Қосымша сұрақ: орманды дала 04,дала 29, шөлейт 14, шөл 44 пайыз
3. Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі?
6 мыңдай түрі
Қосымша сұрақ: Қызыл кітапқа өсімдіктің неше түрі енген? 303 түрі
4. Каспий маңы ойпаты қандай жазықтың бөлігі?
Шығыс Еуропа жазығының
Қосымша сұрақ: Шығыс Еуропаның Қазақстанға қай бөлігі енеді?оңтүстік-шығыс
ҮІ. «Аударыспақ» ойыны.
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
Екі топ бір-біріне сұрақ беріп,
Жеңген топтың ұпай саны өседі
Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.
ҮІІ. «Кім көп жазады?» ойыны
Өткен тақырыптар бойынша географиялық атаулар жазу. Оқушылардың ішінен кім ең көп атау жазды, сол оқушы сөздерін оқиды. Басқалары осы сөздер өздерінде кездессе сызып отырады. Соңында қай оқушыда қайталанбаған сөз қалады, сол оқушы жеңіп шығады.
Үйге берілген тапсырманы қорытындылап, жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде 400 км, батыс бөлігінде 900 км шамасында.
Жер бедері және геологиялық құрылысы. Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Араларында үлкенді-кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі. Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Ол палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан (гранит, порфирит, кварцит) құралған аласа таулы аймақ болып келеді. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты рөл атқарған. Сондықтан аласа таулар мүжілген.
Бұл бөліктегі ең биік тауы – Қызыларай. Оның биік нүктесі – Ақсораң (1565м). Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403м), Кент (1460м) таулары, одан әрірек Баянауыл (950м), шығысында Шыңғыстау (1300м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш, құзды келеді. Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.
Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп те, қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі. Онда ертедегі палеозойдың магмасы мен шөгінді жыныстары тек биік жерлерде ғана көрініп жатады. Бұл жақтың жер бедерінің қалыптасуына ұзақ созылған үгілу мен бірге бор және неоген дәуірдің шөгінділері әсер еткен. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Оның солтүстік-батысында – Көкшетау, оңтүстік-батысында – Ұлытау тау жүйелері орналасқан. Олар палеозойдың әктастары, кварциттерімен порфириттерінен түзілген. Олар ағын сулармен тілімделген. Таулар арасында табиғаты сұлу көлдер бар. Олардың жағалауы мен тау беткейлерінде қарағайлы орман өседі. Ұлытау (биіктігі 1134 м) – негізі граниттен тұратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Тау беткейлері кристалды тақтатастан, құмтастан, аралас жыныстардан тұрады.
Пайдалы қазбалары. Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.
Климаты. Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14-18ºС. Суық күндері -40ºС дейін төмендейді. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20 +24ºС, кейде +35ºС дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 300 мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі. (370 мм).
Өзендері мен көлдері. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын және т.б. олардың көбі көктемгі қар суымен қоректенеді, көктемде тасиды. Есілде ғана тұрақты су ағыны бар.
Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынған. Сарыарқада көл көп. Біразының суы ащы. Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды және Қорғалжың көлі. Қорғалжың да қорық бар.
Табиғат зоналары. өсімдік, жануарлары.
Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді. Көкшетау, Атбасар, Есіл өзенінің бойында қара топыраққа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай, биші қайың ормандары өседі.
Дала зонасының оңтүстігінде Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыстау бойлары шөлейт зонасына енеді. Бұл зонаның климаты қуаң, қошқыл қара топырақ жамылғысында жусан, бетегелі көде, боз таралған. өзен бойларында шабындық шалғындар,терек, қайың, қарағай, арша, тал өседі. Шөлейт зон мал жайылымына қолайлы.
Шөл зорнасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазған маңын, Солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері - тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу бұйырғын, қара жусан, көкпек өседі.
Жануарлар дүниесіде дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғы, елік кездессе, дала мен шөлейт жерлерде ақбөкен, қасқыр, түлкі мекендейді. Көлдерінде құстар көп.
Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа таулары мен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішіндегі тас мүсіндер кездеседі.
Сабақты қорыту. Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру. Сарыарқаны оқып, контур картаға шекарасын, табиғат байлықтарын түсіру