Просмотр содержимого документа
«М?тінді кесте т?рінде безендіру»
Сабақ тақырыбы: Мәтінді кесте түрінде безендіру Білімділік мақсаты: Оқушыларғамәтінді қалай кесте етіп жазуға болатынын үйрету, сонымен қатар оның өлшемдерін өзгертуді, жылжытуды, деректерді енгізуді, редакциялауды үйрету. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау, ой-өрісін, жан-жақты ойлау қабілетін, өмірге деген көзқарасын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды азаматтыққа, еңбек мәдениетіне, сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі:Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тесттік,ассосация, түсіндірмелі-иллюстративтік. Көрнекілік: Компьютер, электронды оқулық, дәптер, бағалау парағы. Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі,орыс тілі.
С а б а қ б а р ы с ы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.(Кезекші рапорт береді, жоқ оқушыларды белгілеу, бағалау парағын тарату) (1 мин)
Оқушылар назарын сабаққа аудару үшін сергіту ойынын ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта біз Мәтіндік құжаттарды пішімдеуді үйренген болатынбыз.
1. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушыларға компьтер арқылы орындайтын тапсырма беру.
Тапсырма шарттары:
« Берілген мәтінді компьютерде теру. Ол үшін: Пуск- Программы- Microsoft Office — Microsoft Office Word 2003 командасын орындау керек.
« Мәтін тақырыбын жирный, курсив етіп қызыл түспен жазу керек. Мәтін дәл ортада орналасу керек.
« Абзац арқылы мәтінді Times New Roman 14 шрифтпен жазылу қажет.
« Бірінші абзацты көк түспен, курсив етіп жазу керек.
« Екінші абзацтағы мәтінді нөмірлеу арқылы жасыл түспен жазу керек және алдын –ала көру батырмасы арқылы құжатты көріңіз.
Терілетін мәтін.
Сыртқы құрылғылар
Сыртқы құрылғылар — кез –келген есептеу кешенінің маңызды құраушы бөлшегі. Басқару жүйесінде және жалпы халық шаруашылығында дербес компьютерді қолдану тиімділігі және мүмкіндіктері көбіне сыртқы құрылғының құрылымына және сипаттамсына байланысты.дербес компьютердің сыртқы құрылғысы машинаның қоршағанортамен. Қолданушылармен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ-мен қарым-қатынасымен қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр түрлі, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.
Сонымен, қызметі бойынша сыртқы құрылғының мынадай түрлерін ерекшелеуге болады:
Сыртқы сақтау құрылғысы немесе дербес компьютердің сыртқы жады;
Қолданушының диалог құралы;
Ақпаратты енгізу құрылғысы;
Ақпаратты шығару құрылғысы;
Байланыс және телекоммуникация құралдары.
3. Жаңа материалды түсіндіру (20 мин)
Сабақ тақырыбы: Мәтінді кесте түрінде безендіру
Жоспары:
I. Кестелер құру
II. Кесте менюінің көмегімен кестенің өлшемдерін анықтау
III. Кестенің деректерін енгізу және редакциялау
IV. Кестені жою
Мағынаны тану
Мәтін
Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады:
Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «Tab» пернесін басыңдар.
Бір жолда кейін қарай оралу үшін «Shrift+Tab»пернелері үйлесімін басыңдар
Жолдан жолға көшу үшін «T» және «I» пернелерін пайдаланыңдар.
Перненің атауы
Атқаратын қызметі
Tab
Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін
Shrift+Tab
Бір жолда кейін қарай оралу үшін
T және I
Жолдан жолға көшу үшін
Кесте. Кесте бойымен орын ауыстыратын пернелер
І. Кестелер құру
Word кез-келген көлемде мәтіндік және графикалық ақпараттардан кесте құруға мүмкіндік береді. Кесте төмендегідей элементтерден құрылады:
« Жолдар хабарды көлбеу бойымен бейнелейді.
« Бағаналар хабарды тігінен бейнелейді.
« Ұяшықтар жол мен бағанның қиылысында түзілетін торлар.
Word құжатқа кесте орналастырудың үш түрлі әдісін ұсынады:
« Құжатқа кестені тінтуірдің көмегімен сызу;
« Бағаналар мен жолдардың санын беру жолымен кестенің мөлшерін анықтау.
« Тінтуір мен суырмалы менюдің көмегімен кестенің мөлшерін анықтау.
ІІ Кесте менюінің көмегімен кестенің өлшемдерін анықтау
Егер сендер кесте өлшемін мұқият басқару жолымен асықпай жасағыларың келсе, Word – тың ашылатын менюін пайдаланыңдар.
Таблица- Добавить Таблица командасын таңдаңдар. Вставка таблицы диалог терезесі пайда болады.
Число Столбцов өріміне қажетті бағаналар санын енгізіңдер.
Число Строк өрісіне қажетті жолдар санын енгізіңдер.
Автоподбор ширины столбцов тобынан үш ауыстырып қосқыштың біреуін таңдап алыңдар.
« Постаянная (тұрақты қосқыш) сендер авто мәнін таңдай аласыңдар, ал, бұл, бағананың ені ондағы мәтінге байланысты болады дегенді білдіреді. Бұл параметрдің мәндері сантиметрмен анықталады.
« По содержимому (Мәтіні бойынша) . Бағананың ені онда орналасқан ең ұзын жолға байланысты болады.
« По ширине (терезенің ені бойынша). Кестенің ені осы кесте бейнеленген терезе енінің негізінде белгіленеді.
ОК батырмасын шертіңдер.
ІІІ Кестенің деректерін енгізу және редакциялау
Кесте ішіне деректер енгізу немесе редакциялау үшін деректері бар ұяшыққа шертіңдерде басу және редакциялау үшін пернетақтадағы әдеттегі пернелерді пайдаланыңдар. Кесте бойымен орын ауыстыруға мынадай пернелер пайдаланылады.
« Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін «TAB» пернесін басыңдар.
« Бір жолда кейін қарай (солға қарай) қайтып оралу үшін «Shrift+tab» пернелері үйлесімін басыңдар.
« Жолдан жолға өту үшін «Т» немесе «і» пернелерін пайдаланыңдар.
IV Кестені жою
Кестені екі тәсілмен жоюға болады.
« Кестенің бүкіл мәтінімен бірге жою.
« Кестенің тек мәтінін (бос ұяшықтар мен кесте пішінін өзгеріссіз қалдыра отырып) жою.
Кестенің өзін емес керісінше тек оның мәтінін ғана алып тастау үшін мына әрекеттерді орындаңдар.
Тінтуір арқылы кестенің кез-келген жерін шертіңдер.
Таблица- Выделить Таблица командасын таңдаңдар.
«Delete» пернесін басыңдар.
Word таңдаған кестені алып тастайды.
Бүкіл кестені алып тастау үшін мына әрекеттерді орындаңдар.
Алып тасталатын кестенің кез-келген жеріне тінтуірмен шертіңдер.
Таблица- Удалить таблица командасын таңдаңдар.
Word таңдаған кестені алып тастайды.
6. Жаңа материалды қорытып, бекіту. (10-13 мин)
Оқушылар бүгінгі сабақта біз кез-келген мәтінді кесте түрінде жаза алатынымызды білдік. Кез-келген сәтте кесте құрып , оған мәтін енгізуге болады және кестеге енгізілген мәтінді өшіруге, редакциялауға болады, сонымен қатар кестеге кесте қосуға немесе оны жоюға болатынын түсіндік.
Сергіту ойыны: Оқушылармен бірге сергіту ойынын ойнаймыз. Ортаға бір оқушы шығады. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаймын, мысалы: монитор — оңға, процессор — солға, пернетақта — алға , тышқан — артқа қарауы керек. Шатаспай орындау қажет.
«Техникалық диктант»
v Таблица — Вставить Таблица командасының көмегімен ……… құруға болады.
v Число Столбцов өрісіне қажетті ……… санын енгіземіз.
v Число строк өрісіне қажетті……….. санын енгіземіз.
v Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін …….. пернесін басамыз.
v Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, ………… командасын орындаймыз.
«Техникалық диктант» жауаптары
v Таблица — Вставить Таблица командасының көмегімен КЕСТЕ құруға болады.
v Число Столбцов өрісіне қажетті БАҒАН санын енгіземіз.
v Число строк өрісіне қажетті КЕСТЕ санын енгіземіз.
v Меңзерді бір жолда бір ұяшыққа оңға қарай жылжыту үшін TABпернесін басамыз.
v Керек емес бағанның барлығын өшіру үшін бағанды белгілеп, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, Удалить Столбцы командасын орындаймыз.
Барлығымыз бірге жұмбақ шешейік. Маған сол жұмбақтың жауабының орыс және ағылшын тілінде аудармасымен бірге жауап берулерің керек.
1.Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың. /тышқан/ (мышка- mouse)