Просмотр содержимого документа
«Халы?ты аума?ты? орналастыру.?алалы? ?оныстану.»
Сабақтың тақырыбы: Халықты аумақтық орналастыру.
Қалалық қоныстану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту.
Дамытушылық. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту
Сабақты көрнекіліктері: интерактивті тақта, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.Бағалау парағы.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап,
Негізгі ұғымдар: халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа назарын аудару
Психологиялық дайындық.
1.Әр ұлттың дәстүрі бойынша амандасу
2.Оқушылар өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді.
3.Балаларға бағалау парағы таратылады.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1-2 мин)
Қызығушылығын ояту «Миға шабуыл»
1-тапсырма
(1-топ) Ғалымдар қандай дін топтарын ажыратады?Біздің елімізде қандай дін түрлері тараған?
(2-топ)
Ұлттық және әлемдік діндер арасындағы айырмашылық неде ? Әлемдік діндерге мысал келтір.
(3-топ)
Қазақстан халқының көп конвессиялы құрылымы қалай қалыптасты?
(4-топ)
51-сурет бойынша .Қазақстандағы діни бірлестіктердің географиясын анықта. Зайырлы мемлекет ұғымының мазмұнын аш.
2-тапсырма
Сен білесің бе? парақшаларынан
Ислам дінінің қалыптасу тарихы.(Араб түбегінде,7-ғасырда)
Исламның негізгі қағидасы.(5-қағидасы)
Христиан діні негізінің қалануы. Иерусалим қаласы.Израиль жерінде)
Ислам дінінің мерекелері (Рамазан айында ораза ұстау,Рәжап айында Меккеге бару,құрбан айт,)
3-тапсырма.
Кім жылдам.
Демография нені зерттейді?Халық саны,табиғи қозғалысын,құрылымын зерттейді.
Тәңірге табыну- бұл мәңгі неге табыну? Көк тәңірі
Көшпенді халықтың исламға мойын бұруына зор еңбек сіңірген . Қожа Ахмет Йассауи
Халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі (туужоғары,өлім аз)
Қазақстан жерінде тіркелген конфессия саны.(6дін,17конвессия)
Ислам кезеңіне дейін Қазақстан халқының діни ұстанымы (тәңірге табыну)
Халық санының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?(Табиғи өсім,механикалық қозғалыс)
Ислам сөзінің мағынасы (құлшылық ету арабша)
Христиандардың киелі кітабы (библия)
Демографиялық саясат дегеніміз не?(халықтың табиғи өсімін басқару)
Христиандардың діни орталығы. (Иерусалим қаласы.Израиль жерінде)
Ислам жыл санауы қай жылдан басталады? (Мұхамедтің Меккеден Мединеге көшкен жылы 622 жылдан)
\
4-тапсырма
Қазақстан жеріндегі діни орталықтар (презентация)
.Жаңа материалға көшу кезеңі
Қазақстанның халық саны қанша?
Ол республика аумағында біркелкі таралған ба?
Ең тығыз қоныстанған аймақ?
Ең сирек қоныстанған аймақ?
Қазақстанның саяси-әкімшілік бөлінісі қандай?
Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
Халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын ашу: халықты орналастыру, халықтың қоныстану дегеніміз не екенін қысқаша түсіндіру, халықтың қала халқы, ауыл халқы болып бөлінетінін түсіндіру.