?рбір ке? арналы алып ?зендер ?айнап шы?ар бастаулардан к?з алып ??ралатыны секілді,б?гінгі толыс?ан м?дениетіміз бен ?дебиетімізді?,?нерімізді?,білім мен т?рбиені? ежелгі ?айнар бастаулары да бол?аны аны?.Сол бастауларды? бірі-?арапайым халы? ойындары деп білеміз.Олай болса,халы? ?неріні?,халы? творчествосыны? негізгі ма?саты жас ?рпа?ты? а?ыл ойы мен санасына ?сер ету ар?ылы-ойына ой ?осып,?немі ілгері даму?а жетелеу,ме?зеу бол?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лтты? ойындар-т?рбие ??ралы»
Ұлттық ойындар-тәрбие құралы.
Әрбір кең арналы алып өзендер қайнап шығар бастаулардан көз алып құралатыны секілді,бүгінгі толысқан мәдениетіміз бен әдебиетіміздің,өнеріміздің,білім мен тәрбиенің ежелгі қайнар бастаулары да болғаны анық.Сол бастаулардың бірі-қарапайым халық ойындары деп білеміз.Олай болса,халық өнерінің,халық творчествосының негізгі мақсаты жас ұрпақтың ақыл ойы мен санасына әсер ету арқылы-ойына ой қосып,үнемі ілгері дамуға жетелеу,меңзеу болған.
Ойын балалар тұрмысынан ғана емес,бүкіл халық тұрмысынан сондай-ақ адамзат тарихынан үлкен орын алады.Өйткені бүгінгі ойнап-жүрген бала ертеңгі азамат,бүкіл бір халықтың құрамды бөлігі,өкілі.Ойын адамның коллективтік еңбегінің бір тармағы ретінде оның тек физиологиялық формасының қалыптасып жетілуіне негізгі себепкерлердің бірі болып қоймай,ол адам баласының психологиялық қабілетінің жетіліп дамуына,қалыптасуына да үлкен әсерін тигізген.Өйткені балалар үшін ойын әрі оқу,әрі еңбек;әрі күрделі тәрбие құралы десек,онда халықтың сәби шағындағы іс әрекетіне біз осылай баға береміз.Орыстың атақты педагогі Л.С.Выготский: «ойында адам қалыптасады»,-деп орынды пікір айтқан.
Біз халықтың ескі эпостық жырларынан оның,ұлттық ойынының әдет-ғұрпының,алуан түрін көреміз.Осы жырларда көрініс беретін ел қорғаушы батыр,жауынгер алдымен ойын үстінде көрінеді.Сол ойын үстінде ол шынығып,өзінің бойындағы табиғи дарынын дамыта түседі.Ойынның тәрбие құралы болатынын біз «Қобланды батыр», «Ер,Қосай», «Қарабек батыр», «Долан батыр», «Арқалық батыр», «Ақжонасұлы ер Кеңес», «Нанасшыұлы Тұяқбай», «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр»хикаясы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т.б эпостық жырлардан анық көреміз.Ел қорғаны болған батыр алдымен ойын үстінде көрініп сонан соң халықтық ойын-тойда,көп жиналған бәсеке,жарыстарға қатынасып өздерінің қабілеттерін көрсетеді.Сөйтіп,халқының сүйіспеншілігіне бөленіп қана қоймайды,кезі келгенде оның қорғаны да бола біледі.
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті,әділеттікті,батылдықты,шапшаңдықты,ептілікті,тапқырлықты,табандылықты,байсалдықты т.б мінез-құлықтың ерекшеліктерінен бірге күш-қуат молдығын,білек күшін,дененің сомданып шынығуын қажет етеді.Қазақ халқының ұлттық ойындарының жастарды дене және рухани қалыптастыруындағы рөлінің зор болғандығы оның елдік өмірімен тығыз байланыстылығында,оның шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысынан туындайтындығын да деп білемін7
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары-Абай Құнанбаев,Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім беру кезінде тәрбиелік мәні жоғары деп баға берген,өйткені,ұрпақтың өз дәстүрі мен салтын құрметтеп,адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде,адамгершілік қасиетінің өсуіне оның атқаратын орны ерекше деген.Салауатты өмір салты жәнежеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық ойын мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды.Сондықтан ұлттық ойын тек қозғалмалы біліктілік дағдыларды дамытып қана қоймайды,сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып,қызығушылығын арттырады.Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделігіне байланысты және балалардың жас ерекшеліктеріне ескере отырып,төменгі орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады.Қажетті ойындарда өтілетін сабақ,не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет.Ұлттық ойын эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастырып және ойната отырып оқушылардың ұлтқа сүйіспеншілігін арттыру,ұйымшылдық,батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелейді.Жалпы ойындарды жүйелітүрде ойнату,қиыншылықтарды жеңуге,еңбексүйгіштік қасиетке тәрбиелеуге ықпал етеді.Ұлттық ойындар,жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға қажетті психикалық күйге түсіреді.Көңіл-күйді көтеру,көңілдену,тактикалық ойлауды дамыту,сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу,жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді.Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз,шығармашылықсыз,қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»,-дейді.Демек,шәкірттің ақыл-ойы,парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы жоғарылайды.Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады.Сонда ғана оның танымдық,тәрбиелік маңызы арта түседі.Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлеріне жаңғыртады.Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді.Олар:аңға байланысты,малға байланысты,түрлі заттармен ойналатын,зеректікті,ептілікті және икемділікті қажет ететін,соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып,балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып,көңілін көтереді,дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды,ширықтырып,шынықтырады.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген.Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде,ұлттық ойынды орайластырып,дамытып отырған». 1.Аңға байланысты ойындар:ақсерек-көксерек,аңшылар,аңшылар мен қояндар,кірпіше қарғу,қасқұлақ,ордағы қасқыр. 2.Малға байланысты ойындар:аларман(қойға қасқыр шапты),асаукөк,көксиыр,соқыртеке,түйе мен бота. 3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар:ағаш аяқ,аққала,ақпа,ақсүйек,алакүшік,алтыбақан,арқан аттау,арқан тартпақ,арқан тартыс,арынды арқан,асау мәстек,асық,аттамақ,ауыртаяқ,әйкел,әуетаяқ,батпырауық,белбеу соқ,белбеу тартыс,дауыстап атыңды айтам,епті жігіт,жаяу көкпар,жігіт қуу,жігіт ойыны,күзетшілер,күміс ілу,қамалды қорғау,қыз қуу,орамал тастау,сақина жасыру,сиқырлы таяқ, «тапшы кімнің дауысы?»,таяқ жүгірту,тепе-теңдік,тобық,тұтқын алу,түйілген орамал,шалма,шертпек,шілдік,қал қалай? 4.Зеректілікті,ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар:айгөлек,айдапсал,атқума,аударыспақ,бағана өрмелеу,балтам шап,бөріктастамақ,бұрыш,біз де,егер...,жасырынбақ,жаяу жарыс,көкпар,көрші,күрес,қарамырза,орын тап,отырмақ,санамақ,сұрақ-жауап,тасымақ,тасымалдау,кең көтеру,тымпи-тымпи,ұшты-ұшты,шымбике. 5.Соңғы кезде қалыптасқан ойындар:әріп таңдау,бригада,мейрамхана,нөмір,пароль,пошта,сымсыз телефон,сыңарын табу. Ойымызды жинақтай айтқанда ертеде ойынды әрі білімдік,тәрбиелік құрал ретінде,әрі бала денсаулығын байқайтын дәрігердік диагностика ретінеде де қолданылған.Бала ойынының маңызына тоқтай келіп Н.К.Крупская мынаны ескерткен болатын: «Егер бала ойнамаса,онда оның не ауырғаны немесе шамадан тыс педагогикалық ықпалға түскені.Бұл жерде біз ойынның барлық қасиеттерін түгел айтып беруіміз мүмкін емес.Біздің айтпағымыз,тек ойын қоғамдық тәрбиенің алғашқыларының бірі ғана болып қоймай,бүкіл өнер мен мәдениет атаулының,ұрпақ тәрбиесінің алғашқы бастауы болғанын ескерту ғана.