Просмотр содержимого документа
«Хлорсутек, т?з ?ыш?ылы мен хлоридтер. »
Күні: 22.04.2014ж.
Сынып: 10.
Ашық сабақтың тақырыбы: §8.21. Хлорсутек, тұз қышқылы мен хлоридтер.
Сабақтың мақсыты.
Білімділік:
Күкірт және оның оксиді. Сұйылтылған және концентрлі күкірт қышқылының қасиеттері тақырыбындағы сабақты қорытындылап, тұз қышқылы мен хлоридтер, олардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері мен қолданылуы жайлы түсіндіру.
Дамытушылық:
Сабақ барысында топтық және жеке тапсырмалар арқылы жеке тұлғаны дамыту. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету. Әр деңгейдегі тапсырмалар арқылы тақырыпты игеруге қол жеткізу.
Тәрбиелік:
Отаншылдыққа, химия ғылымына, сүйікті пәніңе деген көзқарасқа тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) Сынып оқушыларының әзірліктерін бақылап, назарларын сабаққа аудару. Алдымен сынып оқушыларын топқа бөліп алдым. Ол үшін сынып оқушыларының алдарына (1,2,3) сандары белгіленген парақшаларды ұсындым. Әрбір оқушы өздері таңдап алған сандары бойынша (1,2,3) топтарына жіктелді.
Әрбір топта 5 оқушы бар. Әр топтың мүшелерінің ұйғарымымен топ басшысы сайланды.
II. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин) §8.17 «Күкірт және оның қосылыстары тақырыбы» бойынша тренинг сұрақтары мен семантикалық карта тапсырмаларын орындату.
Тренинг сұрақтары:
Сенесің бе, сенбейсің бе, - күкірттің таңбасы
“эс”
Сенесің бе, сенбейсіңбе, - күкірт латынның
“карбениум” деген сөзі
Сенесің бе, сенбейсіңбе, - жер қыртысындағы жалпы мөлшері 0,1% -
ті құрайды
Сенесің бе, сенбейсіңбе, - күкірттің салыстырмалы молекулалық
массасы 15
Сенесің бе, сенбейсіңбе, - периодтық кестеде күкірт үшінші
топта орналасқан
Семантикалық карта толтыру
КҮКІРТТІ
МӨЛШЕРІ
КӨМІРТЕК (IV)ОКСИДІ
КҮКІРТ
ҚЫШҚЫЛЫ
КҮКІРТ
СУТЕК
S реттік номері
SO2
H2SO4
0,1%
16
H2S
Жаңа тақырыпқа байланысты мұғалімнің түсіндірмесі (3 мин).
Топтарға тапсырма.(5 мин). Арнайы берілген сандар арқылы (1,2,3,) сыныпты үш топқа бөлдім.
I топ: Хлорға периодтық жүйе, табиғатта кездесуі, физикалық қасиеттері бойынша сипаттама.
II топ: Химиялық қасиеттері, биологиялық рөлі, қолданылуы бойынша сипаттама.
III топ: Алынуы, хлоридтер, тұздары бойынша сипаттама.
Флип чартта постер жасау арқылы сабақты суреттеу.(17 мин).
Жоғарыда берілген тапсырмалар бойынша хлор, хлоридтер, олардың қасиеттерін қалай суреттейсіңдер.
Әр топ өз ішінде постер жасап оны қорғауы керек.
Жаңа сабақты бекіту (5 мин).
1. Хлорға периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңдер?
2. Хлордың физикалық сипаттамасы қандай?
3. Хлор қандай заттармен әрекеттесе алады?
4. Хлорсутектің физикалық сипаттамасы қандай?
5. Тұз қышқылының тұздарын ата?
6. Натрий хлоридінің тұрмыстағы аты?
7. Хлорсутекті алған ғалым?
8. Хлордың маңызды қосылыстарын ата?
Бағалау (3 мин).
Үй тапсырмасын бағалау.
Топтардың бірін-бірі бағалауын бақылау.
Осыларды басшылыққа ала отырып сынып оқушыларының бүгінгі сабаққа қатынасуын бағалап журналға түсіру.
Үйге тапсырма (1 мин).
§ 8.21. Хлорсутек, тұз қышқылы мен хлоридтер. Оқулықтан 7 тапсырма