Абай т?тас бір ?лем. Оны? аспаны биік, т?бі т???иы?, ?шы ?иырына жетпейтін ке? д?ние, адам оны ???мыр бойына игеріп, бола алмай келе жат?ан алып. О?ан насихат ж?рмейді. Тек оны? ж?регіні? т?біне тере? бойлап, ?ніле о?у, т?йсіну, сезіну абзал.Абайды? ?лген к?нінен ?анша алыстаса?, рухына сонша жа?ындармыз. Халы??пен Абай арасы махаббатпен жал?асар деп кезінде М.Дулатов айт?андай Абайды? шы?армалары к?н оз?ан сайын адамзатты тол?андыруда. Себебі, Абай м?ралары адамгершілікті?, имандылы?ты?, парасатылы?ты? асыл ?азынасы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Абай жа??ан с?уле ?шпес" »
Абай жаққан сәуле өшпес
«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз... Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндері біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар» деп Мыржақып Дулатұлы айтқандай Абайдың шығармалары күн озған сайын адамзатты толғандыруда. Бұның құпиясы неде? Ақынның сан-алуан тақырыпта жазылған өлеңдері мен терең ойлы қарасөздерінде оқырман қауым өздерін мазалаған сұрақтарына жауап табуда.Үндестік, сабақтастық деген міне осы емес пе?!
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Біз осы күнге дейін Абайды ақын, ұлы ойшыл ретінде таныдық. Абайтану негізін қалаған М.Әуезовтен бастап ғалымдарымыз Абайдың ғылыми мұраларын талдап, екшеп, таразылап ой-тұжырымдарын жасады. Бұл -біз үшін үлкен қазына, байлық.Ғалымдар ғылыми тұрғыдан таразыласа, біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз. Соның бірі қазіргі әрі- сәрі заманда тілден, діннен безген кейбіреулерді көре тұра, ұрпағымыздың болашағынан айырылып қалмау үшін ақынның өнегелі сөздерінен өрелі тәрбие беру маңызды деп ойлаймын.Мектеп бағдарламасында Абайдың философиялық ой-тұжырымдары айтылған қарасөздерінен бірнешеуі берілген, М.Әуезов : «Абай діні- сыншыл ақылдың шартты діні» деп ,Абай дінді адамгершілік тұрғысынан түсіндіретінін айтады. «Жиырма сегізінші», «Отыз төртінші» «Отыз сегізінші»қарасөздерінде және «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» т. б. өлеңдерінде Абай «Алла-тағала өзі-хақиқат жол, Ғалым-алланын бір сипаты дей келе, адам баласы бұл өмірге қонақсын, азғантай өмірде бір-біріңе күндестік етпей, достық қатынаспен өмір сұр»,-деп айтады .«Отыз сегізінші »
Сөзінде ақын адам баласына оның мінездері туралы өз пікірін, ақылын айтады. Ол «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі-надандық, екінші- еріншектік , үшінші-залымдық деп білсін. Надандық- ғылым-білімнің жоқтығы,дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік –хайуандық болады . Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, кедейлік, ұятсыздық-бәрі осыдан шығады. Залымдылық –адам баласының дұшпаны. Бұлардың емі-халқына махаббат,халық ғаламға шапхат, қайратты, тұрлаулы ,ғадалад ісінің алды-артынан байқарлық білімі, ғылымы болсын.»
Бұл Абайдың ғылымды жүйелеуінен толық түсінік береді. «Алланын өзі де рас, сөзі де рас» өлеңі Абай мұрасындағы дін жөніндегі айтылған пікірлерді бір жерге жинақтайды. Алла еш уақытта өзгермейді, алла адамзатты ерекше махабаттпен артықша етіп жаратқан , сондықтан ,сен, әуелі алланы сүй, содан соң адамды сүй, әділетті сүй дейді. Сондай –ақ адам бойындағы кейбір қасиеттер, халыққа зиянын тигізеді. Олар: пайдакүнімдік, мақтаншақтық, әуесқойлық деп талданып түсіндіріледі.
Абайдың дүниетанымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді. Солай бола тұрса да ақын кұдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің өзі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, философиялық ойларының көпшілігін де адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. Адам мәселесін Абай әр түрлі: философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық көзқарастан қарастырған. Абай Жетінші сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеклік. Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», - дейді ойшыл-ақын.Ақынның дүниетанымы шынайы заттарды тануға және адамдар бақытын о дүниеден емес, жарық дүниеден іздеуі керектігіне бағытталды. Ойшыл-ақын, әсіресе, ғылыми ақиқатты жоғары бағалады: «... әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!» Ол діни қағидалардың мәнін аша келіп, Алланың «барлығының» өзіне, оның құдіретті күшіне деген сенімге күдік келтіреді: «Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Алла мен бүкіл басқа дүниенің арақатынасын бұлайша түсіндіру, құдіреттің ұйғарымынсыз ешнәрсе де жасалмайды деп пайымдайтын Құран қағидасынан тікелей бас тарту болып табылады. Абай дүниетанымы бұлжымайтын қағида мен нанымға негізделген тапжылмайтын дін сияқты емес, санаға сүйенеді. Ол өзінің бірқатар өлеңдеріңде молдаларды, мұсылмаңдық қағидаларды уағыздаушы дін қайраткерлерін, ырымшылдық пен қараңғылықты қатал сынап, айыптайды. Абай мұрасында таным мен логика мәселелері ерекше орын алады. Қоғамдық өмірдегі ғылым мен білімнің маңызын жоғары бағалап, оларды әлеуметтік жаңалықтармен тығыз байланыстырған ақын таным қызметін қоғамның үздіксіз дамуындағы басты күш деп есептеді. Ол объективті әлемді тану мүмкіндігін және оның даму заңдылықтары мәселелерін дұрыс шешті. Оның ойынша қандай да болмасын білімнің, ақиқаттың қайнар көзі адам өзінің сезім мүшелері арқылы танитын объективті шындық. Біздің біліміміздің салыстырмалы шама екенін айта келіп, Абай «... хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретімен көзге түседі. Ол көңілге түсіруші... бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемекке», - деп атап көрсетті. Ол таным мәселесін шешкенде ерікті адамның жеке басы мен оның белсенді күресіне деген сеніміне сүйенеді. Адамды дәрменсіз, әлсіз жан иесі деп қарайтын діни ілімдерге қарама-карсы ойшыл-ақын адамды белсенді, саналы, жасампаздық қызмет атқара алатын қуатты күш деп санайды. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза, еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады»,деп қарады. Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ, оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Бала рухани қасиеттерін жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен, ол қоршаған ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігіңде деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, келісті керімдігіне және қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып ықыласың және ақылың жетпейді». Данышпан нұсқаған жолмен жүріп, оның өсиеттерін бұлжытпай орындаған адамның жан сарайы күннен-күнге тазарып, кемелденудің биік деңгейіне шыға алады.