Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: кедергілер, қапшық, қаламсап, апельсин, тәрелке, қасық, шырпы талдары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шынықсаң шымыр боласың!»
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың!»
Күні:
Мақсаты: Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: кедергілер, қапшық, қаламсап, апельсин, тәрелке, қасық, шырпы талдары.
Барысы:
Кіріспе сөз
Спорттық жарыс
Қорытынды сөз
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салаутты, өркениетті білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта 7-8 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз береміз.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Жарысты біз бастайық,.
Әділ қазы алқасын,
Қошеметпен таныстырайық!
Жарысты бастамас бұрын ойынымызды бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырайық.
Жарысқа қатысып бақ сынамақшы болған әр сыныптан құралған сайыскерлерімізді таныстырайық. 7а. 7б. 8а. 8б сынып оқушыларынан құралған сайыскерлер. Әр сыныптан 3 ұл бала және 3 қыз бала шығуы тиіс.
Сайыс шарттары: 1.Таныс болайық. 2. Кім жүйрік? 3. Кім тапқыр? 4. Сыңарын тап
5. Балық аулау 6. Біз бақытты баламыз 7. Поезд 8. Аққояндар 9. Апельсин шырыны
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болсақ, енді әрі қарай ойынымызды бастайық.
Таныс болайық:
Топтың аты
Топтың ұраны
Кім жүйрік?
Ойын шарты: Кедергілер арқылы жүгіріп келу. Бұнда жылдамдық есептелінеді.
Кім тапқыр?
Ойын шарты: Кедергілер арқылы жүгіріп барып, әр ойыншыға берілген есептің жауабын шешіп, кедергілер арқылы кері қайту.
Сыңарын тап.
Ойын шарты: Қазша басып кедергілермен жүріп өтіп, өз аяқ киім сыңарын мешок ішінен тауып, кері кедергілермен қазша жүріп қайту.
Балық аулау.
Ойын шарты: Тарелке ішіне су құйылып, ішіне шырпы талын салып қоямыз. Қасықты ауызға салып, қолдарын артқа қойып кедергілер арқылы жүгіріп барып, тарелке ішіндегі шырпы талын қасықпен алып қайтып өз тарелкелеріне салу керек.
Біз бақытты баламыз!
Ойын шарты: 3 қыз баланы 3 ер бала арқалап барып мәреге, кері қайтады.
Поезд.
Ойын шарты: Топ басшысы өзі кедергілермен жүгіріп барып келеді де бір-бірлеп тобындағы ойыншыларды тіркеп кете береді. Бірақ вагондарын тастамайды тобы біткенше.
Аққояндар.
Ойын шарты: Қапшық киіп алып кедергілер арқылы секіріп қайту.
Апельсин шырыны.
Ойын шарты: Кедергілер арқылы жүгіріп барып, өздеріне берілген апельсиннің шырынын ыдысқа толтыру арқылы ұпай жинау.
Сайысымыз аяқтала келді енді сөз кезегін әділқазыларға берелік.
Құрметті сайыскерлер жеңістерің құтты болсын, әрқашан денсаулығымыз мықты болсын. Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың!» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.