Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді. Астанасына қарап елін таниды деп Елбасы айтқандай аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірерлік сыр жатыр емес пе ?
Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін жиырма жыл аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та болса бас қаласы қалыптасты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Астана – болашақтың қаласы"»
Астана – болашақтың қаласы
«Астана-отанымыздың жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі»
Н.Ә.Назарбаев
Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой көтерді. Астанасына қарап елін таниды деп Елбасы айтқандай аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірерлік сыр жатыр емес пе ?
Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін жиырма жыл аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та болса бас қаласы қалыптасты. Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналғаны ақиқат. Арқа төсіндегі сәні мен салтанаты жарасқан елорда бүгінде озық идеяларды, жаңа ғылыми шешімдер мен сәулет өнерінің озық үлгілерін өмірге әкелетін жерұйық іспеттес «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды.
Осындай көркі мен келбеті келіскен, сән салтанаты қалыптақан Астанама өзімнің жүрегімнен шыққан жырымды арнаймын:
Астана ару қала жер бетінде,
Жұртшылық тамсанады келбетіне.
Алматы тілеуінді тілеп ақ тұр,
Ертеңіне елендеп ел шетінде.
Атыраумен Алтайдың атырабы,
Қазақтың киелі ғой топырағы.
Жиырма жылдық торқалы тойынды ел,
Әні, күйі, жырымен толтырады.
Тойласын ел, тойласын дүйім жұртым,
Бөленсін жыр думанға ішін-сыртың.
Жиырма емес, жүз де емес, мың жылдықты,
Ұлан-асыр той еткей дүркін-дүркін.
Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналсын. Лайым солай болғай.