?лтты? рух пен ?лтты? т?рбиеге негіздеу-басты м?селе, Баяндама
?лтты? рух пен ?лтты? т?рбиеге негіздеу-басты м?селе, Баяндама
Болаша?ымызды ?лтты? ба?ытта т?рбиелеуде бізді? м?мкіндігіміз мол. Батыс м?дениетімен, білімімен б?секеге т?се алатындай ХХІ ?асырда рухы биік м?дениетіміз бен біліми ?леуетімізді ?алыптастыруды ?ол?а алу ?те-м?те ма?ызды. Рухы мен м?дениеті биік, білімі тере? де?гейдегі ?лт жа?андану деген алып м?хитты? ?стінде ?зіні? келбетін жо?алтпайды. Ондай ?лтты? да, мемлекетті? де болаша?ы жар?ын. Білім мен ?ылым- аса зор ?ндіргіш к?ш, ?лкен байлы?. Сонды?тан да ?лемдік жа?а идеология білім к?шіне с?йенеді. ?азіргі заманда?ы білім беру ж?йесіні? міндеті ?азіргі жастарымызды? білім алып ?ана ?оймай, т?рбиелі, ?депті, ?лтжанды, бір с?збен айт?анда, интеллектуалды болуын ?амтамасыз ету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лтты? рух пен ?лтты? т?рбиеге негіздеу-басты м?селе, Баяндама »
Тәжібаев Жасұлан Орынбайұлы
№34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының
дене тәрбиесі пәнінің І санатты мұғалімі
Ұлттық рух пен ұлттық тәрбиеге негіздеу-басты мәселе
Болашағымызды ұлттық бағытта тәрбиелеуде біздің мүмкіндігіміз мол. Батыс мәдениетімен, білімімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырда рухы биік мәдениетіміз бен біліми әлеуетімізді қалыптастыруды қолға алу өте-мөте маңызды. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең деңгейдегі ұлт жаһандану деген алып мұхиттың үстінде өзінің келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын. Білім мен ғылым- аса зор өндіргіш күш, үлкен байлық. Сондықтан да әлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді. Қазіргі замандағы білім беру жүйесінің міндеті қазіргі жастарымыздың білім алып қана қоймай, тәрбиелі, әдепті, ұлтжанды, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. Мектебіміздің педагогикалық әлеуеті болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру ісінде ғана емес, олардың азаматтық жауапкершілігін, отаншылдық рухын, елдік, мемлекетшілдік сана мен ұлттың ар-ождан сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде жинақтаған іс-тәжірибелері мол деп айтуға толық негіз бар..
Ал, ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, ұлттық адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттері, ізгілік сынды тағы басқа сапалық белгілер ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі болады . Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу . Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: «...Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..», – деп, атай келе «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...», – делінген. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін қызымет етеміз. Педагог тұлғаға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға белгілі.Баламен тең дәрежеде сөйлесу,сөйлесе отырып, мүмкіндігін байқау,баланың осал жері болса оның дауыс мәнеріне,ырғағына мән беру, тұлғаны тыңдау-мұғалімнің негізгі міндеті. Педаогог –ғалым, әдебиет зертеушісі М.Жұмабаев : «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан , балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек , сол уақытта бала өмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді» деген. Алдымызда отырған шәкірт-асыл тас секілді, қанша үйкелесең сонша жалтырайды. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету – басты міндетіміз. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, тауысу мүмкін емес. Адам қасиеттерінің арқауы-Ар, Ұят, Намыс, абырой ұғымдарын халқымыз қатты қастерлеген. Қазақ намысшыл халық. Халық даналығында: «Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді, Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді» -деуі соның дәлелі. Қазақ эпосы , батырлар жыры, зерделеп қарасақ,оқушыны намыстандырып, рухтандырып отырады. Отанды сүюдің негізі-ұлттық намыс.Ұлт намысына мінсең , алынбайтын қамал жоқ. Ел боламын десең, өз еліңе іс жүзінде өзің қожа боларлық дәрежеге жеткізуге міндеттісің. Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы жоқ. Мысал келтіріп өтейін Тәуке хан өз қолының қажыр-қайратын ,ақыл-парасатын сынау үшін ,бір сұрақ қояды:
-Мен мынаны білсем деймін . Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып,олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?
Сарбаздар ой теңізіне шомылып, алуан пікірлер айтады. Сонда Тәуке:
-Айтқандарыңның бәрі дұрыс.Ең асылы , қазақ еліне құдайдың құты және болашақта ауыз -бірлік ауадай қажет, Ол-халқымыздың мәңгілік қаруы , құт берекесі әрі жеңістеріміздің күретамыры-деп түйіндеген.
Бабаларымыздан қалған тағы бір аңыздарда шегірткеше қаптаған жоңғарларды көргенде қазақ жауынгерлері қатты сасыпты. Осы бір тұңғиыққа тірелген шақты тез түсініп,Тәуке хан сарбаздарының біріне : -Жылан тауып әкел деп әмір етеді. Әкелген жыланды ұстап,топтың алдында: - Бісміллә, Алла біздің жағымызда ,бейбіт жатқан ел едік, қазақ сахарасын қанға бояған жоңғарлардың басын былай жұламыз,-деп жыланның басын жұлып алады да:
«Алла жар болсын! Алаштың аруағы қолдасын ! Алаш! Алаш!» деп жауға ұмтылған екен. Жыланның басын жұлу себебі , жоңғарлардың туында айдаһардың суреті болған. Тереңнен толғайтын ,алысты болжайтын Тәуке ханның асыл бейнесі көз алдыңа келеді. Отан алдындағы борышыңды өтемей , жалпы адамзатқа қызмет ету мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі қазақ мектебінде ұлттық білім беру –ұлттың болашағына сәуле шашумен тең. Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие берумен қатар халықтың бик рухы мен ғасырлар бойы жинақтаған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлтының ұлы мұраттары мен ұлылығы ,ірілігі мен бірлігі,есендігі мен еркіндігі,намысы мен ынтымағы үшін білім-бірлігін сарқа пайдаланған, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген сол заманның тұлғаларының асы ойлары аспандай көнермей, көктемдей қартаймай, ұрпағына даналық сөздері жетіп отыр.
« Ойлау-асқан артықшылық және даналық»- дейді Гераклит. Буырқынған ойдан нұр сипатты асыл сөздердің алтын тізбегі сап түзейді. Заманымызда болған небір айтулы ұлттық қаһармандарға сипаттама бермейміз бе деп Абылай хан сұрағанда , Бұқар жырау :
«- Айтсаң Бәсентиін Малайсарыны айтсаңшы, үні жақсы еді, ашық көңілмен салыстырып отырушы еді.Қарауыл Қанайды айтсаңшы ,сөздің майын сөйлеуші еді.Бәрін айт та бірін айт –Қанжығалы Бөгенбайды айт. Ақылдың жатқан үйін табушы еді, күні кетті бейшара, кәрілікке не шара? Бұл өмірде асқан дана Қаз дауысты Қазыбек еді ғой» деп толқыған екен.
Атақты Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақ би бірнеше сөзбен тәрбиенің түгел бір педагогикалық жүйесін белгілеп берген: «Адамның басшысы- ақыл, жетекшісі –талап, шолушысы-ой, жолдасы-кәсіп, қорғаны-сабыр, қорғаушысы-мінез, сынаушысы-халық»Бұдан, «жастарымыз сегіз қырлы бір сырлы» болсын десек, ұлттық болмыс пен мінезді дамытуда және қалыптастыруда, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында ұлттық педагогиканың алатын орны ерекше.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994. 2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану // «Егемен Қазақстан». 3. Мырзахан А. Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие // «Ана тілі», 20 қазан, 2011. 4. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың рөлі //
Тәрбие- адам тағдырын шешетін иновация
Ерғали Жанар Рахыманқызы
Атырау қаласы, №23 орта мектептің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Еліміздің болашағы, дамуы, өркендеуі отбасының берекесі, бірлігіне тікелей байланысты. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады , ұстанған жолы дұрыс болады » деген даналық сөзі ғасырлар бойы қалыптасқан «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дегенді меңзегендей. Отбасы-береке-бірліктің қайнар көзі.Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ал ағайынның татулығы-атамекеннің тұтастығы. Көзбен көріп, қолмен ұстамағанмен, көкірегінде сәулесі бар қазақ баласы отбасы тірбиесінің қадір, қасиетін біледі. Әр отбасының татулығы-ел бірлігі. Адам құқығының бұзылмауымен бірге , ұрпақ құлқының бұзылмауын да назардан шығармауымыз керек. Әке- әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тіргі, асырап сақтаушысы, қамқоршы. Себебі бала тәрбиесінде қазақы әдет-ғұрып бойынша анадан гөрі әкенің тәрбиесі ,әкенің ақылы басым болған. Аталарымыз: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» ,«Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» , «Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес »деген нақыл сөздері осының айғағы. Ана мен қыз бала, әке мен ер бала арасындағы қарым –қатынас олардың бірін-бірі тереңірек түсінуіне жол ашады. «Баланы жастан» деп ұққан үлкендер олар дүниеге келісімен шыдамдылыққа, төзімділікке, үлкенді сыйлауға, кішіні қамқорлауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеген. Әкені cыйлау-әдептің бастау көзі. Демек балалар үшін әке беделі , аналарымыздың сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Елбасы: «Біздің еліміз –бәріміз бірге біртұтас отбасы ретінде құрып жатқан бейбітшілік пен келісімнің үлкен бір келісім үйі. Онда біздің бабаларымыз, немерелеріміз және барлық келер ұрпақ қауіпсіз, болашақта және әл-ауқатты өмір сүру үшін оны ғасырларға арнап тұрғыздық. Әркімнің басында баспанасы , оқуға, денсаулығын нығайтуға, лайықты жұмыс істеуге, дастарқанында ыстық нан болу мүмкіндігін қаладық. Бұл халықта болуы мүмкін ең қымбат дүниелер » деп санамызға жеткізіп айтты.
Адамзаттың басты құндылықтарының бірі отбасы екендігі дау тудырмайды. Қазақ елінің басты байлығы мұнайы мен газы емес, отбасының берекесінде. Отбасы-адам баласының ұрпақ өсіріп, сол ұрпағы арқылы өз өмірін мәңгілікке ұластыратын адамзаттың қасиетті ұясы. Ал сол отбасы құндылықтарымыз жойылып, қазаққа жат қылықтар етек жая бастағандығын көзбен көріп отырған соң мойындамасқа не шара. Қазіргі уақытта өз ата-анасы мен өз отбасы алдындағы ұрпақ жауапкершілігінің төмендеп бара жатқандығын жасыра алмаймыз. Нашақорлық пен алкогольдің етек алуы, қыз балалардың ибалы мінездерінен айрылып, жалаңаштанып, мұрындары мен кіндіктеріне сырға тағып, шылым шегуі, денелерінің қалаған жеріне оғаш суреттер (тотуировка) салуы, некесіз тастанды балалардың көбейуі-көкейкесті проблема болып , қазақы кескін-келбетіміз жоғалтып бара жатқандай. Бұл аздай, ұлттық рухы төмен ,өз ұлтына деген сүйіспеншілігі жоқ кейбір қазақ азаматтары өзге дінді қабылдап, есінен адасты.Осыған байланысты, отбасы құндылықтарының сабағын берер кез келген секілді. Бірақ кез-келген отбасыны отағасы мен отанасы сол тәрбиені беруге қабілетті ме? Бұрындары үлкен кісінің көзінше арақ ішу, мас болу ұят саналды. Қымбат көліктердің рөлінде отырып, темекіні будақтата шиырып бара жатқан қазақ қыздарын көргенде өзіңнен-өзің ұяласың. Дүниеге тіршілік әкелуші әйелдің махаббатын ,оның ұлылығын Ғабит Мүсірепов былай дейді: «Әйел барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып, оған көңіл төрінен орын берген. Қорқыт ата кітабында «Атасыз ұл –ақылға жарымас, анасыз қыз-жасауға жарымас», «Қызды тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» қанатты сөздері қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін байқатады. Бүгінгі бойжеткен-ертеңгі асыл жар, аяулы ана. Қыз баланың ең құрметті борышы –ана болу, бала тәрбиелеу. Көне ойшыл Ризауддин Ибн Фарудин әйелдер тәрбиесі , инабаттылығы жөнінде «Әйелдері тәрбиелі болған халық-тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық –тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі ,талантты болса , халық бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса, халықы тақыр кедей болады»деген
Ұл-абыройлы ырысың,
Әйел-үйдегі ырысың.
Қыз-түздегі өрісің
Келін –кеңейген тынысың деген киелі ұлттың ұрпағы емес пе едік. Күшті ұлттық рухпен қаруланған қазақ баласын ұлттық мектепте тәрбиелесек, ұлдарымыз жасық, қыздарымыз ашық-шашық жүрмес еді. Ортаңғы ұрпақтың өкілі белағаш сияқты , әкесіне жасаған құрметін келешек баласы өзіне жасайды. «Атаңа не қылсаң , алдыңа сол келеді» деген халық даналығында. Егер ата болса , ол ақыл айта білсе –ол ғаламат дүние. Егер ата, әже өз орнында болса , мұның өзі өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие мектебі. Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау-әрбір адамның борышы.
Төле би: Жездесіне қараған жерге қарайды,
Жиенге қараған желге қарайды,
Күйеуге қараған күнге қарайды,
Бұл үшеуі жақсы болса,
Халқым күнге қарайды . деген философиялық қуатты толғаныстарын жасайды . Мәні мен сәні өміршеңдік өнегесімен қызықтыратын ғажап сөздері тереңнен ой қозғап, отбасының бірлігі-отанның бірлігі дегенді туыстық қарым-қатынасқа байланысты айтады. Жақсы қасиеттерсіз бақытты болу, асыл арманға жету мүмкін емес. Ал осы жақсы қасиеттерді адам қайдан алады? Әрине, адам өзін дүниеге әкелген отбасы –алтын бесігінен, білім алған алтын ұя мектебінен, өмір сүріп отырған ортасынан алады. Адам қоғамнан, қоғам адамнан тыс болмайды. Зер салатын болсақ, ежелгі түркі жазбаларындағы тағылымдар, ақын-жыраулардың тәлімдері, кейінгі ғалым-педагогтардың еңбектеріндегі тұжырымдар жас буынды жақсы, ұнамды әдептерге баулып, тәрбиелі болуға үгіт-насихат жүргізеді. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ұрпағы , сара тілдің қас жүйрігі Бапан би жосылтып сыр толғап, желдей есіп отырғанда, тыңдаушылары тосыннан «Кімді қалай танисыз?» дегенде, былай деген екен.
Кісі болар кісіні кескінінен танимын. Кісі болар кісіні мүшесінен танимын. Жомарт болар кісіні табағынан танимын. Сараң болар кісіні қабағынан танимын. Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын. Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын. Іші сұйық әйелді күлкісінен танимын. Ақын болар жігітті дауысынан танимын. Палуан болар жігітті шалысынан танимын. Мерген болар жігітті атысынан танимын. Батыр болар жігітті сапысынан танимын. Бай болатын жігітті пейілінен танимын дегенде әр азамат біздің бір тұтас Отанымыздың қасиетті шаңырағын ұстар бір –бір уығы ғой дегенді меңзейді. Үлкендеріміз кенже баланы қартайған шақта қолдан шығармай ,баланың кішісі шаңыраққа ие болып қалатын ата-салтымыз қандай керемет.
Отбасы құндылықтарын сақтау және оларды ұрпақ санасына тереңірек сіңіре түсу үшін Елбасы ҚР-ның 2015-2020 жылдарға арнаған отбасылық қарым-қатынастарды , моральдік-этикалық және рухани өнегелік құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Болашақтың еншісіндегі жалпыұлттық бағдарламаның негізгі идеясы-бала тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды басты міндет есебіндегі құжат болатындығы анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан мектебі №9 , 2010ж
2. Егеменді Қазақстан , 30 қыркүйек 2014 жыл
Дүйсешова Айнаш Отарбекқызы Атырау қаласы №4 Гагарин атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Мамандықты таңдау- болашағыңды бағдарлау
Еңбек пен оқу-аға мен іні»- дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарғандықтан, оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар мен психологтар талмай зерттеп келеді. Шығыстың Аристотелі Әбу Насыр Әл-Фараби еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне байланысты: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді»деген болатын. Еңбек тәрбиесі туралы тағылымдық ой-пікірлер Қорқыт баба мұрасында да көрініс тапты. Баба нақыл сөздерінде «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес», – деп отбасындағы қыз бала мен ер баланы еңбекке баулуда ата-ананың үлкен рөлі атқаратынын айтады. Халқымыз бұл пікірді өрбіте отырып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар», – деп ой түйіндеген . Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, – деп ақылын айтады .
Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі ,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»,-дейді. Көп ұзамай он бірінші сыныптың әр оқушысы мамандықты таңдау мәселесіне тап болады.
Мамандықты таңдау-адам өміріндегі ең жауапты кезең. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арман , отбасы дәстүрін жалғастыру, жаңалыққа талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір мамандық алу керек болған соң жоғарғы оқу орындарына тапсырып жатады. Мамандық таңдау үшін оқушы өз бейімділігін тануы қажет . «Осы өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақ оны мазалауы керек. Тұлғаның көкейінде:
1.Мамандықты таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма?
2. Мамандық адамның қабілетіне ,бейімділігіне байланысты ма? 3.Отбасың мен достарыңның ақылына сүйенеотырып, мамандық таңдауға бола ма? 4.Ақша болса, мамандық қажет пе? 5.Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек пе? 6.Мамандық таңдау –күн көріс қамы десек қалай болады? 7.Қартайғанда мамандық таңдауға бола ма? 8. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауыкерек деген сұрақтардың жауабы 11сыныпқа бармас бұрын қойылып, сынып жетекші мен технология пәнінің мұғалімдері оқушының деңгейін бақылап ,бағытын дұрыс сілтесе, мамандық таңдау дұрыс жолға қойылар еді.
Олай дейтініміз, қазақ даласында тұңғыш орыс-қазақ мектептерін ашып, оларға оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. «Өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі», – деп, неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады. Ағартушының еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің нарықтық экономика жағдайындағы талаптармен сәйкес келеді. Қазіргі қоғамымызда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа душар болады. Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз мол. Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам – шын бақытты адам» дегені соның нақты айғағы. Ыбырай өзінің осындай тәрбиелік мәні зор әңгімелерінде, жалқаулықты айыптап, алғырлықты, өнерге, еңбекке бейімділікті марапаттайды. Жастарды белгілі бір мамандыққа тәрбиелеу мәселесін көтеріп, қолөнер мектептерін ашты. Мәселен, Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі «Реалдық» училище мен ауылшаруашылық мектебінде тері илеу, қыш-құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздар үшін ашылған мектепте «қарапайым халықтың тұрмысына керекті ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдрдан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді» деп жазады. Қазақ даласындағы алғашқы педагог-жазушының халықтың қолөнеріне жастарды ынталандыруы кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасап, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән бергендігі байқалады.
Мамандық , оқу ,іздену оңай шаруа емес. Біздің алдымызда отырған шәкірт ертең қоғамдық істерге араласады. Қиыншылықтарға қарсы тұра ала ма? Жетістіктер асқан қиыншылықтармен келеді. Жағдайың болмаса да, қаражат тапшылығын көрсең де мойыма , алынбайтын асу жоқтығын үнемі еске салып , жалаң айтпай, өмірлік тәжірибиелерден мысалдар келтірген жөн.
Өз елімізде ЖОО жалпы сипаттама беретін болсақ, бүгінгі таңда 148 ЖОО бар екен. Оның 52-Алматыда, Қарағандыда-15,Астанада-12,ОҚО-10 ШҚО-10 бар екендігін сайттардан білдіріп, құлақтандырып отырған жөн.
Бүгінгі заманның жастарының жоғары оқу орнына түсуге талпынысы жоғарғы деңгейде. Алайда олардың көпшілігі мамандық таңдауда Абай заманынан алыс кете қойған жоқ, өйткені заң, сот мамандықтарына қоса, нарыққа байланысты бизнес, маркетинг, менеджмент тәрізді «сәнге» айналған мамандықтар қосылды. Ал, бүкіл еліміз экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, химия құрылысы, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына қажетті мамандар саны азая түсуде. Үміт артар жастарымыздың бәрі бірдей «бизнесмен» болса, қойшы мен егінші кім болмақ? Ашығын айтсақ, қаланы асырайтын ауыл емес пе?
Мамандық таңдауға, кәсіптік бағыт-бағдар беруге мектепте аптасына бір –ақ рет жүргізілетін технология пәнінің ықпалы зор. Өйткені,әлемде 40 мыңға жуық түрлі мамандықтар бар. Статистердің зеттеуі бойынша жыл сайын 25 милион адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады екен. Солардың12 пайызы қайтадан өз орнынына оралады . Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Осы мәселе кім-кімді де бей-жай қалдырмауы тиіс.
Жер бетіндегі өмір сүретін әрбір адамның бақытты болуға ұмтылуы заңдылық. Бақыт -ол жалындаған жастық шақ, терең білім , салауатты өмір салтын ұстану. Бақыт-адамның іс-әрекеті нәтижелі болып, мәніне қанағаттанып, мақсатының орындалуы және өмір қуанышының ең жоғарғы дәргжеге еңбегі арқылы жетуі.Оған халық даналарының «Еңбек- ырыс бұлағы, Еңбек –бақыт шырағы», «Еңбек пен бақыт егіз», «Еңбекпен ер өседі, Егізден төл өседі», «Еңбек –барлығын жеңбек», «Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ »т.б нақылдары дәлел бола алады. Адам еңбекке араласу арқылы белгілі мақсатқа жету үшін ізденеді,оқиды, еңбегіне қарай нәтижеге қол жеткізеді . Адам бойындағы алуан түрлі асыл қасиеттердің қайсысының болса да,оның ішінде бақыттың да қайнар көзі, ұшар ұясы,қонар тұғыры, тұрақтар мекені-еңбек. Еңбекке бейім адам көпке ұнамды келеді. Көптің алғысын алу, көптің көңілінен шығу,еліңе қалтқысыз қызымет ету-бақытқа жеткізеді.
Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін , тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік , күшін соған бағындырса, өзін-өзі кемелдендіріп, жақсы мамандық иесі болады. Ұлы ғалым Менделеев: «Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды»,- деген. Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз,-дегендей Адам еңбегінен қуаныш таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Ал ықылас қойып, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетіндігі сөзсіз.