Просмотр содержимого документа
«Кабилетти окушымен жумыс жоспары »
«№1 Ақшаулі жалпы білім беретін орта мектеп »КММ
Қабілетті оқушымен
жүргізілетін жұмыс жоспары
Информатика пәні мұғалімі: Адилбекова А.Н.
2014-2015 оқу жылы
Түсінік хат
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген Абай. Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс – әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.Дегенмен табиғат бәріне оны бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжрибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала барынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді. Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», -деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен дарынды дегеніміз – адамзат баласыныңбасқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда (оқушыларда ) кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар:
Оқушының танымдық (білім) іс-әрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы.
Психологиялық жоғары дамуы.
Дені сау, жан-жақты толық дамуы.
Ойлау қабілетінің озық болуы.
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етене жақын түсінуі.
Туа бітті шығармашылық қабілеттің болуы.
Теориялық материалды толық игеруі.
Материалды игеруде табандылық көрсетуі.
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы.
Өзіне – өзі талап қоя білуі.
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.
Қабілетті оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері:
Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білуі;
Тақырып бойынша модель құруға үйрету;
Алынған білімдерін әр сабақ сайын дамыту;
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы.
Өзіне – өзі талап қоя білуі.
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.
Информатика пәні бойынша қабілетті оқушылар тізімі:
Айтказина Анель 10 «А» сынып
Анель оқуға ынтасы жоғары, зерек, және ынталы. Оқу озаты.
Ерекшелігі: Сабақта өте белсенді. Интернет олимпиаданың белсенді қатысушысы. Болашақта медицина жолына түсіп, дәрігер мамандығын игергісі келеді. Өмірлік ұстанымы - еліне қызмет ету. Қызығушылығы мол.
Амантаева Дилнара 8 «А» сынып оқушысы.
Дилнара оқу озаты.Өте зерек.
Ерекшелігі: Мектеп өмірінде өте белсенді. Қоғамдық жұмыстарды жауапкершілікпен атқарады. Интернет олимпиаданың белсенді қатысушысы.
Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізудің мақсаттары
мен міндеттері:
Қабілетті оқушының ақыл – ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
Жан – жақты ақпараттандыру;
Коммуникативті бейімдеу;
Білімінің бағасын арттыру;
Информатика пәні бойынша білім – білік дағдыларын қалыптастыру;
Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
Өз ойын жеткізуге, еркін сөйлеуге, өзіндік білім алуға жетелеу;
Қабілетті оқушыны жан – жақты тәрбиелеу;
Қабілетті оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін – өзі жарнамалануына көмек көрсету.
Қабілетті оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспар
2014-2015 оқу жылы бойынша
Сынып жетекшілері және педагог – психологімен кеңесе отырып қабілетті оқушылар тізімін жасау.
Қабілетті оқушыларға арналған жұмыс жоспарын құру.
Тізім құру.
Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Оқушылардың ерекшеліктерін ескеру.
Қабілетті оқушылармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
Жоспарға байланысты оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу.( рефераттар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар)
Жоспарға байланысты өз бетімен ізденіп оқуды дамыту, ұйымдастыру.
АКТ технологиялар элементтерін пайдалану. Презентация жасату.