ма?саты: білімдік – ?аза?станны? мемлекеттік т?уелсіздігін алу, ішкі-сырт?ы саясатта ж?ргізілген игі істер ж?не ?Р Конституциясыны? ма?ыздылы?ы,Елбасыны? р?лі туралы білім беру;
Просмотр содержимого документа
«?АЗА?СТАН – Т?УЕЛСІЗ ЕЛ. ?Р КОНСТИТУЦИЯСЫ»
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
оқытушылары Асқарова Ұлбала Молдахметқызы,
Баймұратов Сабыр Амангелдіұлы
Қазақстан тарихы пәні бойынша ашық сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ
мақсаты: білімдік – Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алу, ішкі-сыртқы саясатта жүргізілген игі істер және ҚР Конституциясының маңыздылығы,Елбасының рөлі туралы білім беру;
тәрбиелік – Отансүйгіштік сезімге баулу өз құқықтарын білуге, қоғамдық міндеттерін орындауға тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушылардың танымдық және жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, топта жұмыс істеу біліктілігіне ықпал ету.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ ;
типі: жаңа білімді меңгерту;
оқыту әдісі: оқытудың инновациялық (СТО,сатылай комплексті талдау элементтері) және дәстүрлі (ізденіс, түсіндіру лекциясы, ойын, сұрақ – жауап т.б) технологияларының элементтері т.б.
Көрнекілігі: 1. Дүние жүзінің саяси картасы;
2. Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған ойын
әдістерінің көрнекіліктері;
3. Қанатты сөздер
Техникалық оқу құралдары: 1. Интерактивті тақта
2. Флипчарт т.б.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Құқық негізі,
География, Саясаттану негізі.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:
Ұйымдастыру жұмыстары
Оқушыларды түгелдеп, дәрісхананың сабаққа қажетті көрнекіліктермен жабдықталғанын тексеру.
Сабақта жасалынатын әрекеттер:
-топтық,жеке жұмыс,
“ойлан,тап” ойыны
“Б.Б.Б.” кестесімен жұмыс,
шығармашылық жұмыс.
Жаңа тақырыпқа кіріспе
«Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иeci»-деп Елбасы сипат берген мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесіне бүгінгі Қазақстан-тәуелсіз ел. Қазақстан Республика-сының Конституциясы»тақырыбымызды арнаймыз. Тақырыпты тек тарихи тұрғыдан ғана емес, Конституциямыздың құқықтық маңызды-лығын түсіндіру мақсатында кіріктірілген сабақ түрінде өтеміз. Бүгінгі сабақты «Мұнай және газ» бөлімінің ЭН(рб) -14о тобымен «Дүние жүзі тарихы» пәнінің оқытушысы Асқарова Ұлбала Молдахметқызы және «Құқық негізі» пәнінің оқытушысы Баймұратов Сабыр Амангелдіұлы жүргіземіз.
І.Қызығушылықты ояту фазасы. “Менің елім-Қазақстан” бейнефильмнен үзінді көрсетіп, оқушылардың Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ойларын ортаға салып, “Білемін, Білгім келеді, Білдім” кестесімен жұмыс жүргізу.
ІІ.Мағына тану фазасы.
Тақырып жоспары:
1.Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Тәуелсіздік қадамдары;
1.2. Қазақстан әлемдік қауымдастықта
2.Тәуелсіз елдің Ата Заңы.
2.1.Конституция-мемлекеттіліктің басты белгісі.
2.2.Президенттік басқару нысаны.
ІІІ.Ой-толғаныс фазасы
Алған білімдерін пысықтап, жүйелеп,қорытындылау мақсатында үш топқа бөлінеді.
а)“ойлан,тап”ойыны;
ә) криптограмма шешу;
б)“Б.Б.Б.” кестесін толтыру.
Үй тапсырмасы
1.“Тәуелсіз Қазақстанның мәдени дамуы” – студенттің өзіндік
жұмысы
2. “Киелі мекен- Қазақстан” тақырыбында шағын эссе жазу