Дереккөздер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ
Ресурстар: Оқулық, и/а тақта, электронды оқулық, таблица, постер, стикер, маркер
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1мин
Ұйымастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Жинақталады
3 мин
Топқа бөлу
Түстер арқылы топқа бөлу
Түстер арқылы топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды
5 мин
Үй тапсырма «Теннис добы » ойыны сұрақтары
Үй тапсырма бекіту
1.Д/ж еледерін қандай көрсеткіштері бойынша топқа бөлуге болады?
2.Саяси картада қанша ел бар?
3.Республикалық басқару мен монархиялық басқарудың ерекшелігі қандай?
4. Қанша монархия бар?
5.Сауд Арабиясы қандай монархиялық басқаруда?
6.Африкада қанша монарзия бар,елдерді ата?
7.Унитарлы елдер мен федерациялы еледрдің айырмашылығы?
8.Отар елдер деген қандай елдер?
9. «»Үлкен жетілік елдерін ата?
10. Дамушы елдерді қандай топқа жіктеуге болады?
11. Жаңа индустриалды елдер қалай ерекшеленеді?
12.Жалға пәтер беруші елдер?
Географиялық сөздік: Анклав,
Эсклав
Сұрақтарға жауап беру арқылы ойларын нақты жеткізеді,
Сөздіктің мағынасын ажыратады
7 мин
Жаңа сабақ.
«Ой шақыру»
1. Тірек сызба: Саяси география
Экономикалық және әлеуметтік географиялық ғылымдар тармағының саясаттанумен ұштасуы
1896ж Ф Ратцель «Саяси география»
1963ж Сол Коэнн «География және бөлінген әлемнің саясаты »
Геосаяси жағдай –түрлі қоғамдық саяси тұрғыдағы мемлекеттермен оның аймақтарына , яғни көршілестік, олардың ұстанатын сыртқы саясаты мен экономикалық даму деңгейіне , халықаралық ұйымдармен әскери базаларға қатысты кеңістігі орналасу жағдайы.
Электронды оқулық:
2.Халықаралық ұйымдар жөнінде тыңдату
6 мин
Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс.
1-топ Халықаралық ұйымдар
2-топҚазақстанның геосаяси мәртебесі
3- топ Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшеліктерітуралы
мәтін бойынша сипаттама беру.
Географиялық сөздік: геосаясат,
жахандану,
«жанжалды аумақтар»
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырмалар барысы мен іс-әрекеттің қалай орындалатынын айтады .Постер сызып , қорғау
Оқулықтан сөздіктерге сиапаттама береді,
1 мин
Сергіту сәті
«Қолшапалақтап құрметтейік»
Сергіту сәтін жасайды
10 мин
Жаңа сабақты бекіту
1.Қызықты деректерге шолу жасау
2.Картадан халықаралық ұйымдардың штаб пәтерлері орналасқан қалаларды анықтау
3.Шығармашылық тапсырма :
Қазақстанның геосаяси жағдайына эссе жазу
4. Дәптермен жұмыс: «Сөйлемдерді аяқта»
Картамен жұмыс жүргізеді
Өз беттерінше эссе жазады.
Дәптермен жұмыс жүргізеді
5 мин
Сабақты қорытындылау
«Бетпе бет студиясы » ойын
Оқушылар бір біріне сұрақ қояды.
Сұраққа жауап береді?
1 мин
Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқу, Геосаяси жағдай туралы мәлімет жинау
Үй тапсырмасын жазып алады.
1 мин
Бағалау
Формативті, сумативті бағалау
Топ басшысы әр топ мүшесіне, топ жұмысына баға береді
3 мин
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім? Мен сынып оқушылары туралы не білдім. Келесі сабақта не туралы айтамын ?
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады