Просмотр содержимого документа
«"ХХІ ғасыр көшбасшысы" кластан тыс шара»
«ХХІ ғасыр информатигі»
Ойын сабақтары арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін, пәнге
деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік
қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға болады. Сондай-ақ бұндай
ойындар оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелікке,
жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке
тәрбиелейді.
Мақсаты:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға
І тур: “Бәйге”
ІІ тур: “Ғажайып алаң”
ІІІ тур: “Полиглот” /жұмбақ шешу/
ІV тур: “Сіз білесіз бе?”
Ү тур: “Таңдау - табысы”
V тур: “Мақал – сөздің мәйегі”
VІ тур: Қорытынды
І-тур:
Бәйге
1.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
Бит
2.Алғашкы есептеу құралы?
саусақ
3-сұрақ.ЭЕМ дамуьшың
неше буыны бар?
5буыныбар
4-сұрақ.
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас
Интерфейс
5-сұрақ
Ересек адамға компьютер алдында күніне неше сағат жұмыс істеуге болады
5 сағаттан артық емес
. 6-сұрақ.
Ақпаратты шығару кұрылғысы
принтер
7-сұрақ.
Бір байт қанша
бит бар?
8 бит бар
8-сұрақ
1660 жылы логарифм сызғышын жасау идеясын ұсынған кім?
Исаак Ньютон
9-сұрақ
Интернетке қосылу үшін қажетті кұрылғы
модем
10-сұрақ
Ақпараттың өлшем
бірліктерін атаңдар
бит, байт, Кбайт,Мбайт,Гбайт
11-сұрақ
Ең алғашкы ЭЕМ қай жылы, қай жерде, қандай атпен шықты?
1946 жылы,АҚШ-та, ENIАC
Ресейде XV ғасырда
не пайда болды ?
есепшот
13-сұрақ
Информатика нені
зерттейтін ғылым?
Ақпараттық процестерді
зерттейтін ғылым
14-сұрақ
Жад нешеге бөлінеді
2-ге
15-сұрақ
Компьютердің ең басты бөлігі, миы?
Процессор
16.-сұрақ
«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
түсіндіру, баяндау,
мәлімет
17-сұрақ.
Бір килобайтта
қанша байт бар
1024 байт бар
18-сұрақ
Мәліметтерді енгізу пернесі
Еnter
ІІ тур: «Ғажайып алаңы»
20-ұпай
Ол өзінің алғашкы программасын 13 жасында құрады. Қазір бұл адам дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Оның басқарып келе жатқан фирмасы дүние жүзіндегі ең ірі фирма болып саналады.Ғалымның есімін атаңыз.
Белл Гейтс
Есептеуіш техникасының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы баскарылатын “Аналитикалық машина” жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп те атайды.
Чарлз Бэббидж )
20 -ұпай
Дүние жүзі бойынша алғашкы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым - әйел бірінші программист болып саналады.
Ада Лавлейс
20 -ұпай
Компакт дискілерді оқуға арналған кұрылғы?
СD-RОМ
20 – ұпай
Бұл санау кұрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалыктар “абак” деп, қытайлықтар “суанпан” деп атаған, ал, жапондықтар қалай атады?
Серобян
20 – ұпай
Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталады?
XIX ғасыр
ІІІ тур:
«Полиглот»
/жұмбақ шешу/
1.Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады.
Сканер,scanner
2.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
Принтер,
print device
3.Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрган әлек.
Терезе,
windows
4.Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі.
(пернетақта,keyboard )
5.Мәліметті сұраған
Экранға шығарған
/монитор,monitor/
6.Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
/Тышқан,mouse/
7.Тетіғін бассаң алаңсыз
Жазады кағаз-қаламсыз
(компьютер,computer)
8.Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірліқ
Ақпараттарды өлшер
(бит,bit)
9.Олар компьютердің қосымша бөліктері.
Олар ағалы-інілі.
Олар сыбырлап та,
айқайлап та сөйлейді.
(колонкалар,
columns)
10.Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады
(меңзер,pointer)
11.Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені
(Кактус,cactus)
12.Басы С-дан басталады
Ішінде барлығы сақталады.
(Себет,basket)
ІV тур:
«Сіз білесіз бе?»
1-сұрақ.
Қазақтың үш данасын атаңыз?
/Абай,Ыбырай,Шоқан/
2-сұрақ.
365 күнде қанша секунда бар?
/31 536 000 секунд/
3-сұрақ
«Робот» деген сөзді қалай түсінесің?
/Электронды ми арқылы
жұмыс жасау/
4-сұрақ
«Робот» чех тілінен аударғанағы мағынасы айтыңыз
/«Робото» еріксіз еңбек, «роб»,«құл» деген/
5-сұрақ
Билл Гейтстің құраған фирмасы атаңыз?
/Microsoft/
6-сұрақ.
Әлемнің жеті
кереметін атаңыз?
1.Египет пирамидалары
2.Тәж-махал
3.Үлкен Каньондар
4.Ұлы Қытай қорғаны
5.Рим Колизейі
6.Иорданиядағы Петрдің қорғандар комплексі
7.Перудегі Мачу-Пикчу ежелгі қаласы
ІІІ – тур. Таңдау - табыс
Физика
Әр оқушы ұсынылған
пәндердің ішінен бір пәнді таңдайды.
Таңдаған пәнінен сұрақ
қойылады.
Математика
Информатика
Математика
Бөрененің ұзындығы 120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады.
Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?
ФИЗИКА
Күннің шығып, қайтадан батып, ертесі шыққанға дейінгі аралық қалай аталады?
ИНФОРМАТИКА
Ақпаратты автоматты түрде компьютерде енгізуге арналған
электрондық-оптикалық құрылғы.
120*1/3=40
120см – 40см = 80см
Тәулік
СКАНЕР
V тур:
«Мақал – сөздің мәйегі»
1.Байт биттен кұралады.
(Теңге тиыннан құралады )
2.Бағдарламашыны компьютеріне қарап, бағала.
Жігітті досына қарап, бағала
3.Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
Шегірткеден қорыкқан,
егін екпес
4.Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
Аттың сыры,иесіне мәлім
5.Веб-дизайншының өз еркі,
сайтты қалай жасаса.
Қазаншының өз еркі,
қайдан кұлақ шығарса
6.Компьютерде екі колонка,
дауысы жер жарады.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады
7.Бір ядролы процессор жақсы,ал екі ядролы одан да жақсы.
Бір ақылдан, екі ақыл артық
8.Антивирусы күштіні
Вирус ала алмайды.
Досы күштіні-жау алмайды
Білім шыңы
Математика пәні бойынша логикалық есеп қойылады
Үш ат 1 сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы
қандай?
15 км/сағ
информатика пәні
бойынша сұрақ қойылады
?- белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай біріктірілген, атқаратын қызметі ұқсас, өзіндік аты арқылы дискіде сақталатын ақпараттар жиыны.