kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Баяндама "Д?ст?рлі о?ыту мен дамыта о?ыту айырмашлы?тары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама

 

Та?ырыбы:Д?ст?рлі о?ыту мен дамыта о?ытуды? айырмашылы?тары

 

1.Дамыта о?ытуда?ы саба?тасты? м?селелері   

2.Дамыта о?ытуды? тиімділігі.

3. Д?ст?рлі о?ыту мен дамыта о?ытуды? айырмашылы?тары

 

Егеменді елімізді? б?гінгі та?да?ы е? басты ма?саты – жан-жа?ты дамы?ан, алды??ы ?атарлы елдермен те?есу. Ал о?ан жетуді? басты жолдарыны? бірі –?лемдік білім ке?істігінен орын алу. М?ны? ?зі ?лтты? білім беру ж?йесіні? даму ба?ыттарын ай?ындап, оны ты? арна?а, жа?а сапа?а жеткізу ?ажеттілігін міндеттейді. Сонды?тан да білім мазм?нын байыту, о?ыту ?дерісін жетілдіру, инновациялы? технологияларды д?ниеге ?келу, жан-жа?ты дамы?ан, рухани бай, ?з елін, хал?ын жанымен с?йетін т?л?а ?алыптастыру ?з шешімін ?ажет ететін, кезек к?ттірмей, іс ж?зіне асыратын м?селе болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Баяндама "Д?ст?рлі о?ыту мен дамыта о?ыту айырмашлы?тары. »

Бастауыш сынып мұғалімі: Мукатова Акбота Кайратовна

Баяндама


Тақырыбы:Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылықтары


1.Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері   

2.Дамыта оқытудың тиімділігі.

3. Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылықтары


Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі –әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

   Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу  –  қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
   Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер Бастауыш және орта буынның математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс – тәсілдерін, құрал – жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі сабақтастықты анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Осыған орай, бүгінгі күн талабына сай дярланған көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында информатиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Ол үшін Бастауыш және негізгі мектеп математикасын дамыта оқыту қажеттілігі туындап отыр. Информатиканы дамыта оқыту үшін барлық мүмкін жағдайлар жасау керек. Себебі математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі-ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі ол білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін информатикалық білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.

Информатиканы дамыта оқыту үшін теориялық білімнің, қолданылатын әдіс- тәсілдердің, құрал жабдықтарды дұрыс пайдалануда сабақтастық мәселесінің көкейкестілігі арта түсуде..

Зерттеу барысында біз осының бәрін ескере отырып, ең алдымен, қарастырылып отырған проблеманың ғылыми-теориялық негіздерін жасау мақсатында мектептің математика оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, бағдарламаға, ғылыми еңбектерге (Караев Ж., Мубараков А.М.,Устемиров К., Каиров И.А., Кустов Ю.А., Қайыңбаев Ж.Т., Оспанов Қ.О., Шәкілікова С., Айтмағанбетова Қ., Баймұқанов Б.Б., т.б.) талдау жасау арқылы «оқытудағы сабақтастық», «дамыту», «оқыту технологиясы»  ұғымдарының өзара байланысына, олардың анықтамаларына мазмұндық сипат беруге талпындық.

Сабақтастық – бұл адам іс – әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде қолданылады.

«Сабақтастық» термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиды. Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы кездегі немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі мақсатқа алынады.

Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор. Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс- әрекетінде бірыңғай талаптарды сақтау және әдіс – тәсілдерді тізбектей меңгеру қарастырылған.

Осы кездегі оқытудағы сабақтастықты тура педагогикалық мағынасында қолданған Есипов Б.П.. Ол білім берудің әр түрлі сатысын бір жүйеге келтіре отырып, сабақтастық шарты қажет екендігін көрсетті.

Сабақтастық екі бөліктен тұрады:

а) оқу-танымдық сабақтастық (ішкі), оның құрылымы:себептік- мақсатты, мазмұндық-қызметтік, оқу-операциялық, бағалау-рефлексивтік және ұйымдастырушы-жоспарлаушылық;

ә) процессуалдылық-оқыту сабақтастығы (сыртқы), оның құрылымы: нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік, реттеуші-ынталандырушы және тексеруші-бағалаушы.

Үздіксіз білім беруде сабақтастық көп деңгейлі болып табылады. Олар: бірінші деңгей – ең жоғары деңгей – ол сабақтастықтың үздіксіз білім беру жүйесі арқылы адам даму заңдылығына сәйкес қызметі. Екінші деңгей- жалпы педагогикалық ұстаным (принцип) ретінде, яғни үздіксіз білім беруде педагогикалық үрдіс арқылы орындалады. Үшінші деңгей – дидактикалық ұстаным ретінде сипатталады, яғни белгілі бір пәнді біртұтас қабылдауы қамтамасыз етіледі. Төртінші деңгей – ол сабақтастықтың жеке әдістемелік ұстаным ретінде, яғни мектептегі қандайда бір пәнді оқытуды ұйымдастыруда байқалады.

Сабақтастық педагогика категорияларының оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды. Сабақтастықтың орындалу көрсеткіші – ол үздіксіз білім беруде адамның келесі білім баспалдығына дайындығының сандық сипаттамасы. Ол арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші және бақылау жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі.

Жалпы сабақтастық ол үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте (процесс) қолайлы жағдай туғызу үшін қажет.

Даму – өзгеріс, ол-қарапайымнан күрделірекке, төменнен жоғарыға қарай ауысу; біртіндеп жинақталған сандық өзгерістің сапалық өзгеріске ауысу процесі. Ескінің сөніп, жаңаның туындап, жандану процесі. Даму-ол құлдырауға, ыдырауға қарсы құбылыс.

Даму-дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін философиялық ұғым.

Ал дамыта оқытудағы сабақтастық ол өзіндік ерекшелігі бар, оқытудың жан – жақтылығын, пәрменділігін анықтайтын талаптарға сай болуы.

Дамыта оқытудағы сабақтастықты оқытудың жалпы дидактикалық принципі ретінде барлық оқу пәндеріне тән (оқытудың тәрбиелік сипаты, жүйелілік пен бірізділік, ғылымилық пен түсініктілік, көрінектілік, зерделілік және белсенділік), сондай–ақ математиканы оқытуға ғана тән (математикалық теорияның практикамен, математиканы оқытудың қолданбалы бағытқа бағытталуын күшейту, оқытудағы саралау мен даралау, математиканы оқыту прцесінде ізгілендіру мен гуманитарландыруды жүзеге асыру) дидактикалық категориялармен байланысты болады.

Бастауыш және негізгі мектепте информатиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелерін шешуде, ең алдымен оның алдындағы мәселелер анықталып, оны жеңу жолдары анықталды. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақты бағыт болуын айғақтады. Сондықтан зерттеу барысында модель «Дамыта оқыту сабағының моделі», «Информатиканы дамыта оқытуда сабақтастықты ұтымды пайдалану моделі»  (2,3 сурет) құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес информатиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты ұтымды пайдалану және дамыта оқыту сабағының моделі жасалынды. Оны жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын анықтау математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырылды.

Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Дамыта оқыту оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып, қызығушылығын ояту арқылы іске асады.

Дамыта оқытудағы сабақтастықты әлеуметтік үрдісте екі жағынан қарауға болады. Олар: құндылықты беру және оны меңгеру. Дамыта оқытудағы сабақтастықтың мазмұны берілетін құндылыққа байланысты. Білім сапасын арттыру үшін Бастауыш және негізгі мектептегі математика оқулығының мазмұны яғни теориялық жағынан оқытудағы сабақтастықты сақтау және математиканы дамыта оқыта отырып сабақтастыра оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдары ұсынылып қарастырылды.

Оқу қызметінің құрылымы туралы педагогтар арасында бірыңғай пікір жоқ. Әр кітаптың авторы әр түрлі пікір ұсынады. Бірақ, баланың оқуға деген дайындығын қалыптастыратын барлық жағдай осы оқу үшін еңбек ету барысында қалыптасады. Біздің, яғни мұғалімнің мақсаты сол еңбекке қолайлы жағдай туғызу.

Себебі тек еңбек еткенде ғана баланың қабілеттері анықталады және жүзеге асырылады. Еңбектену барысында олар қалыптасады, еңбектену барысында олар дамиды. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз мүмкіндіктерін біліп, жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне алады. Еңбектену барысында оның рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен сезімдерінің тереңдігі, қиял-еркінің күші ашалап, мінезінің негізгі қырлары қалыптасады.

Сонымен мектепте оқытудың тиімділігі оқушылардың оқу сипатына бірден бір байланысты. Тек білім, қабілет пен дағды ғана емес, сондай-ақ пәнге деген қызығушылық, онымен әуестенушілік, оқуға деген ынта да оқушы қызметінің барысында қалыптасады. Мектеп табалдырығынан күнделікті білімді өз бетімен меңгеру, жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім қажеттіліктері:

1) білімнің маңызын және оның ролін терең түсінуінде, яғни жүйелі меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет, өнер т.б. салаларда терең білімнің қажеттілігін мектеп табалдырығынан түсіну қажеттілігі

2) үздіксіз білім алу қоғам қажеттілігін түсіну

3) оқушының білімге құштарлығын арттыру

4) мектепте алған сапалы, терең білім негізінде шығармашылыққа ұмтылу

5) жоғары мәдениетті адам қалыптастыру, яғни икемді, дағдысы қалыптасқан, шебер, т.с. өз бетімен іс-әрекетін ұйымдастыра білетін (талдау, салыстыра білетін, жалпылау, жүйелеу, қорытындылай білетін) жоспар құра білу, кітапханада өз бетімен жұмыс істей білу, анықтамалар , сөздіктерді пайдалана білу, уақытты үнемдей білу т.с.с.

Берілетін теориялық білімнің мазмұнына байланысты оқытудың негізгі мақсаттарын сәйкес әрбір оқушының оқуын дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана жетуге болады. Ол үшін мұғалім, оқушының еркіне қарамастан, оның оқуын ұйымдастыра біліп, ондай әрекеттердің сырттай көрінбегендігінде де басқару керек. Бұған оқушы қызметінің негізгі ерекшеліктерін: оны қалай ұйымдастыруға, қолдауға болатынын және оның тиімділігінің неге байланысты екенін білген жағдайда ғана жетуге болады.

Оқушы оқу үрдісіне кірісіп кетуі үшін, онда оған деген себеп болуы керек, өйткені себепсіз іс-әрекет жасалмайды. Алғашқыда оқуға деген себептер сыртқы факторлардың әсер етуімен қалыптасады. Оқушы еңбектеніп, алғашқы нәтижелерге қол жеткізгенде, онда осы себептер білімнің мазмұнына, оны игеру әдістеріне деген қызығушылықты тудыратын арнаулы оқу-танымдық себептер болып өзгереді. Ал соңғының әсерімен оқушыларда бұрыннан болған басқа себептер әрі қарай дамып, жаңа мазмұнға ие болады.

Қазақстан Республикасы егемендік алуымен байланысты 1991 жылдан бастап тәрбиенің мазмұны ұлттық сипатқа ие болып өзіміздің төл оқулықтарымыз шыға бастады. Бізде жалпыға білім беру стандарты және оған сәйкес бағдарламаны 2002 жылы ғылым және білім министрлігі бекіткен. Төл оқулықтар уақыт тығыздылығынан барлығы бірдей апробациядан өтпеген. Ақпарат беттеріне қарасақ төл оқулықтардың 60% апробациядан өтпеген екен. Төл оқулықтарымызда кейбір тақырыптардың мазмұндалуы оқушы түгілі мұғалімде қиналатын кездері де кездеспейді деп айтуға болмайды.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

         «Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)

         «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

       Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)

        Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

        Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

        И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)

        Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)

        В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)

        Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

         Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен

практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

         Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

        «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

         Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.


   Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:
   Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса,    Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу.  В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады [1, 15].
   Сонымен тұлға дамуының, сондай-ақ оны өзінің дамытуының негізгі тетігі қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Өзін-өзі дамыту үдерісі тұлғаның барлық аясын қамтиды  және  әр ретте жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Сөйтіп, оның «өзімінің» жетілуіне әкеледі. Өзін-өзі дамыту – субъект бағытындағы ерекше шығармашылық әрекет деген ғылыми тұжырым жасауға болады.  
  Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.
   Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі - затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.
  Ғылымда танылатын нысанның алдымен сыртқы белгілері жете анықталады. Мұны танымның нақты (эмпирикалық) кезеңі деп атаймыз.
   Адам қарастырып отырған нәрсесінен сезімдік-нақтылық белгілерді мол етіп анықтап алған соң, сол сыртқа бар қылып тұрған ішкі бір ортақ заңдылықтарды іздеуге кірісетіні белгілі. Сол ішкі заңдылықтарды анықтау барысы  абстракцияға үйрену кезеңі болып табылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушыларға білім беру осы логикамен аяқталатыны белгілі.
   Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.     
   Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі

Тапсырмалар мен сұрақтар түрі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Өңдеу (қалпына келтіру кезеңі).  Оқушылардың есте сақтау, қабылдауына үйрету.   
Сабақтың 1 ∕3 бөлігін қамтиды.

Кім? Қайда? Қашан? Не?  
Суретте не бейнеленген?  
Жылдың қай мезгілі?   
Анықтама беріңдер... 
Оқып шығыңдар. 
Айтып беріңдер.  
Қайталаңдар. 
Еске түсіріңдер.  
Суреттеңдер.  
Қатесін түзеңдер. 
Мысал келтіріңдер...

Өнімділік – ойлауға, елестетуге сүйену.    
Сабақтың негізгі кезеңі. 
Тапқырлық, табыстық. 
Эвристикалық

Басты идеясы қандай, негізгі ой? 
Құбылыстың негізгі мағынасы не? 
Себебі не? 
Немен түсіндіруге болады? 
Қандай ой керек, егер де олай болса? 
Құрастырылып отырған құбылысты біріктіретін не? Сөздер, дәлелдер.
Қандай қорытынды шығарамыз?  
Қалай түсінесіздер, бұл не? 
Бұл ережені қалай, қайда қолданамыз? 
Ол не үшін керек? 
Немен ажыратылады?   
Айырмашылығы не?  
Біз сендермен қандай қорытындыға келдік?  
Өздеріңнің шығарған қорытындыларыңа қалай қарайсыңдар?   
Бекітуге келісесіңдер ме?  
Неге...? 
Талқылаңдар... 
Жіктеңдер... 
Жүйелеңдер...  
Қатесін табыңдар... 

Проблемалық ізденіс

Басқа әдіспен қалай шешуге болады? 
Неге бұл әдіс тиімді?  
Несімен жеткіліксіз?  
Біз әртүрлі дәлелдерді қолдандық. 
Неге олай туындады? 
Түсіндіріңдер, не себепті? 
Дәлелдеңдер.  
Ұсыныс айтыңдар... 
Бағалаңдар...  
Салыстырыңдар... 
Біз қатесін таптық, олар қалай туындады, нені біз ескермедік? 

Шығармашылық

Құрастырыңдар... 
Ойластырыңдар... 
Ойлаңдар, қалай істеуге болады?  
Заңды теориямен біріктіріңдер... 
Басқа әдіспен қалай шешеміз?  
Бұл білімді қалай қолданамыз...? 
Аргумент, фактілер, келтіріңдер.
Сіздің болжауыңыз...? 
Не өзгереді егер...

     Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар.  
     1. Нақты құрылымы 
     2. Оқушылардың базалық білімін ескеру.  
     3. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу және т.б.).  
     4. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.  
    5. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектемеңіз. Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындыға келгенін сұрау.      
   Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі  № 1 кесте    

 

Дәстүрлі педагогика

Дамытушы педагогика

Мәні

Білім, ептілік, дағдыны меңгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде сезінуі

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игерту

Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінде өзгеретін субъектісі ретінде дамыта жасау, қасиет қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Білім, ептілік, дағдының дәрежелері

Соған қоса маңызды психикалық ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді

Мұғалімнің рөлі

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, 
ұжымдық істердің ұйтқысы

Педагогтың негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Педагог қызметі

Білім беру

Адам «өсіруші»

Әрекеттестік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты (мұғалім жағынан)

Диалогты

Оқытудың басым әдісі

Мәліметтілік

Ізденісті-зерттеушілік

 Сабақты ұйымдастыру формасы

Фронтальды-топтық

Жеке бастық, топтық

Мазмұнының негізі

Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдері

Көрсету – түсіндіру – жаттықтыру – бақылау - бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, зерттеушілік әрекет, табылған мәліметті дәлелдеу, шешімді тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Әрекеттестіктегі қызметтер

Мұғалім - жетектеуші, оқушы - орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлесіп жұмыс жасау

Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты

Өте аз

Салыстырмалы

Оқушы позициясы

Қызығуы аз, пассивті

Қызығуы бар, белсенді, ынталы

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде

Әрқашан және мақсатты

       № 2 кесте

Педагогикалық үдерісінің компоненттері

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы                                                                            

Өзін-өзі бақылау, 
Өзін-өзі бағалау, рефлекция

  Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.  
   Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.    
   ДОТ-қа негізделген сабақ:
   1. Оқу мақсаттарының қойылуы
   2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру
   3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
   Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері [2, 37]. 
   Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді. Ол сыныптағы 20 баланың бес-алтысы ғана жаттап алуы мүмкін. Ал он бес бала тақырыпты меңгере алмай қалар еді. Дамыта оқыту оқушының ойлай білуін мақсат тұтады. Себебі оқушыны ойлауға үйретпей тек ережені ғана жаттауға негізделсе, бала ережені түсінбес те еді. Соның салдарынан ереже айтқанда, кітаптағы бір сөзді ұмытып қалса, ереже айта алмай тұратын болады. Өйткені жаттанды біліммен бала ұзаққа бара алмайды. Бала аталған ереженің мағынасын, оның маңызын, қай жерде қолданатынымызды білуі керек. Дамыта оқытуда балаға ережені өзіне шығартуды алға тартады. Сонымен бірге бала бұл ереженің өмірдегі пайдасын түсіне алуын мақсат етеді. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні, дамыта оқыту технологиясының маңызы үлкен болып отыр. Тек оны оқытушылар қауымы орнымен, жүйесімен қолдана алса игі болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Құрманова Н.Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары – Алматы, 2009
2. Давыдов В.В. Теория развивающего обучение. – М., 1996



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Баяндама "Д?ст?рлі о?ыту мен дамыта о?ыту айырмашлы?тары.

Автор: Мукатова Акбота Кайратовна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201817


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства