Енді топпен ж?мыс жасаймыз. ?р топ?а жеке тапсырмалар беріледі. Жалпы ою-?рнектерге т?с бергенде ?йлесімді болуын ж?не б?йымды с?ндеу кезінде ?рнектерді? т?стері ашы? т?стермен жасалуын ескреу керек екендігіне то?таламын. Плакатта?ы оюларды? к?мегімен ?ол?нер б?йымдарын с?ндеп, ??деп, топ басшылары ?орытынды жасап ?з ж?мыстарын ?ор?айды.
1 топ?а – к?рпеше с?ндеу (К?рпеше т?сі ?ызыл бол?анды?тан о?ан сары т?сті ою жапсырады)
Просмотр содержимого документа
««Ою – ?рнек ой айтар »»
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Технология,сызу,бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Кенжегалиева Құндыз Жалғасбайқызы.
Сабақтың тақырыбы:
«Ою – өрнек ой айтар »
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ою-өрнек туралы туралы білім беру,сәндік қолөнерге ынтасын арттыру,әр-түрлі өрнектермен таныстыру.Өнерді алдымен көркем тілмен баяндай отырып,сөз өнері арқылы баланың шығармашылық қабілетін ояту.
Оқушылардың сәндік қолданбалы өнерден көркемдік білімдерді игеру арқылы қиялын дамыту.
Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы ұлттық дәстүрді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: салт-дәстүр бағытында сарамандық сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Ою-өрнек ерте кезден –ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа,тасқа,сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті.
Ою – өрнектер
Өсімдік тектесЗооморофтық Космогониялық
Өсімдік тектес ою-өрнектер: «алмагүл», «гүл», «үш жапырақ», «жауқазын» - оюлары әйел және ер адам киімдеріне қолданады.
Космогониялық яғни ғарыш сипатты оюлар: «айшық», «ай гүл», «жұлдыз гүл», «топ жұлдыз» оюларын сырт киімдерді өрнектеуге пайдаланады.
Зооморофтық яғни мүйіз тектес ою-өрнектер «қошқармүйіз», «қос мүйіз», «төртқұлақ» т.б. кілем,текемет,сырмақ,қоржын,көрпешелерде қолданылады.
Қазақ шеберлері қолданатын ою – өрнек элементтері:
а) аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты
ә) заттардың атауына байланысты өрнектер
б) эпиграфиялық өрнектер
в) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ою-өрнектер элементтері.
ІІІ. Сарамандық жұмыс.
Енді топпен жұмыс жасаймыз. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Жалпы ою-өрнектерге түс бергенде үйлесімді болуын және бұйымды сәндеу кезінде өрнектердің түстері ашық түстермен жасалуын ескреу керек екендігіне тоқталамын. Плакаттағы оюлардың көмегімен қолөнер бұйымдарын сәндеп, өңдеп, топ басшылары қорытынды жасап өз жұмыстарын қорғайды.
1 топқа – көрпеше сәндеу (Көрпеше түсі қызыл болғандықтан оған сары түсті ою жапсырады)
2 топқа – аяққап сәндеу (Аяққап түсі қызыл болғандықтан оны әр түрлі түспен өрнектеу).
Техникалық қауіпсіздік ережесін үнемі бақылау, санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау.
Жаңа сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
Ою-өрнек түрлерін таныдық па?
Жаңа ою түрін жасап үйрендік па?
Ою-өрнектердің түсін шештік пе?
Оюлармен қолөнер бұйымдарын сәндедік пе?
Сөйлем құрастыр:
Н
О
К
Е
Ю
Р
Ө
Й
О
А
Р
А
Т
-
Й
«Ою – өрнек ой айтар»
Сабақты қорытындылау:
Әрбір топтың жұмысына талдау жасалып, әдемілігі, сәнділігі,ою-өрнегінің үйлесімділігі бағаланып,қорытындыланады.
Үйге тапсырма: Қазақтың ою-өрнектері туралы мағлұмат жинақтап реферат жазып келу.