізеді: алаң көлемін ойыншылардың санын, ойын уақытын, дене жаттығуларының санын және қайталау санын азайтуға (ұлғайту) мүмкіндік береді. Үйренуді жаңа бастаған оқушыларда жоспарлық тиімділікпен қоса бұл тәсілдер алаңды бағдарлауын дамытады, ойын жағдайына қарай өзін қалай ұстаудың ұтымды тәсілдерін таңдау икемділігін қалыптастырады.
Айтылған әдістемелік қағидалар белгілі бір жағдайлар болған кезде ғана толығымен жүзеге асуы мүмкін. Біздің жұмысымызда осы қағидаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізгі шарттары анықталды:
- оқу үдерісін ұйымдастырғанда көзқарас, зияткерлік және қозғалыс құрылымдарының тұтастығы оны оқу, практикалық, ойын дайындығы және өзіндік жұмыстың инновациялық әдістерінің мазмұнына енгізуді болжамдайды;
- жас баскетболшылардың жан-жақты дамуы үшін қозғалыстың кешенді тапсырмаларын жасау мен қолданудың ғылыми логикасын қадағалау шарттары, дайындық түрлерінің бірлестікті қағидаларына сәйкес келеді;
- сабақта үйрету құралдары мен әдістерін оқушының ағымдағы жағдайына қарай сауатты қолдану шарттары, оның қозғалыс тапсырмаларын орындауға дайындығы сабақтың мазмұнын динамикалық жаңалап отырудың қағидасына сәйкес келеді.
Баскетболға үйрету сыныптарындағы оқу үдерісін жетілдірудің қағидаларымен шарттары, сол қағидаларды жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізгі шарттарын қадағалағанда ғана орындалуы мүмкін: тұтастық қағидасы; жұмыстың ғылыми қисыны және қозғалыстың кешенді тапсырмаларын орындау; жеке-даралық қағидасы және т.б.
Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы кезеңіндегі технологиялық көзқарасы оқу-ойын әрекетінің ұсынылған құрылымдық элементтері - алда тұрған оқу үдерісі және оның болашақтағы нәтижесі туралы ақпараттың жалпылану дәрежесі бойынша өзара айырмасы бар мақсат, жоба, жоспар мен орындау, оқытуды басқарудың түрлі деңгейлерін жүзеге асыратын және оның әр деңгейінде өзіне тән арнайылық мәселелер кешені шешілетін бағдарлама түрінде беріледі, оны үлгіден көруге болады (2 кесте).
2 кесте - Техникалық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі оқушы-баскетболшының үйрену әрекетінің нормативті құрылымы
Мақсатты айқындау
Жобалау
Жоспарлау
Орындау
допты қағып алу
1 жоба
1 жоспар
нәтиже 1
допты шығыршыққа тастау
2 жоба
2 жоспар
нәтиже 2
допты беру
3 жоба
3 жоспар
нәтиже 3
допты алып жүру
4 жоба
4 жоспар
нәтиже 4
Үлгіден, оқу әрекетінің нормативті құрылымы оның элементтерінің өзара байланысының екі түрімен түзілгенін көрсетеді. Біріншіден, онда басқарудың бір деңгейінен екіншісіне өтуіне және осы әсердің нәтижесіндегі кері ақпаратты алуға жауапты басқарушы командалардың субординациясының байланысы бар. Бұндай байланыстың мысалы – мақсат, жоба, жоспар.
Екіншіден, онда жаңа бастаған ойыншыға ойынның бір тәсілінен кейін екіншісін игеруіне өтуіне және игерудің түрлі тәсілдерін бір деңгейде салыстыруға мүмкіндік беретін бағдарлар байланысы берілген. Баскетболдағы, субординация мен бағдардың толық байланысы түрінде көрсетілген ойын әрекетінің құрылымын біз әрі қарай нормативті құрылым (тұтас) деп атаймыз, және соған сәйкестікті оқушы-баскетболшылардың ойын әрекетінің қалыптасуының маңызды белгісі деп санаймыз.
Технологиялық қадамды жобалаудың екінші кезеңінде біз назарымызды баскетболдағы ойын әрекетінің бағдарлы негізін, ойыншының санасында ойынның мәнін қабылдауының алға жылжуын, осы мәнге жетудің жолдары мен тәсілдерін қалыптастыратын, элементтерін құрастыруға бағыттадық.
Оқушыларды жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың технологиялық қадамы педагогикалық технологияның маңызды белгілерін ескеруді міндеттейді: технология- процессуальдық санат; технология объект жағдайының өзгеру әдістерінің жиынтығы түрінде берілуі мүмкін; тиімді және экономикалық үдерістерді жобалауға және орындауға бағытталған технология.
3. Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру
Оқушылардың техникалық дайындығының және дене жағынан жетілуінің, жалпы, олардың бойында ойын әрекетін қалыптастырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуші қадамды біз оқу-тәрбие процесіне бастапқы үйретудің бірінші жылында, яғни, 4 сыныптан бастап жүзеге асырдық.
«Динамикалық ойын жағдайлары негізінде (модульдер) баскетбол бойынша оқушылардың техникалық даярлығын жетілдіру оқыту үдерісіндегі модуль бірнеше қызмет атқарады, және біздің еңбегіміздегі оны рәсімдеуге бірқатар талаптар қойылуы қарастырылады.
Нормативті келісілген ойын әрекетінің тікелей көрінісі ретіндегі, екі бағытта жүргізілген, техникалық дайындықтың қалыптасу динамикасының салыстырмалы талдауы: біріншіден, эксперименттік және бақылау топтары арасында әртүрлі әдістемелік қадамдарды қолдана отырып, ойын техникасының тәсілдерін қалыптастырудың бірқатар маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Ерекшеліктердің біріне ойын техникасының негізгі тәсілдерінің қалыптасуын, сондай-ақ, ойынның жоспарлы нәтижесіне жеткізетін, белгілі бір қозғалыс міндеттерін шешудегі негізгі тірек нүктелерін орындау сапасын бақылаудың білімі мен әрекетін жатқызуға болады. Бұндай білімдер мен әрекет ЭТ сынаққа алынғандардың 75-80% байқалды. Ойын тәжірибесінің түрлі нұсқаларындағы (кедергісіз және қарсы әрекет жағдайында, салмақ түсуден бұрын және кейін) техникалық-тактикалық өзіндік дайындық туралы арнайы білімді дифференцациялау сынаққа алынушының біліктілігінің қалыптасуының және оның техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің артуының сапасын сипаттайды.
Басқа ерекшеліктің бірі – қалыптасқан бағдарлы әрекетті, техникалық дайындығын және ойынның түрлі жағдайларында ұтымды әрекет етудің икемділігін қолданып, сынаққа алынғандардың ойын мақсатына жетуінің мүмкін дерлік көптеген қадамдарының ішіндегі қабілеттерінің пайда болуында және жетілдіруінде жатыр. Бұндай өзгеріс ЭТ cынағына қатысушылардың 68-70% тіркелген. Аталған қабілеттердің пайда болуы -ақыл-ой және тәжірибелік әрекетті оқу және ойын әрекетіне ауыстыру мүмкіндігін ашады.
Сөйтіп, жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде ойын техникасы негіздерінің қалыптасуын зерттеу, ұдайы динамикалық байланыста болып келетін, оқушылардың дене жағынан, техникалық және ойын дайындықтары жалпы және арнайы педагогикалық әсерлерге байланысты екендігін көрсетті. Бұндай байланыс оқушыларды дайындаудың құралдары мен әдістерін (технологиясын) және олармен сабақ өткізудің әдістемелерін құрастыру қадамының мәнін күн ілгері анықтап берді.
Осының барлығы, оқу және ойын әрекетіне қажетті, баскетбол ойыны техникасын бастапқы кезеңде меңгерудің маңыздылығын дәлелдейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы білім беру мектебінде оқытудың бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды жүзеге асыруға және келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Мектептегі дене шынықтыруда оқушылармен жұмыс кезінде психологиялық, морфофункциялық даму деңгейін, дене жағынан, техникалық дайындығын ескерудің қажеттілігі туралы түсінік берік орныққан. Бұл жағдай заңдылық деп саналады және оқу-тәрбие сабақтарын өткізудің тиісті мазмұны мен ұйымдастырудың әдістемелерін қолдануға бағыттайды. Алайда бұл заңдылық спорттың түрлеріндегі, соның ішіндегі баскетболдағы көрініс беруінің арнайылығын білдірмейді.
Әдеби туындыларда және спорттық-педагогикалық тәжірибеде бұл алуан түрлі нұсқаларда көрініс береді. Нәтижесінде дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақты өткізудің нақты құралдарын таңдап алу мен ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті білімдері жоқ, тиісті міндеттерді ішкі түйсігімен, ең бастысы, жеке педагогикалық және спорттық тәжірибесін басшылыққа алып, шешеді.
Басқа авторлар жүргізген зерттеулерде, оқушылардың дене шынықтыру үдерісін жетілдіруді зерттеудің объективті маңыздылығын атап өтеді. Оқушылардың дене жағынан, техникалық дайындығы көрсеткіштерінің төмендеу себептерінің бірі- бағдарламалық құжаттарда мектептегі дене шынықтыру негіздері бойынша жұмыстың бағдарының жоқтығы. Оқу-тәрбие жұмысын оқуларды дайындауды бейімдеуге өту мәселесі де өз шешімін күтіп тұр.
2. Жалпы мектеп бағдарламасын орындау оқушылардан ақыл-ой және денені жетілдірудегі қабілетілігінің жоғары деңгейін талап етеді, ал бұлар дене шынықтырумен және, спортпен, соның ішінде баскетболмен жүйелі түрде айналысқанда дамиды: а) жоғарыда аталған факторлардың барлығы қандай да бір түрде дене шынықтырудың мектептегі бағдарламасында ескеріледі. Сонымен қатар, осы бағдарламаға бір жағынан, мазмұны тұрғысынан, екінші жағынан- оны ұйымдастыру мен өткізудің әдісінде жаңаланған мазмұн мен дене жаттығуларын орындаудың реттілігіне түзетулер енгізу қажеттігі туындап отыр; ә) дене жағынан қалыптасу қасиеттері оқушылардың осы контингентіне қойылатын талаптарға сай болмай отыр. Бұл туралы олардың дене жағынан қалыптасу қасиеттері деңгейінің төмендегі дәлелдеп отыр; б) мектептегі қалыптасқан дене шынықтыруды әдістемелік қамту да қажетті деңгейіне жетпей отыр. Осы тұрғыдан алғандағы динамикасының оң болуына қарамастан, бірқатар мәселелер өзгертуді және жаңалауды қажет етеді; в) баскетболшының дене шынықтыру жүйесінде қолдану, осы негізде оқу-тәрбие үдерісін және үйретудің нәтижелері мен оның барысын педагогикалық бақылауды ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушыларымен баскетбол техникасының негіздеріне үйретудің бастапқы кезеңін жетілдірудің балама бағыттары ретіндегі технологиялық қадамын жасаудың негізі бола алды.
3. Оқушыларды баскетболға үйретудің бастапқы дайындығы кезіндегі технологиялық қадамның негізгі құрылымдары: мақсатты- баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін кезеңдеп қалыптастыруға және жан-жақты дене жағынан дайындығы мен психомоторлы үдерістердің үндесе дамуына бағытталған; ұйымдастырушылық- оқу-тәрбие үдерісін жоспарлы даралауды жүзеге асыру үшін модулді оқытуды жобалаумен байланысты; бақылау- жекелеген операциялар мен қозғалыс қимылдарын дер кезінде түзету үшін ойынның техникалық тәсілдерінің өлшемдерін өзіндік бақылаудың объективті бақылау қызметін қалыптастыруды білдіреді.
Құрылымдық бөлімдерге сәйкес қозғалыс әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру негізінде баскетболды үйреніп жүрген оқушылардың техникалық дайындығының технологиясы негізделген.
4. Оқу үдерісінің бастапқы кезеңіндегі модулдік оқыту баскетболшылардың интегралды дайындығының талаптары, әдістері мен құралдары түріндегі динамикалық ойын жағдайларын қарастырады.
Оқу үдерісіндегі динамикалық ойын жағдайлары ойын және оқу тәжірибесін, оқушылардың қысқартылған, дене жағынан қалыптасудың қарқындатылған қасиеттерінде белсенді ойын әрекеттеріне дайындығын қалыптастыруды моделдеуге қажетті және жеткілікті, бірегей динамикалық жүйеге жалпы мақсатта біріктірілген әрекеттердің жиынтығы түрінде қарастырылады: а) Дене жағынан және техникалық дайындықтағы, экспериментті режимде оқитын оқушылардың психомоторлы үдерістерінің өтуіндегі қол жеткізілген оң өзгерістер оқу үдерісінің бастапқы кезеңінде технологиялық қадамды қолданудың тиімділігін дәлелдейді; ә) алынған материалдар оқу үдерісін технологиялық қадамды қолдану негізінде ұтымды басқару мүмкіндігі туралы ережелер бойынша жалпы білім беретін мектептерде баскетболға оқытудың бастапқы кезеңінде теориялық және тәжірибелік базасын кеңейтуге, динамикалық ойын жағдайлары сабақтарында жүзеге асырғанда үйрету әсерінің және денеге түсетін салмақтың өлшемдері мен талаптарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Жан-жақты талдау, алдын ала жүргізілген сараптама мен эксперименттік мұқият тексеру біздер ұсынған ғылыми болжамның растығын дәлелдейді және мектептегі дене шынықтыруды бұдан әрі тереңдете дәлелдеуге негіз бола алады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005 2. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994. 3. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп. 2005ж. 4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2) -Б.262-264. 5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы. № 4. – Алматы, 2005. –Б. 28-31. 6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б. 7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан тағлымы 14» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Т.6.- Көкшетау, 2009. – Б.222-224. 8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005. 9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001. 10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.