Сабақтың мақсаты | Білімділік: Оқушыларды обьектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен , оларды жою, қалпына келтіру ережелерімен таныстыру; Алмасу буфері туралы түсінік беру. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылык: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. |
І.Ұйымдастыру түгендеу, сергіту. | Сабаққа көңілдерін аударту, тазалыққа көңіл бөлу. | Кезекші оқушы мәлімет береді. | |
ІІ.Үй тапсырмалары.(үйден дайындалып келетін тапсырмалар) | Оқушылардың жасап келген постерлерін талдап, сұрақтар қойып, оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру. | Постер. І топ. Бұмалар ІІ топ. Жарлықтар | Топпен жұмыс |
ІІІ.Өткен материалдардың білімін тексеру. /түсіну/ кім?, не?, қашан?,қайда?,не істеді?. | Оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. | Сұрақтарға жауап берді | |
ІV.Жаңа материалдарды түсіндіру. /неліктен? себебі? не үшін? неге?/ | Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен. Объектіні капшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін, тышқан нұсқағышын объектінің үстіне орналастырып, оның оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға жылжьггады да, батырманы босатады. Бұдан кейін экранда динамикалық меню пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса, Копироватъ, жылкыту қажет болса, Переместитъ, ал таңбаша жасау қажет болса, Создатъ ярлык командаларының бірін таңдауға боладь. Алмасу буфері — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Удалить командасын орындау. | Әр топқа плакат үлестіріледі. Оқушылар бірлесе отырып топпен жұмыс жасайды.Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді. - Нысандарға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер? - Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз? - Қандай нысандар шектес нысандар деп аталады? Тапсырма: 1.Оқыту пәндері атты бума құрыңдар? 2.Бумалардың көшірмелерін жасаңдар? 3.Олардың атын өзгертіңдер? | Топпен жұмыс Жұппен жұмыс Компьютермен жұмыс |
Рефлексия | Мұғалім оқушыларға стикер үлестіреді. -Сабақ ұнады ма? -Не білгің келеді? -Не білдің ? Өз ойларын жазады. | Оқушылар стикерді алып, өз пікірлерін жазып, тақтаға іледі. | |