Ма?ала ?аза?станды? білім беру ж?йесінде кейінгі жылдары ?ызу ?ол?а алынып жат?ан м??алімдерді? ?ш де?гейлік біліктілігін к?теру ба?дарламасына арнал?ан. Автор ма?аласында де?гейлік ба?дарламаны? ?зектілігін, ма?сат- міндеттерін ашып к?рсеткен. ма?ала осындылы?ымен ??нды.Автор ба?дарламаны? ауылды? жердегі мектептерде ?алай ж?зеге асырылып жат?анды?ы ж?не де к?сіби ?о?амдасты?ты? ауыл м??алімдеріне берер м?мкіншілігіне то?талып ?ткен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кембридж ба?дарламасы ауыл мектептерінде. »
Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі ,
оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.
Г.Галилей.
Кембридж бағдарламасы ауыл мектептерінде.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан тың қадамның бірі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы. . Бағдарламаның мақсаты – Педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру : қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында қазақстандық мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету және оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету болып табылады . Басты міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу. Сындарлы ойлауға бағыттау
Қазіргі таңда Респуликамыздың әр облыс орталықтарында педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлі бағдарламасы бойынша үш деңгейде мұғалімдерді дайындауда. Бұл деңгейлі курстан өткен мұғалімдер халықаралық білім беру жүйесімен танысады, сондықтан өз мектептерінің сапасын көтеруге қызмет жасайды. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне өз мектептерін жеткізу жолында еңбек етеді.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек...» деген сөздері мектептегі әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бағдарламаның мақсат- міндеттерін жүзеге асыратын негізгі тұлға- мұғалім. XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануда. Мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре жүргізу және жаңа талаптар қойылуда. Яғни, бұл дегеніміз – мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын құру болатын болса, ол жолды меңгеруде деңгейлік бағдарлама мұғалімдерге бағыт- бағдар береді.
Мұғалімдерге оқуға арналған негізгі материал «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық». Тиісті сабақтарда қолданылатын стратегиялар жеті модульдің идеясымен өзара байланыста қарастырылады.Модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Сын тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқуда АКТ қолдану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
.Оқытуды басқару және көшбасшылық
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдыларымен жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 9 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.
Деңгейлі курстың ауыл мектебі мұғалімдеріне берген тағы бір жетістігі – кәсіби желілік қоғамдастықта жұмыс істеуге бағыттады. Мұғалімдер мен оқушыларды өздері қызықтыратын тақырыптарда бір мақсатқа жұмылдыратын желілердің болуы, мұғалім мен оқушыларды жетістікке жетелейді, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдастық біздің уақытымызды үнемдейді, өзара тәжірибе алмасу үшін тиімді, интернет арқылы кез-келген жерден қатысуға мүмкіндік бар. Сұрақ қоясың, жауап аласың, пікіріңді білдіресің, басқаның да пікірін біле аласың. Бұл жерде ақпараттық-коммуникациялық технологияның өзіндік орны бар, яғни жылдамдықты байланыс қажет. Бүгінгі таңда біздің еліміз ауылдық мектептерді де интерактивті тақталармен жабдықтап, интернет жүйесіне оқу кабинеттерінің барлығын қосуға мүмкіндік жасауда. Бірінші (ілгері) деңгей мұғалімдері желілік қоғамдастық арқылы өз мектептерінің даму бағдарламаларына енгізген оң өзгерістері мен жұмыстың бағыты жайлы ой бөліседі. Күтілетін нәтижесі туралы болжамды біле отырып, басқалармен ой бөліседі. Біз бірінші деңгей мұғалімдері өзіміз көшбасшы болып қоймай, мұғалімдер арасынан да көшбасшылар дайындап, бірлесе отырып басқа мұғалімдерге ой салуымыз керек. Негізгі идея – әрбір оқушыға әріптес ретінде қарап, оның тұлғалық қасиетін жан-жақты дамыту, толыққанды азамат болып шығуына, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал ету. Міне, осы кезде оқушының өзін-өзі бағалауы қандай деңгейде, білімде, өмірде оқушы өзін қай орынға қояды, бала өзін қай салада шебермін деп бағалайды, қай мамандықты қалайды, қай салада өзін басқаға мойындата алады міне осы қажеттілік келіп шығады. Қорыта айтқанда сабақты жаңаша үрдіспен өткізу- оқушылардың білім сапасын арттырып , олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытып отырады.Ал,біз педагогтар үшін кәсіби шеберліктеріміздің өсуіне жәрдемдеседі .
Ленин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Е.А.Шоланов. І ілгерінді денгей. Жоғарғы санатты ұстаз .