3 (10 мин) | Сабақтың тақырыбын хабарлайды: Қазақстанның топырақ жамылғысы Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді: 1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі? 2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер? 3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен? №2 слайд Кейін мұғалім тоырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды: Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым – В.В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт,адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетеді. Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды. | Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1.Топырақ-Жердің үстіндегі құнарлы қабаты. Т. қатты, сұйық, газ тәріздес және тірі заттардан тұрады. Қатты бөлігі – минералды және органикалық заттар. Сұйық бөлігі-минералды және органикалық ерітінділерден тұратын су. Газ тәріздес бөлігі – ауа. Тірі бөлігі –бактериялар, санырауқұлақтар және т.б. тірі ағзалар. Кейін оқушылар жаңңа тақырып бойынша айтатын әңгімесін тыңдап ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады: Топырақты зерттеуші – орыс ғалымы В.В. Докучаев. Топырақ түзуші факторлар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті Топырақтың механикалық құрамы Құрылымды Құрылымсыз Оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, пгоблемалық сұраққа жауап іздейді. Талқылау нәтижесінде құрылымды топырақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы екенін анықтайды. Кейін мұғаліснің айтуынан құрылымды топырақ құнарлы келетін, ал құрылымсыз топырақтың түйіршіктері болмайтынын біледі. Тоыпрақтың құнарлығы төмен болса жаңбыр, еріген қар сулары, тоыпраққа сіңбей ағып кететінін біледі. |
4 (20 мин) | Тақырпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды: Топырақ дегеніміз не? Топырақ құрушы факторларды атаңдар. Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? Құрылымды топырақ қандай топырақ? Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің? | Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді: Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым. Топырақ құрушы факторлар – су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі. Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді. Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара тоыпрақ таралған. |
5 (2 мин) | Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды? | Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта топырақ деген не, оның зерттеген Докучаев екенін білдік, сонымен қатар топырақтың механикалық құрамын білдік. |