Биылғы жыл ерекше болып отыр. Елбасымыздың қамқорлығының арқасында, білім саласы жылдан-жылға жақсы жетістіктерге жетуде. Осы жетістіктердің бірі Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша құрылған үш айлық оқу курсы. Осы курсқа келіп, кәсіби біліктілігімді арттырып, көптеген ұстаздармен тәжірбие алмасуым мен үшін үлкен бір жетістік болды. Басты мақсатым- оқытуда жеті модульді пайдаланып, заман талабына сай бәсекеге қабілетті терең білімді,ұшқыр ойлы ұрпақ қалыптастыру.Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Мұғалім оқушылар білім алу үшін: білім алу үдерісін түсінуіне,нені оқу керектігін түсінуіне, білім алу үдерісін қалай құрылымдауын білуіне,оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруіне аса назар аудару керек. Білім беруде диалогтің рөлі зор, өйткені балалар диалог арқылы тақырыпты ашып, талқылап, қорытынды жасап, дұрыс жауапқа көз жеткізеді.. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе оқушылардың өз ойын ортаға салуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Кембридж тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, қашықтықтан оқыту кезінде:іс-тәжірибемде жеті модуль бойынша информатика пәнінен сабақ өттім. Алдыма мақсат қоя отырып, оқушыларды топқа бөлу арқылы тақырыпқа сай түрлі тапсырмалар беріп отырдым. Оқушылар топпен бірлесе отырып тапсырманы орындады.Тапсырма барысында бір –бірінің жіберген қатесін екіншіншісі түзеп, ой бөлісіп, пікір алмасып,әңгіме-дебат жүргізу барысында, бірлесе жұмыс жасай отырып,оқушылардың сөздік қоры көбейеді, сөйлеу мәдениеті жетіледі, сұрақ қоя алады, қалай жауап беруді үйренеді. Сабақ соңында оқушылармен «нені білдім, сабақ несімен қызық болды » сұрақтары арқылы кері байланыс жасайды. Сонымен бірге критерийлер арқылы бірін-бірі бағалап отырады. Көп жағдайда біз баланың пікіріне назар салмағанымыз осы әдісті пайдалану арқылы түсіндім.
Баршаңызға осы бір игі істің бастамасында сәттілік тілеймін. Институт ұжымына шынайы алғысымды білдіре отырып, үшінші топ тренері Ғалым Бұлтұлына зор рахметімді айтамын. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын.