Мұғалімнің аты-жөні | Имашева Эльмира Қуанбайқызы |
Пәні: | География |
Сыныбы | 6 |
Сабақтың тақырыбы | Литосфералық плиталар туралы ұғым |
Сілтеме | «Литосфералық плиталар» бейнежазбасы, таныстырылымы, электрондық оқулық. |
Жалпы мақсаты | Литосфералық плиталар туралы ұғым бере отырып, литосфераның ылғи даму үрдісінде болғандығы жайлы дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру. |
Міндеттері: | Литосфералық тақталар сызбасы мен жарты шарлар картасынан тақталардың шекараларын салыстыра алуды үйрету; Оқушылардың өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау. Топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Жаңа тақырыпты түсіну деңгейлерін анықтау; |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері: | Теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру; Оқушылардың өзін және достарын бағалауға мүмкіндік жасау. Картаны оқи білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың сыни көзқарасын дамыту. |
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері | Жаңа білім беру сабағы. Зерттеу, талдау, салыстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап. |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, бағалау парағы |
Тапсырмалар | Кластер құрастыру, кесте құру, кескін картамен жұмыс, графикалық диктант, электронды оқулық, Венн диаграммасы, «Адасқан обьектілер» ойыны. |
Күтілетін нәтиже | Картадан шартты белгілер арқылы Қазақстан климатына сипаттама жасай алады; Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады; Өз бетімен тақырыпты түсіну мүмкіндігіне ие болады; Пәнге деген қызығушылығы артады, сыни көзқарасы қалыптасады. |
Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру 2мин | Амандасу. Суреттегі түрлі аңдарды таңдау бойынша топқа бөліну. | Оқушылараңдардың суреттері арқылы 4 топқа бөлінеді. | | Қиылған аңдар суреттері |
Үй тапсырмасын сұрау 5 мин | AKTIVote-ны пайдаланып, тест береді. | Үйден оқып келген тақырып бойынша AKTIVote-ны пайдаланып тест орындайды. Тесті орындап, өзара бағалайды. | Формативті бағалау. Жұптық бағалау. | Жарты шарлар картасы, физикалық географиясы атласы, электондық оқулық, AKTIVote |
Бағалау критерийлерін құру | Оқушылармен бірігіп, критерийлер құру. | Мұғалімдермен бірігіп, критерийлер құру. | «Мимика. Жест.» әдісі. Дискриптор | Бағалау шкаласы жасалады. |
Жаңа сабақ. «Ой қозғау» 5 мин | Оқушылар назарын интербелсенді тақтадағы «Литосфералық плиталар туралы ұғым»тақырыбындағы электондық оқулыққа көңіл аударту. арқылы жаңа тақырыптың тақырыбы мен мақсатын ашу. Электронды оқулықтан тақырыпқа байланысты нысандарды көрсету. | Электрондық оқулықтан көрген әсерлерін айтады. Жаңа тақырыптың мақсатын ашады. Электронды оқулықтан тақырыпқа байланысты нысандарды көріп танысады. | Бағалау парақтары | Интербелсенді тақта, электондық оқулық |
Мәтінмен жұмыс | Литосфералық плиталар туралы ұғым тақырыбын «БҮҮ» әдісі арқылы оқып танысады. Білемін | Үйренгім келеді | Үйрендім | | | | | Мәтінді оқиды, кестені толтырады. | | БҮҮ кестесі |
Кестені толтыр Топпен жұмыс | Мына ұғымдарға түсініктеме бер. Кестенің оң жақ бөлігінен тиісті жауабын тауып, белгіле. 1. | Литосфера | А.Жер қыртысының түрлері | 2. | Тау жынысы | Ә.Тау жынысының құрамына кіретін заттар | 3. | Минерал | Б.Жердің жоғары ұатты қабығы | 4. | Жер бедері | В.Жер қыртысын құрайтын элементтер |
1-топ:Литосфералық тақталар қалай жылжып отырады? 2-топ:Литосфералық тақталар соқтығысқанда қандай үдерістер жүреді? 3-топ:Африка мен О.Американың қарсы жағалауларының бір-біріне сәйкестігіне қарап қандай болжам айтуға болады? | Топпен ойланып жауап береді. | Формативті бағалау. Жұптық бағалау. Дискриптор | Оқулық, стикерлер, маркерлер,бағалау парақтары, атластар, карта, кескін карталар Тест материалдары |
Сабақты бекіту («Сазды қобдиша» әдісі арқылы) | Қобдишаға салынған сұраұтарды ұсыну. | Қобдишадан алынған сұрақтарға жауап беру. | Дискриптор арқылы бағалау | «Сазды қобдиша» |
Бағалау | «Бағдаршам» әдісін қолдану. | “Бағдаршам” әдісі арқылы оқушылар түсінген -түсінбегенін айтады. Қызыл түс – түсінбедім. Сары түс – әлі сұрақтарым бар. Жасыл түс – маған бәрі түсінікті | | Бағдаршам, қызыл, сары, жасыл түс қағаздар |
Үйге тапсырма | Тақырыпты оқып келу, қызықты деректерді ақпарат құралдарынан қарап іздену. | | | |
Кері байланыс | Оқушыларға стикерлер үлестіру. «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс | Оқушылар кері байланыстарын толтырып, тақтаға іледі. | | Стикерлер |