kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йде ж?не ж?мыста?ы же?іл жатты?у т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ж?мыс орнында, ?йде жасалатын же?іл жатты?у т?рлері к?ніне 8-10 са?ат?а дейін компьютор алдынан т?рмайтын  к?сіп иелеріне к?птеген ауруларды? алдын алып, бой жазып, ой сергітуге мы?ты к?мекші бола алады.

?за? отырып ж?мыс істейтіндер ?оз?алысты? азды?ына байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (к?тауруді? бір т?рі), геморрой (б?л да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омырт?а ауруы), миопия (?лжуаз ?шк?ристер ауруы), та?ы сондай б?лелерді? кесірінен адам а?засы жастай істен шы?ып, ж?мыс?а ?абілеті, секске т?беті т?мендеуі бай?алады.

Т?мендегі жатты?уларды ?рбір ке?се ж?мысшысы т?ра?ты жасауы керек деп ойлаймы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йде ж?не ж?мыста?ы же?іл жатты?у т?рлері »

Жұмыс орнында, үйде жасалатын жеңіл жаттығу түрлері күніне 8-10 сағатқа дейін компьютор алдынан тұрмайтын  кәсіп иелеріне көптеген аурулардың алдын алып, бой жазып, ой сергітуге мықты көмекші бола алады.

Ұзақ отырып жұмыс істейтіндер қозғалыстың аздығына байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), тағы сондай бәлелердің кесірінен адам ағзасы жастай істен шығып, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі байқалады.

Төмендегі жаттығуларды әрбір кеңсе жұмысшысы тұрақты жасауы керек деп ойлаймын.

1) Алдымен еңсеңізді керіп, тұла бойыңызды өз еркіңіз бен ыңғайыңызға қарай созылып керіліп алыңыз.
2) Арқа. Алдыңыздағы үстелге екі қолыңызды тіреп, артыңызды көтерместен, креслоны артқа сырғанатып, арқаңызды керіңіз.

 3) Мойын. Солға 10 рет, Оңға он рет жаймен, баяу баппен айналдырыңыз. Жұлқып қытырлату, шалт мойын бұру мойн омыртқаңызға зақым тигізеді.

 4) «Қамажай билеу». Алдымен білегіңізді, одан кейін қолдарыңыздың басын кезек кезек сағат бойымен 10, сағат тіліне қарсы 10 рет айналдырыңыз.

5) Кеуде. «Отжимания» жасайтын жер болмаса, құлашыңызды барынша ашыңыз. Жаурыныдарыңыз бір біріне тигізуге тырысыңыз. Құлашты жауып, өзіңізді құшақтауға тырысыңыз. Солай 10 рет.

 6) Тобық. Аяғыңыздың ұшын еденге тіреп, өкшеңізді айналдырыңыз оңға-солға, әр аяққа 10 реттен.

7) Балтыр. Аяқтың ұшын еденнен ажыратпай, өкшеңізді көтеріп, барынша балтырыңызды күшендіріңіз. Өкшеңізді түсіріңіз. Солай 10 рет.

8) Жарты сағат сайын тұрып, жаяу 10-15 қадам жасап тұрыңыз. Қан тұрып қалмас үшін. Креслоға отырып алып сырғанау сияқты ақымақ тірліктерді жасамаңыз.

9) Дұрыс тыныс алыңыз. Ара тұра терең өте терең тыныс алып, қолды жоғары көтеріп, 10-рет «күрсініңіз».

10) Қолдың қар еттері (Трицепстер). Орынтақта екі шынтақ қойғыш болса, соған сүйеніп, брусьяның жеңіл түрін жасаңыз. Аяғыңыз жерде қала береді, тек салмақты аяғыңызға емес, қолдарыңызға түсіруге тырысыңыз. Қолды бүгіп, жамбас креслоға тиген бойда қайта қолдың күшімен көтеріңіз. Солай 10 рет жасаңыз.

11) Иық. Екі иықты жоғары көтеріп, мойныңызды ішке тығып («білмеймін» деген ишарат жасаңыз), қайта түсіріңіз, осылайша иықтарыңызды алға 10 рет, артқа 10 рет айналдырыңыз.
12) Көтіңізді қысып денеңізді бос ұстаңыз. Тура мағынасында. Тырысқан бұлшық еттеріңізді босаңсытыңыз. Иығыңыздың күшеніп отырғанын байқамауыңыз мүмкін. Креслоға сүйеніп артыңызды көтеріңіз де, анус бұлшық еттерін 10-12 рет күшендіріп қысуға тырысыңыз. Геморрой, проктит, простатиттің алдын алу.

Қосымша нұсқаулар:

1) Қасыңызда үнемі бір бөтелке су болсын. Ара тұра таза су ұрттап тұрмасаңыз, денеңіз кебеді. Асқорытуға да пайдасы зор. Жалпы су деген артық болмайды ешқашан.
2) Орныңыздан тұрып, екі жамбасыңызды жұдырықпен тары түйгендей соққылап алыңыз, 20 рет. Ұзақ отырғаннан, қан ұйып айналым бұзылады, ұйыған қан түйіршіктер тромбоэмболия деген қатерлі ауруға алып келеді.

3) Қалтафон шырылдағанда, отырып сөйлеспеуді әдет қылыңыз. Бірден сыртқа шығып, әңгіме біткенше қысқа серуен жасауды әдет қылыңыз.
4) Көзіңді сығырайтпа, әріп кішкентай болса Сtrl «+» -ті бас.Қайта қалпына келтіру үшін Сtrl + «0» ді бас.
5) Көзімде “онсызда дұрыс көрмейд” деп көзге немқұрайды болмаңыз. Ара тұра көзіңізді жыпылықтатып, әр 20-30 минут сайын, терезеден алыстау бірдеңеге 20 секундтай қараңыз.Кейде, көзіңізді екі қолмен жауып, қараңғылықты «тамашалап» тұру керек.

6) Қақшиып отырмай, қозғалып отырыңыз. Аяқтың басымен музканың (егер музыка тыңдайтын әдет болса) екпініне сай қозғалтып отырсаңыз да, Біресе бір қырмен, біресе екінші қырмен. Біресе тізелеріңді шайқап, арасында жыбырлап отырыңыз. Қасыңыздағыны үркітпеу үшін, артық дыбыстар шығармауға тырысыңыз.

7) Аяқты аяққа қойып отыру әдетінің орнына, аяқтарыңызды толық еденге қойып отыруды қадағалаңыз.

Спортты «қауіпті» дейсіңдер, ал фитнесс пен дене шынықтыруға кешкі ішістерден «уақыт артылмайд» дерсіңдер, бірақ мына жоғарыдағыдай креслодағы «кардабалетке» бас-аяғы он-он бес минутыңыз кетер. Егер әлі қисын мен ұяттан жұрдай болып үлгермесеңіз бұл қарапайым жаттығулардан «атлет» боп кетем деп күтпейсіз. Ол үшін жаттығу залына бару керек.
Бірақ әлі қорқынышты ештеңе асқындырып үлгермесеңіз бел-көт-сегізгөз- мойнымыздың жегісі мен жартылай мүгедектіктің алдын осы аталған жаттығу түрлері арқылы алуға болады деп ойлаймын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?йде ж?не ж?мыста?ы же?іл жатты?у т?рлері

Автор: Хабылхан Мартбек

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209288


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства