kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра отырып, функционалдық сауаттылықты дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.»

Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.


Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра отырып, функционалдық сауаттылықты дамыту.

Міндеттері:

  • Оқу сауаттылығын арттыруда, ғылыми әдістемелік теорияға шолу.

  • Оқушы ойын еркін де көркем жеткізе білу үшін тиімді әдістер қолдану.

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып нәтижеге жету.

Тақырыптың өзектілігі

  • Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін дамыту үшін оқытудың тиімді технологияларын қолдану;

  • Өздігінен жұмыс істей алатын дағдыларын қалыптастыру;

  • Тіл байлықтары дамыған құзырлы, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;

Ғылымилығы:

  • Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыта отырып, өзіндік жеке тұлға қалыптастыру, «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы және үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын қолдану;

Күтілетін нәтиже болжамы:

  • Өз ойын еркін жеткізе алуы;

  • Алған білімдерін өмірде қолдана білуі;

  • Проблеманы шешу құзыреттіліктерінің қалыптасуы ;

  • Жұпта пікірлесіп, топта ойларын ортаға салып талқылауы;

  • Жеке тұлға ретінде өз ойын тұжырымдап, қорғай білуі;

  • Оқу сауатының артуы;


Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту.

Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді, өз білімдерін дәлелдей алмай жатады. Неге? Бұл әрине ойланатын сұрақ.

Еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді, ең сабырлы серігі - кітап» -дегендей кітап оқу арқылы ғана білім мұхитында еркін жүзіп, іздеген мұратымызға жете аламыз. Кітаптың құндылығы жайында дана халқымыз «Білімнің бастауы - кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді.

Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.

Қазақстанда оқушылардың білім жетістігінің PISA/ Pearls Халықаралық (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп отыр. PISA жобасы ЭЫДҰ мүше елдерінің бірлескен күш-қуатымен 1997 жылы оқушылардың білімі мен машықтарын халықаралық деңгейде бағалау үшін әзірленген болатын. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етіп отырғаны да сондықтан. 2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді.

Осыған орай көптеген әріптестерім сияқты мені де жиі мазалайтын сұрақ: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Балалар өздері кітапты оқып, ойланып, талдап, еркін пікірталасқа түсе алатындай дәрежеге қалай жеткіземіз ?

Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.  «Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Бастауыш сыныпта алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұялшақ, өз-өзіне сенімсіз, жаутаңдап мұғалімнен бір жаңалық күткендей таза көңілмен үміттене қарайды.Сондықтан өзін еркін ұстап, өз ойын ашық айта алатын саналы оқушыны бастауыш буында қалыптастыру қажет. Баланы қорқыту, зеку , айтқанын қалайда орындату арқылы оқыту үлкен қателік.

Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдандым. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану үшін оқушылардың ойларын еркін жеткізуге, ізденуге, ойлануға уақыт беріп, пікірлерін дәлелдей алуға мүмкіндік беру керектігін түсіндім. Оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе немесе ойын еркін жеткізе алмаса мұғалім қатені өзінен іздеп, өзіне сыни көзқараспен қарау керек. Негізі бастауыш сынып оқушылары кітап үшін оқуды ұнатады. Сондықтан да балалардың оқуы үшін кітап таңдап алуын үлкендер қадағалап отыруы тиіс.Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет.Кітаппен жұмыс жасау,оқушының білім сапасын көтерудегі қажетті жағдай. Баланың жалпы дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.

Сондықтан мен жаңа әдістермен, оның ішінде «Отбасылық оқу сауаттылығы» арқылы жұмыс жасаған өте тиімді деп есептеймін, жұмыстың тиімділігіне оқушы біліміндегі нәтиже барысында көзім жетті. Менің сыныбым екінші сынып болғандықтан, бұл жобамен жұмыс жасау барысында ең алғаш күндерінде менің бойымда, әрине, қорқыныш,сенімсіздік болды. Себебі, қазіргі теледидар, компьютер, ұялы телефон дамыған заманда балаларды кітапты өз беттерімен оқып, талқылап, оны ортада шығып қорғау, дәлелдеу мүмкін бе ? деген сұрақтар туындады. Бірақ, күнделікті әріптестеріммен, ата-аналармен, оқушылармен талқыланған түрлі пікірталастардан кейін көзқарасымның өзгергенін және осы әдістің тиімді екенін түсіндім.

Өздігінен кітап оқуды жан-жақты дамытып жетілдіру үшін, балаларға үнемі жоспарлы әңгіме айтып, олармен әңгімелесіп, кітапханаларға саяхат жасап, «Оқу конференциясын» ұйымдастырып, өткізу-осылардың бәрі оқушылардың ойын оятып, білу құмарлығын арттырып, өздігінен кітап оқуға үйрететін жұмыстар.

Кітап оқуды ұйымдастырудағы жұмысым нәтижелі болу үшін, алдымен әдебиеттік оқу сабақтарында әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын қатаң есепке ала отырып, дауыстап оқу арқылы жеке сөздерді дұрыс оқуға, сөйлем ішіндегі сөз мағынасын дұрыс түсінуге әбден жаттықтырып, әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде олардың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйреттім. Осындай дайындық жүргізгеннен кейін ғана, оқушылардың өздігінен кітап оқу жұмысын дұрыс жолға қойып, «Отбасылық оқу сауаттылығы» » арқылы жұмыс жасадым. Оқу конференциясы болатыннан бір ай бойы балалардың мүмкіндігіне байланысты кітап оқуды талап етіп, оқушыларға кітапты отбасымен бірігіп оқуға ұсындым. Кейбір оқушылар қызыға кірісті, кейбіреулері сенімсіздікпен, түсінбеушілікпен қабылдады. Ата- аналар тарапынан да кедергілер туындады , көбісі өздерінің уақыттарының жоқтығын, отбасымен кітап оқу қалай болады деп түсінбеушілік танытып, жауапкершілікпен қарамады. Ата –аналар жұмыс бабымен көп жүретіні, кітап оқуда ата-аналар тарапынан көмек болмайтын кездері де анықталды. Оқушылар нақты бір кітапты , тақырыпты таңдауда қиыншылық туындады немесе таңдаған тақырыптарынан ауытқып кетіп отырды. Ата-аналармен жиналыс өткізіп, баласымен кітапты қалай оқыту керектігін түсіндірдім. Ата-аналар тарапынан өздерінің қолдайтынын айтты. Оқушыларға кітап оқуға дейін зерттеулер жүргіздім. Бұл зерттеулердің нәтижесі бойынша оқушылар кітап оқуға уақыттары жете бермейтінін айта кетті, себебі бос уақыттарының көбін теледидар, компьютер алдында өткізетінін мойындады. Бірақ, менің байқағаным осы оқу конференциясын өткізу барысында олардың көзқарастарының өзгеруі. Ата- аналарыңның кітап оқып бергенін қалайсыңба? - деген сұраққа барлық бала ата-аналарының кітап оқып бергенін қалайтынын айтты. Бұл сұрақтарға ата-аналар жиналысында тоқталып, әркім өз ойларын айтты. «Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей» – деп Цицерон айтқандай  ата- аналардың отбасылық кітапханаға қол жетімділігін зерттеу үшін сауалнама алдым, нәтижесінде сыныптағы отбасының 80%- ның үйлерінде кітапхананың, оның ішінде балаларға арналған кітаптардың жоқтығы анықталды.

Уйисинбаева Айгеримнің анасы үй кітапханасында балаларға арналған кітаптың мүлдем жоқ екенін айтты. Сонымен қатар ата- аналар балаларымен отырып кітап оқығылары келетінін, бірақ уақыттың жоқтығын да көрсеткен. Бұл сауалнамадан кейін оқушыларымның неге сөздік қорының аз екенін, өз ойларын еркін неге жеткізе алмайтынын және неге қағаз бетіне түсіре алмайтынын түсіндім. Осы кедергілерді жою үшін мен жиі ата- аналар жиналысын ұйымдастырып,оларды осы «Оқу конференциясының» мақсатымен таныстырғаннан кейін, менімен келісіп , қызығушылық таныта бастады. Ата- аналармен өткізген әр кездесуім нағыз шығармашылық жұмыс болды. Олармен өткізетін әрбір кездесулерімді жан- жақты ойланып, бірлескен әрекетте әсер ететіндей дайындықпен өткізіп жүрдім. Сонымен қатар, оқуға алынған әр кітаптың тәрбие, даму бағытында болуы және кітаптың идеясы ата- ананы ойландыратындай бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде ата- анаға әсер ету арқылы балалардың жақсы оқырман болып қалыптасуына ықпалымды тигіздім.

Әр оқушыға күнделікті оқыған кітаптарынан туындаған сұрақтарға жауап жазып отыру үшін дәптер арнаттым. Оқушылар өздерінің кездескен қиындықтары мен сұрақтарын ата- аналармен және менімен бірлесе талдап отырдық. Оқушылар кітапты қызығушылықпен оқи бастады. Оқу процесі оқушылар үшін де, мен үшін де өте қызықты болды. Осы оқу процесі кезінде оқушылармен, ата- аналармен тығыз қарым- қатынаста болып, бұрынғыдан да қатты жақындасып кеттік. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын талқылап, ойларын дәлелдеп, оны өзінің, достарының, ата- аналарының өміріндегі іс- әрекеттерімен сәйкестендіріп отырды.


Мені таңқалдырған орташа білімді, өз ойын еркін жеткізе алмайтын, Ануар деген оқушым. Себебі ол ата- анасымен «Қазақ ертегілері» атты кітапты оқып қана қойған жоқ, олар қазіргі балалар арасында жиі кездесетін мәселелердің бірі шет елден келген, балалар психологиясына кері әсерін тигізетін мультфильмдердің көбеюі, балалардың сол мультфильмдегі кейіпкерлерге еліктеуі және өзіміздің тәрбиесі мол ертегілеріміздің жоқ болу мәселесін талдағаны. Сондықтан да, балалар тәрбиесіне аз болса да өздерінің үлесін қосу мақсатында, өздері оқыған қазақ ертегісінің біріндегі барлық кейіпкерлерді ермексаздан жасап, мультфильмін түсіре бастады. Ануар өзінің ата- анасымен жасаған кейіпкерлерін ортаға шығарып қорғағанда, өзіне сенімді және еркін ұстады. Сонымен бұл «Оқу конференциясы» оқушыларымды тек кітап оқуға емес зерттеу жұмысын бастауларына да итермелегеніне қуандым.

Осы оқу процесін бақылап отырып, балалардың оқуға деген талпынысын көріп, олармен осындай іс-шараларды көбірек өткізу керектігін түсіндім. Себебі, екінші сынып оқушылары өздері күтпеген жаңалықтармен , естімеген табиғаттағы таңғажайыптармен танысып, тек қана ертегі немесе көркем әдебиеттерді ғана оқып қоймай танымдық кітаптарға деген қызығушылық танытулары. Олар әр-түрлі жан-жануарлардың қыр-сырын танып білуге деген ұмтылыстары. Сонымен қатар, оны ата- аналарымен бірге қағаз бетіне барынша әсерлі етіп түсіруге тырысты.

Ата- аналар мен оқушылардың «Оқу конференциясынан» алған әсерлері мен көңіл- күйлерін жазған жұмыстардан байқауға болады:

Аминаның анасы: «Арайлым Қанағатқызына конференцияны ұйымдастырғаны табылған ақыл. Басқа сынып мұғалімдеріне үлгі боларлықтай «Не ексең, соны орасың»- дегендей балаларды ерінбей оқытып,олардың оқуға қызығушылығының артуы, ертеңгі күнде білімді,білікті маман болуы мұғалімге байланысты. Әсіресе, осы Арайлым Қанағатқызындай мұғалімдер көбейсе екен дер едім. Өйткені, білімнің түп-тамыры бастауыш сыныптан қалыптасады ғой. Мұғалімге зор денсаулық, жемісті еңбек, отбасында зор бақыт

тілеймін !»

Зеренің анасы: «Өте ризамыз, балаларды конференцияға қатыстырып ат салысқанымызға, жай ғана оқытып, сабаққа дайындап емес , осындай қосымша жұмыс атқарғаныңызға алғыс айтамыз»

Дамирханның анасы: «Осы конференцияны ұйымдастырған мұғалімге ризашылығымды білдіремін. Кішкене ғана балалардың тілін дамытуына, осы тақырыпқа материал іздестіріп, алға басуына көмек бердіңіз.Отбасымызбен кітап оқыған бізге қатты ұнады»

Шыңғыстың анасы: «Мұғалімге айтар алғысымыз шексіз. Осындай отбасылық оқу арқылы оқушыларын оқуға деген ынтасын арттырып, ата-аналармен бірігіп осындай жұмыс ұйымдастырудың өзі үлкен бір белес деп ойлаймын»

Алмас: «Менің отбасымен оқыған кітабым Қазақстанның таулары туралы. Мен бұрын естімеген көптеген таулар туралы білдім. Олардың қай жерде орналасқанын білдім. Осы кітапты оқу кезінде біз отбасымызбен таудың макетін, буклетін жасадық »

Ақбота: «Мен «Тарихи тұлғалар» деген кітапты отбасымен оқығанда төзімділікке, шыдамдылыққа және өмірде алға басуға үйрендім»

Еркеайым: «Маған кітапты отбасымен бірігіп оқыған ұнады. Мен осы кітаптан мейірімділікке, батылдыққа , туыстарыңды жақсы көруге үйрендім, тағы көптеген жаңа сөздер білдім»

Ата –аналардың сауалнамасын оқып мен мынандай ойға келдім. Ата –аналардың көбі кітап оқытуды мұғалімнің міндеті - деп ойлайды. Өйткені, олар балалары кітабын қорғауға шыққанда, бірге шыққысы келмей немқұрайлық танытты. Оқушылар өздерін еркін сезінсе, ата –аналар тарапынан ондай байқалмады. Болашақта ата- аналарда балаларымен осындай сабақтарға белсене қатысады – деген сенімдемін.


Осы өткізілген сабаққа өз мектебіміздің ұстаздары қатысты. Әріптестерімнің пікірі бойынша, осындай жұмыстар баланың жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуына өте маңызды. Өйткені, жұмыс барысында олар жеке, жұпта және топта жұмыс істеуді үйренеді. Оқушылардың өзіне деген сенімі нығаяды. Бұл өткізілген оқу процесінде әр бала өзінің үлесін қосуға тырысып, көздері жайнағанын есіме түсірсем, оқушыларымның бұл кітапты оқып- талдауы , ізденуі бастама болды деген қорытындыға келдім. Әрине, бұл біздің «Оқырмандар клубына» алғашқы қадамымыз болғандықтан оқушылар әлі де болса өздерінің ойларын толық қағаз бетіне түсіре алмайды, кейбіреулері жазғанға ерінеді. Болашақта оқырмандар клубының жұмысын дұрыс жоспарлап , ата-анамен, оқушылармен үздіксіз әрекетпен бірлесе оқып, ойланып, ізденсек жақсы нәтиже беретіндігіне сенімдімін. Өз ұлтының көркем тілінің кәусәрінен қанып ішкен балалар шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн.
«Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» - деп сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек «Қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астан 2012ж

2. “Білімдегі жаңалықтар”, 2005 №1

3. “Педагогика мәселелері”-ғылыми-теориялық журнал 2008 4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым. 5. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11 қыркүйек.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Автор: Тлеубекова Арайлым Канагатовна

Дата: 23.12.2016

Номер свидетельства: 372719

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«қазақ тілі пәнінен сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tili_p_ninien_syn_tu_rg_ysynan_oilau_ark_yly_ok_ushylardyn_funktsionaldyk"
    ["file_id"] => string(6) "441575"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512062360"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "О?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын арттыруда?ы сындарлы о?ытуды? р?лі "
    ["seo_title"] => string(76) "ok-ushynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-arttyrudag-y-syndarly-ok-ytudyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "181844"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425401103"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "«PIRLS» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау."
    ["seo_title"] => string(49) "pirls_khalykaralyk_zertteuge_okushylardy_daiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "579519"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1619605406"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства