Шахмат ойыны-балалар?а тек ?уаныш сыйлайтын ойын ?ана емес, ойлауды дамытуды? тиімді ??ралы.Шахмат ойынына ?йретуді? ал?аш?ы баспалда?тарын к?рсету-балаларды ке?істікке ба?дарлай алу ?абілетін дамыту?а, ойлауды? аналитикалы?-синтетикалы? жолдарын, ой т?жырымдарын жасау, есте са?тау, ?орытынды жасай алу ?абілетін, іс-?рекетін болжауды дамыту?а к?мектеседі.
Шахматты біз осы уа?ыт?а дейін ойын деп ?абылдап келдік. Ал, тере?ірек ??ілсек, шахмат -адамны? а?ыл-ой дамуына ы?пал ететін білім.
Осы орайда Елбасы тікелей эфирдегі д?рісінде шахматты? т?нып т?р?ан есеп екенін айта келіп, "есепке ж?йрік адам математиканы еркін ме?гереді" деген болатын. Сонды?тан, шахматпен математика, ?ылым мен ілім-?штасып жат?ан т?тас ??ым деп т?сінуіміз керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шахмат ойыныны? негіздерін о?ытуды? тиімділігі »
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕУДЕ ШАХМАТ ОЙЫНЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аллабергенов Адылхан
Мұнайлы ауданы
№1 орта мектеп
Шахмат ойыны-балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойынына үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.
Шахматты біз осы уақытқа дейін ойын деп қабылдап келдік. Ал, тереңірек үңілсек, шахмат — адамның ақыл-ой дамуына ықпал ететін білім. Осы орайда Елбасы тікелей эфирдегі дәрісінде шахматтың тұнып тұрған есеп екенін айта келіп, «есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» деген болатын. Сондықтан, шахматпен математика, ғылым мен ілім — ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз қажет.
Шахмат (парсының сөзі шах мат – өкім етуші өлді деген мағынаны береді), серіктестерге арналған 64 тордағы 32 фигурадан (16 – ақ және қара түсті) тұратын ойын. Шахматтың Отаны – Үндістан. Ойынның қазіргі заманғы тәртібі негізінен Қайта өрлеу заманында (XV-XVI ғғ.) пайда болған, дегенмен оның тұтастай бірігуі тек осыдан 100 жыл бұрын ғана болған. Шахмат ойыны өнердің, ғылым мен спорттың түрлерін біріктіреді. Шахмат Үндістанда осыдан 2000 жыл бұрын пайда болды. Ол кезде ойын чатуранга деп аталды. Шахмат Үндістаннан Азияның шығысы мен орталығына тарады, ал V ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың басында ол Иранға келді. VII жүзжылдықта шахматпен иран монархиясының жеңімпаздары – арабтар танысты. Өздеріне жаңа болып көрінген ойын түрін олар шатрандж (парсының шатранг деген сөзінен шыққан) деп атады. Арабтар оны дамыта отырып, IX-X жүзжылдықтарға дейін таратты. XII ғасырдың аяғында католиктердің шіркеуі шахматты жасырын ойын есебіне қосты, бірақ ол ұзаққа бармады және XIV ғасырдың орта шенінде қайта ауыстырылды. Шахмат бильярдтан кейінгі екінші спорт ойыны болып табылады, осы ойын түріне арналып әлем чемпионаты өткізіледі. Ал 1878 жылы алғаш рет телефон арқылы шахмат ойыны өтті. 1888 жылы хат жазысу арқылы бірінші шахмат турнирі ұйымдастырылды. Шахмат ойынының ең ұзақ мүмкіндігі 5 949 жүрістен тұрады. Шахмат тақтасындағы мүмкін позициялардың 40 жүрістен кейінгі жалпы саны әлемдегі барлық бізге көрінетін электрондар санынан асып түседі
Шахмат әлемдегі кең таралған ойындардың бірі болып саналады.
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
1969 жылғы қазақ жазуының соңғы орыстандыру емле реформасына дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (санскрит chatur anga → пракріттер: chatur anja — төрт бұрыш → арабша: шатрандж) делініп келді. Үнді аңыздары бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігіне, әр түрлі әдемі комбинациялардың байлығына масаттанды.Ал осы ойынды ойлап шығарған дана оның қол астында екенін біліп, билеуші оған ерекше алғыс білдіргісі келді. Сонда әмірші үнді данышпанның кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді. Ал дана оны бидай дәнімен таң қалдырады. Берілген шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келессі шаршыларға бұрынғыдан екі есе артық (1 + 22 + 23 + 24 + … + 263 = 264 – 1) бидай дақылдары берілуі тиіс еді және билеуші осы санның қанша екенін білмей, оны данаға лезде беруді бұйырды. Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертен ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі данышпан айтқан сан бүкіл Үндістанның бидай дәндер санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндері санына жетпейді екен. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.
Шахматтың пайда болу тарихы туралы тағы да бір гипотеза бар. Осы гипотеза бойынша шахмат сиқырлы шаршылардан пайда болды. N тәртібі бойынша құрастырылған сиқырлы квадрат 1 және n2 аралығындағы бүтін сандардан тұратын n х n квадратты кестеден құрастырылған. Берілген кесте ерекшелігі: әрбір жол/бағана сандар қосындысы шахмат тақтасының екі маңызды диагональ сандарының қосындысына тепе-тең келеді. Саны сегізге тең сиқырлы шаршы үшін әрбір жол/бағана/маңызды диагональ қосындысы 260-қа тең. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандық математик ойлап тауыпты. Ал кейбір деректер бойынша, шахмат біздің дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Ирак және Үндістанда пайда болған. Алайда, бұл ойыны туралы дәлелді нақты ақпарат болмағандықтан, көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570 жылдан басталады деген тоқтамға келіп жүр. Шахмат туралы парсы дастандарында осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда пайда болған деп жазылған. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді.
Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник ілінді. Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары дауссыз. Археологиялық жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны білеміз. Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі ойыншылар ұтысқа адам қанын садақа еткен. Мысалы, Ежелгі Мысырда (б.з.д 1270 жылы) «тау» ойыны, Грекияда (б.э.д. V) «петтеия», ал Римде (б.э.д. I-II) «латрункули» деген құмарлық ойыны болған.
Тарихшылардың дін көпшілігі шахматтың ережесі Үндістанда шыққан дегенмен келіскенімен, кейбірі оның тарихын Қытай мен Месопотамиямен байланыстырып жүр. Арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете игеруіне жол ашты. Алайда, арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атады. VIII-IX ғасырларда Араб Халифатында «шатрандж» кеңінен таралды. Алайда, ислам тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермей үшін сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Бұл фигуралар қарапайым халықтың қалтасына ауыр тимеді.
Батыс Еуропада шахмат XI ғасырдан басталады делінгенмен ол бұдан екі ғасыр бұрын белгілі болды. XI-XII ғасырларда феодалдар арасында танылды. Ақшалай ұтысты Батыс Еуропа шарықтатып жіберген. Рим котолик шіреуі ойынға қанша тыйым салғанымен еш нәтиже бермеді. Кейіннен 1400 жылы тыйым мүлдем алынып тасталды. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар»,- деген екен.
Компьютерлік шахмат тақтасы (испандық нұсқа).
1947 жылы Испанияда Францеска Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының «Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың түрлері» атты дастан жазып қалдырған.
1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Алманияда осы тектес журнал жарыққа шықты. 1851 жылы Лондонда тұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867 жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды.
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі болғандықтан, балалардың логикалық ойлау, алдын-ала болжау, математикаға бейімделу қабілетін арттыру, жүйке жүйесін қалыптастыру, компьютерге тәуелділіктен арылтуға мүмкіндік туғызады. Түптеп келгенде шахмат адамның ми қатпарларын жақсы жұмыс істететін ойын түрі ғана емес, сонымен қатар маңызды саяси стратегиялық алаң. Шахмат партиясын апталап, тіпті айлап ойнауға болады. Ойында белгілі бір мақсат болғандықтан, сол мақсатты жүзеге асыруда айла тәсілдері де болады.Тақтадағы қияң-кескі күрестің жалпы барысын, негізгі жоспарды стратегия деп, ал жеке айла тәсілдерді тактика деп атайды. Бұл екі ұғым өте тығыз байланыста қарау керек. Жалпы алғанда стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен байытып отырған жөн. Өмірге бейімделуде де оқушылар стратегиялық жоспарлауды үйрену керек. Шахмат ойынын үйрету барысында оқушылар бойында стратегиялық жоспарды тактикалық тәсілдермен дамытудың тиімділігін арттыру үшін шахмат ойынының негіздеріне тоқталуымыз керек:
1. Фигуралар мен пешкілерді орталық алаңда топтастырып ойнау және орталық алаң үшін күрес. Бұл тәсілдің екі түрлі пайдасын оқушылар түсінуі керек. Бірінші пайдасы-ойыншының өз фигураларына еркін қимыл жасауға мүмкіндік береді. Екінші пайдасы-қарсы жақтың фигураларына маневр жасауға кедергі жасайды.
2. Фигураларды орналастырудағы кейбір ерекшеліктер. Оқушыға ойналып жатқан шахмат партиясының тағдырын көп жағдайда фигураларды тақта үстінде дұрыс орналастыру шешіп кетеді. Бұл тәсілді оқушыға үйрету-ойын барысында үстемдік, артықшылық береді. Оқушылардың өмірден өз орындарын иеленіп, бейімделуде бойына сенімділік қалыптастырады.
3. Шахмат партиясының басталуын үйрету. Шахмат ойынын бастау. Ереже бойынша жүрісті ақ жағы бастайды. Мүмкін, бұл оған артықшылықтар та берер. Мәселен 8 пешкімен 16 түрлі, екі атпен 4 түрлі жүріс жасауыңызға болады. Сөйтіп, оқушыға 20 позиция құра аласыз. Ал қара жағының жауап жүрісінен кейін мүмкін болатын позициясының санын есептеп көрсеңіз, ол 400 болады екен. Сонда математиктердің есептеуінше алғашқы 10 жүрістен кейін тақтадағы мүмкін болатын варианттарының саны 169.518.829.100.544.000. 000. 000. 000. болады екен! Осынша сан жетпес варианттарды ойнап шығу үшін бүкіл адам баласы фигураларды үздіксіз қорғап отырғанда, 217 миллиард жыл ойнау керек екен! Оқушыға осылардың ішінен дұрыс ережелерді таңдап алуды үйрету керек. Ол ережелер, шахмат ойынының теориясында дүние жүзі шахматшыларының ғасырлар бойғы тәжірибесінен келіп жинақталған. Оны оқыған, меңгерген оқушы өмірдегі өз таңдауынан жаңылмағанына көзі жетіп, нарықтың заңдылықтарынан шешім қабылдайтын тұлға болып қалыптасуына ықпал ете аламыз.
Жалпы алғанда, шахмат туралы оқушылардың көп кітап оқығаннан артығы жоқ. Әлемнің барлық жеңімпаздарының кітаптарын оқудың пайдасы зор. Эндшпиль бойынша Авербахтың Алёхиннің 1924, 1927 жылдары Нью-Йорк қаласында өткен супер – турнирлер жөніндегі кітаптарын, эндшпиль бойынша Дворецкийдің кітаптары мен мақалаларын оқуға оқушыларды баулу керек. Өйткені шахмат туралы білім-тәжірибе жеке бір партияларды талдаудан, қосымша ізденуден, арнайы әдебиеттерін пайдаланудан бірте-бірте жинақталады.
4. Дебюттің принциптері мен міндеттерін оқыту арқылы оқушыларға ширақ қимылдауды, алған білімдерін нақты, дәл қолдану перспективасын жүзеге асыруды, ойланбай артық қателіктер жібермеуді үйретеді. Дебют салатын үйдің іргетасы іспеттес. Іргетас жақсы қаланса, үйдің берік салынатыны кімге де болса аян. Демек оқушыларға дебюттің дұрыс басталуын үйрету ойынның бала өміріндегі аса маңызды шарттарын шешуге бейімдеудің басты құралы десек те болады.
Шахмат ойынының оқушылардың өмір тәжірибесімен, келешегіне бағыт бағдар беруде өзіндік ықпалына көз жеткізу үшін шахматтан әлемге танымал болған отандық қандастарымыз бен тәжірибелі әлемдік тұлғалардың өмір жолдарын үлгі етіп отыру шарт.
Кирсан Илюмжинов – бүкіл әлемге өте танымал тұлғалардың бірі. Қарапайым ғана қалмақ баласы бүгінде әлемнің 177 елінің басын қосып, Халықаралық шахмат федерациясының тізгінін нық ұстап отыр. Кирсан Илюмжиновтың Қазақстандық БАҚ-на берген сұхбатынан біраз өнеге алуға болады: «1993 жылы Қалмақ Республикасының Президенті болып сайланғанымда менің қол қойған алғашқы ресми құжаттарымның бірі шахматқа байланысты болғанын бүгін мақтанышпен айтамын. Осылайша «Шахматты дамыту және оны мектептерде оқыту» мәселесін сол жылдардан-ақ қолға алдым. Ешбір мемлекетте жоқ шахмат істері бойынша министрлікті құрдық. Қалмақ елінде өте қысқа мерзімде Шахмат қаласын тұрғызып, шахматтан халықаралық олимпиада өткіздік. Сол кездері көптеген орталық газет-журналдар қалмақтарға шахмат олимпиадасы не үшін керек деп мысқылдап, сөгіп жатты. Мені Остап Бендер деп атады. Ал менің арманым – шахмат арқылы қалмақ елін бүкіл әлемге, бүкіл әлемді қалмақ еліне паш ету ғана еді. Өйткені өз басым осыған дейін қалмақ жеріне шетелдіктердің келгенін көрмеппін. Иә, бірде болгарлықтардың, ал бірде моңғол делегациясының келгені бар. Сөйтіп 1998 жылдың қыркүйек айында Халықаралық шахмат олимпиадасын өткіздік.
Бүкіл әлем бойынша қалмақ жерінде бой көтерген жалғыз Шахмат қаласына дүниежүзінің 120 елінен екі мыңнан астам шахматшы жиналды. Олимпиада қалмақ балаларына қатты әсер етті. Осыдан кейін шетел тілін меңгеруге, шахмат ойнауға ұмтылушы қалмақ жастарының қатары күрт көбейді. Бүгінде қалмақ балалары 100 пайыз шахмат ойнайды десек те болады. Бір таңғаларлығы, бұл ойын мектеп оқушыларының интеллектуалдық деңгейінің жоғарылауына айтарлықтай әсер етті. Қалмақ оқушылары математика, физика, химия пәндері бойынша Ресейде өтетін көптеген додаларда топ жарып, жарқылдап көзге түсе бастады. Мұндағы оқушылардың жарыстарда неге жиі жүлделі орындарды иеленетінін анықтап, білу үшін тіпті Мәскеуден арнайы комиссия да келді. Ал мұның сыры – шахматта жатыр. Біздің елде балалар 4 жасынан бастап шахмат ойнайды»-деген.болатын.
Елбасы « Қазақстан білім қоғамы жолында» атты оқыған дәрісінде: «Мен әлемді шарлаған адаммын. Жақында әлемдік шахматшылар ассоциациясының жетекшілері, белгілі гроссмейстерлермен кездестім. Сонда шахматпен айналысатын балалардың оқу үлгерімі жоғары болатынын, әсіресе, математикадан үлгерімі жақсаратынын алға тартты. Жалпы саясаткерлер де, мемлекет басшылары да шахмат ойнауы тиіс. Өйткені бұл адамның алдағысын ойлауға, дұрыс қадамдар жасауға үйрететін ойын. Болашақта Астанада шахмат орталығы, арнайы шахмат академиясы ашылатын болады. Шахмат тақтасындағы піл, болмаса ат бейнесінде бой көтеретін бұл ғимарат елорданың тағы бір жан марқайтар рухани ошағына айналады деген ойдамын»-деп атап өтті. Сол шахмат орталығының иегерлері мен еліміздің шахматтағы зиялы қауымын тәрбиелеу ұстаз қауымының басты міндетіне айналуы керек. Себебі балаларымыз қазіргі заманға бейімделгені болуы шарт. Оның тиімді әдісі-шахмат ойынының негіздерін оқыту.
Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат, дойбы ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Ойынның ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады. Ұлы Абай айтқандай «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» демекшідей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат, дойбы ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Ж.Аймауытов, М.Жумабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С. Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да өз пікірлерін білдірген. Дүние жүзінің шахмат және дойбы жұртшылығы мен жанкүйлері осы ойынға ерекше көңіл бөліп келеді. Жастар арасындағы Алматы қаласында өткен былтырғы блиц-шахмат бойынша ІҮ - әлем чемпионаты біздің болашақ ұрпақтарымызға көп әсерін тигізді. Шынын айтсақ, мұның өзі тек Қазақстан үшін емес, сонымен бірге бүтін шахмат әлемі үшін де аса мәнді, спорттық маңызы зор оқиға болып саналатынына көзіміз әбден жетті. Қазір Қазақстанның әрбір аудан, облыс, қалаларында осы шахмат, дойбы ойындарының үйірмелері жыл санап көптен ашылып жатыр. Мұнайлы ауданы №1 орта мектепте шахмат спорт секциясы құрамында 17 бала тәлім тәрбие алуда. Жалпы көрсеткіштері аудан турнирлерге қатынасып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат және дойбы ойындары – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттін бір түрі болып саналады. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізеді.