Сыныбы 9а | Күні 24.02 |
Сабақтың тақырыбы | Орталық Қазақстанның қалалары, ауылдық елді мекендері. |
Мақсаты | Орталық Қазақстанның қалалары, ауылдық елді мекендері, орталықтары және қалалардың шаруашылығы туралы білімдерін қалыптастыру. |
Күтілетін нәтижелер | А) Орталық Қазақстанның қалаларын біледі және орталықтарын сипаттайды. В) Қарағанды қаласының аса ірі өнеркәсіп орталығы екендігін және қалалардың өнеркәсіп орталықтарын ажырата біледі. С) Аумақтың экономикалық-экологиялық проблемаларын жетік меңгеріп, ол туралы хабарлама құрастырады. |
Керекті жабдықтар | Плакаттар, флипчарт, маркер, интербелсенді тақтада көрсетілген видео, рефлексия парақтары. карточкалар |
Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма | 1,2 3,4,5,6,7,8 |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 1 (оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді) 5 минут | -Ұйымдастыру амандасу. -Түгендеу Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру, бағалау критерийімен таныстыру, бағалау парағын үлестіру | Амандасу -Сабаққа дайындалады -Жаңа сабаққа ден қояды Табыс критерийлерін ұсынамын. 1. Орталық Қазақстанның қалаларын біледі және орталықтарын сипаттайды. 2) Қарағанды қаласының аса ірі өнеркәсіп орталығы екендігін және қалалардың өнеркәсіп орталықтарын ажырата біледі. 3) Аумақтың экономикалық-экологиялық проблемаларын жетік меңгеріп, ол туралы хабарлама құрастырады. |
Тұсаукесер: Өткен тақырыптарды пысықтау (сабақ бастамас бұрын оқушылар нені білетіндігін анықтау) 10 минут | Үй тапсырмасы «Жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар» (топ үйден дайындап келген сұрақтардан ең үздік үш сұрақты таңдап,басқа топқа қояды) қою арқылы сұралады | Оқушылар қиынды қағаздардағы сөздер арқылы 4 топқа бөлінеді. І-нші топ ( көмір,шахтер, Қойшы бала) «Қарағанды» қаласына байланысты терминдер ІІ-нші топ ( Бор, хром, Никель) Ақтөбе облысының қазба байлықтары ІІІ-нші топ (Қарағанды, Теміртау, Арқалық ) Орталық Қазақстан қалалары Үш топ өздерінің топ аттарын түсіндіріп өтеді. |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ 20 мин | Интербелсенді тақтадан видеоролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады (Бұл видеороликте, Қазақстанның облысындағы ірі өнеркәсіп қалалары,заводтар, ластанған қоршаған орта) Тақырыпшаларды топтарға бөліп беру.Сабақ мақсатымен таныстыру,сабақ барысына басшылық жасап отыру.Топтардың пікірін қорытындылап отыру. Жаңа сабақты «Тыңдап отырған үштік» әдісімен өткізуді тапсыру. Сәйкестендіру тапсырмаларын үлестіремін.(сұрақтардың деңгейлігіне байланысты дарынды және талантты балалар анықталады) «Өрмекші торы» әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту | Видеоролик арқылы «миға шабуыл» сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Тақырыпты топ ішінде оқып шығады, бір оқушы топ ішінде ақпаратты талқылайды, екіншісі тыңдап отырады, үшінші оқушы керекті тұстарын жазып отырады. Кейін оқушылар рөлдерімен ауысып отырады. Нәтижесін класпен талқылайды. Анықтамалар,термин сөздерді дәптерге түсіреді. Екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау Сәйкестендіру тапсырмаларына құрылған критерийлер Оқушылар өз топтарында отырып, жіпті бір-біріне беріп тор құра отырып және кері торды ыдырата отырып сұрақ қояды. (топ арасында өзара бағалау жүреді) |
Бағалау Кері байланыс 5 минут | Бүгін мен сабақта білдім (нені?) Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?) Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?) | Оқушы жетістіктің қай критерийінде бәрінен көп табысқа жеткенің, олардың қайсысы көмекті талап ететінін немесе бұдан да артық дамуы мүмкін екендігін айтып өтеді. |
Қорытынды 4 минут | Серпілген сауал әдісі арқылы қорытындылау | Жаңа сабақты қаншалықты түсінгендеріне «Үш шапалақ» әдісімен рефлексия әдісі. |
Үйге тапсырма 1 минут | §26-31.Төменгі және жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрау. | Мұғаліммен қоштасу |