Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия. | Дүйсенбаева Индира Жеңісқызы | Пәні: география |
Сабақ жоспары | Күні: 05.03.2015жыл | Сыныбы: 6-А |
Сабақтың тақырыбы | Жел,негізгі түрлері және себептері, ауа массалары |
Сілтемелер, үйлестірме материалдары | 6 сынып физикалық география оқулығы (Ә.Бірмағанбетов, К.Мамырова «Атамұра» баспасы, 2015 жыл), танымдық тапсырмалар , АТҚ материалдары |
Жалпы мақсаты | Жел, желдің түрлері және ауа массалары туралы білімдерін дамыту, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру Ауа массаларының түрлерімен таныса отырып, ерекшеліктерін анықтау Жел өрнегін сызуды үйрену |
Күтілетін нәтиже | -Жел, желдің түрлері туралы білім қалыптастырады. Оқушының білімі тереңдейді.Түйінді, өзіндік пікір білдіре алады. - Топпен, жұппенжұмыс жасау дағдысы қалыптасады. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | 1 Топтық жұмыс 2 Жұптық жұмыс 3 АКТ |
Уақыты | Өткізу кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурс |
2мин | Сәлемдесу | I Ұйымдастыру кезеңі а) сәлемдесу б) топқа бөлу | Оқушылар сабаққа дайындалады | |
3 мин | Топқа бөлу | Оқушыларды барометр, сейсмограф, гигрометр, эхолот деп географиялық құралдардың аттары арқылы төрт топқа бөліп алу. Әр топтың көшбасшысына бағалау парағын таратамын. | Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Көшбасшы бағалау парағына тобында отырған оқушылардың аты-жөнін жазады. | Үлестірмелі қағаздар Бағалау парағы. |
10 мин | Үй тапсырмасын сұрау «Бес саусақ»арқылы бағалау | II Үй тапсырмасы Һ- салыстырмалы биіктік Р₀- төменгі қысым Р1- жоғарғы қысым Һ=10 · (Һ₀ - Һ₁) Оқушыларға атмосфералық қысымға құрылған есептерді таратып беремін. Әр топта отырған бес оқушы жеке орындайды. 1. Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады? Һ₀ - 760 мм с.б. Һ₁ - 470 мм с.б. 2.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады? Һ₀ - 720 мм с.б. Һ₁ - 540 мм с.б. 3.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады? Һ₀ - 750 мм с.б. Һ₁ - 250 мм с.б. 4.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады? Һ₀ - 770 мм с.б. Һ₁ - 360 мм с.б. 5.Ұшақ қандай биіктікте ұшып барады? Һ₀ - 710 мм с.б. Һ₁ - 420 мм с.б. | Оқушылар есептерді шығарып дәлелдейді. | Үлестірмелі қағаздар |
18 мин | Жаңа сабақ «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау | Тақырыптың ішінен негізгі тұжырымды тауып постер жасап қорғайды. 1-топ «Жүзім шоқтары» - жүзім шоқтары салынған сызбаға жел, желдің пайда болуы туралы негізгі мәліметтерді жазады. 2-топ «Венн диаграммасы» - бриз және муссон желдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазады. 3-топ «Ассоциация»- ауа массаларының түрлері мен ерекшеліктерін жазады. 4-топ Жел өрнегін сызып түсіндіреді. | Оқушылар берілген тапсырманы топтасып түсіндіреді. Бір-біріне әр топ сұрақ қояды. Топтық жұмыста қарым-қатынасы нығаяды. | 6-сынып оқулық |
7 мин | Жұптық жұмыс «Бас бармақ» бағалау | Оқушыларға желдің белгілі бір уақыт ішіндегі, яғни айда түрлі бағытта соққан күн саны жазылған парақша таратылады. Жұптасып жел өрнегін сызады. 1.Оңтүстік батыс желі 10 күн, батыс желі 5 күн, оңтүстік желі 2 күн, шығыс желі 3 күн, солтүстік шығыс желі 8 күн, солтүстік желі 2 күн. 2.Солтүстік батыс желі 10 күн, батыс желі 5 күн, оңтүстік желі 4 күн, шығыс желі 2 күн, солтүстік желі 3 күн, оңтүстік батыс желі 3 күн, оңтүстік шығыс желі 3 күн. 3.Солтүстік батыс желі 5 күн, батыс желі 3 күн, оңтүстік желі 5 күн, шығыс желі 2 күн, солтүстік желі 3 күн, оңтүстік батыс желі 2 күн, оңтүстік шығыс желі 10 күн | Топта отырған оқушылар бір-бірімен жұптасып талдайды, сызады. | Оқулық, дәптер |
1 мин 2 мин | Үйге тапсырма Бағалау | Мазмұндау. Халық ауыз әдебиетіндегі теріскей жел, қоңыр жел, өкпек желдеріне сипаттама. Сабақ соңында мұғалімнің бағасы оқушылардың өздері қойған бағаларды қосып, жиынтық баға шығару. Критерий арқылы бағалау 12-14 «5» 9-11 «4» 6-8 «3» | Білім қалыптастырады Күнделіктерін ұсыну | күнделік |
2 мин | Рефлексия | «Кішкентай адам» 1. Басымызды қандай білімдермен толықтырдық? 2. Жүрегімізге қалай қабылдадық? 3. Қолымызбен не істей аламыз? | Кері байланыс орнатады. Берілген сұрақтарға өздерінің ішкі толғаныстарын жазу | Стикер |