Аяулы ұстаз, сенің алдыңнан өтпеген жан бар ма? Адам өмірде кім болып шықса да – олардың әрқайсысы өзінің алғашқы ұстазымен, өзінің мектебін алғыс сезіммен еске алары сөзсіз.Ұстаз да диқан сияқты.Ол адамзаттың жанына білім нәрін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып, баулып ұшырады.Дәлірек айтсақ,адамзатты оқыған білімін өмірде қолдана өмір сүруге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерді шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Эссе "Мен қазіргі заман педагогімін"»
Мен қазіргі заман педагогімін
Ұстаз.
Аяулы ұстаз, сенің алдыңнан өтпеген жан бар ма? Адам өмірде кім болып шықса да – олардың әрқайсысы өзінің алғашқы ұстазымен, өзінің мектебін алғыс сезіммен еске алары сөзсіз.Ұстаз да диқан сияқты.Ол адамзаттың жанына білім нәрін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып, баулып ұшырады.Дәлірек айтсақ,адамзатты оқыған білімін өмірде қолдана өмір сүруге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерді шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Ұстаз еңбегі– ұлы еңбек.Ұлы ақын Абайдың:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»,–
деп бағалап айтуында терең мағына жатыр.Әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса,ол – мұғалімнің еңбегі.Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін, білім нәрін беру үшін қаншама тер төгілді десеңізші!Дүниеде адамды тәрбиелеп,адамзат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар ,сірә?!
Қыр-сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның.
Өнеге,өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның,–
деп дәл тауып айтылған.Адам жанының зерттеушісі, тәрбиешісі,ең бастысы адамзат баласының ертеңі– өскелең ұрпаққа білім беруші екеніне ешкімнің таласы жоқ.Өсіп келе жатқан ұрпақ– адамзаттың болашағы,жалғасы.Келешек артта қалған ұрпақ саналы,тәрбиелі болса,адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек.Білім күші құдіретті,ол барда жерде де,әлемде де үздіксіз даму үрдісі жүреді.Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды,адамзат өмірінде ең керекті дүние екеніне көз жеткіземіз.Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп,тіліміздің мәртебесі артып,әлемге «Қазақстан» деген атымызды танытып жатқан кезеңде елдің болашағы–жас ұрпақ тәрбиесі де басты назарда болуы шарт.
Егемен елдің өркениетке бастар жолының бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі , айнасы –Ұстаз.
Ұстаздық ұлы жолды адам қоғам мүддесіндегі орны үшін емес,еңбегінің жемісті болуы үшін таңдайды.Себебі әр қилы жолдың өзіндік тарау-тарау білімнен құралған белестері баршылық.Ол белестер тек дарынды шәкірт, талантты ұстаз арқылы ғана бағынары сөзсіз.Озық ойлы оқушы, шыңырау биікке көтерілген шәкірті,талантты тәлімгері – оның еңбегінің жеңісі.
Менің педагогикалық ұстанымым да осының бір дәлелі. Бір ізді білім жолындағы ой-өрістер,танымдар – негізгі қаруым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – еліміздің ертеңгі тарихы,мәдениеті,әдебиеті,баға жетпес сөз байлығы.
Ұстаз осы орайда өз білгенін үйретіп қана қоймай,өз шәкіртінің күйіне еніп, ағарту қиналысын бірге көтереді. Неге? Қалай? – деген сұрақтарға бірлесе отырып ,жауап іздейді.Нәтижесінде «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей көздеген мақсатқа қол ұстасып жетуге айналмақ.Білікті елдің бүгінгі ұрпақтары – білім бағында еркін де саналы түрде еңбек етуі абзал.Ұлы Абайдың:
«Талаптыдан шыққан сөз,
Білімдіге болсын кез.
Нұрын,сырын көруге,
Көкірегіңде болсын көз»,–
деп өте көркемдеп жеткізген.Мұндағы көкірек көзін ашу – ұстаздық еңбек жолы.Адамның тән көзі мен рух көзі қатар жұмыс жасаған жағдайда,сананың сәулеленуі тұрақты түрде жүзеге асады.Білімді де, білімдіні де жасайтын рухани – шығармашылығы мол тәжірибелі ұстаз.
Біз бүгін заманауи дамыған ашық қоғамда өмір сүреміз. Қазіргі қоғам балалары жылдамдықты, ұтымдылықты,тиянақтылықты,дәлдікті талап етеді.Яғни аз ғана уақытта ауқымды білім бөлшектерін игертуіміз қажет.Өйткені уақыт талабы, заман желі солай. Әр ұстаздың өз ұстанымы бар. Менің еңбек етудегі басты ұстанымым:
1.Сауаттылық – саналы жазу мен оқудың баспалдағы екенін ескеру;
2. Шығармашылық қабілет – әр оқушының зейініне байланысты жұмыс жасау;
3.Өсу кезеңінің қалыптасуы – оқушыларды уақыт деңгейіне сай зейіндері арқылы орналастыру және алға басу мақсаты.
Бұл үш қағида – менің ұстаздық жолымдағы шамшырақ тәрізді.Оның ұзақ жануы,жарығының мол болуы,шәкірттерімнің биік белестерді бағындыруларына байланысты.Осылай білім шырағы өз сәулесін шашып, үздіксіз жанумен келеді.Барлық дәлдіктер мен дәйекті нәтижелер, оң ойластырылған озық ой елегінде жатпақ.«Шәкіртсіз– ұстаз тұл» деген халық нақылы осыған кеп саяды.Себебі, шырақсыз көкіректі түнек басса ,шәкірт түгілі ұстаздың өзі қара аспанға айналары анық.Шыныққан білім еңбегінің сәулесі бір-бірін толықтырып,бір-бірін жеңіске жетелейді.Қанатты қос пырақ тәрізді.Оның бірі – шәкірті, бірі – ұстаз.
Осы екі пырақтың қосындысы біріккен біліктілігі үлкен ғалымның тууына немесе ғылыми жаңалықтың жасалуына алып келеді.Біз,ұстаздар осы жолға ден қоя ұмтылуымыз басты міндетте тұр.Қазіргі қоғамда ұстаздық мамандығы тынымсыз ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Түрлі семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарына да қатысамын.Мен де өз сабағымда оқушыға керек мәліметті жаңа технологияның элементтері арқылы меңгертуді көздеймін.СТО,АКТ,СКТ тәсілдері күнделікті сабақ барысында тиімді пайдалану арқылы оқушы қызығушылығын арттыруға болады.Оқушы білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданантын тәсілдер әрбір ұстаздың шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетіндігіне тікелей байланысты. Қай дәуір, қай кезеңде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. «Қызықтырар ұстаз болса,қызықпайтын шәкірт болмас» дегендей бүгінгі күннің ұстазы − шығармашылықтың адамы.Мұғалім қанша ізденсе,соншалықты оқушыға сапалы білім бермек.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!