Просмотр содержимого документа
«М.?уезовті? «Абай жолы» зпопеясын о?ыту»
М.Әуезовтің «Абай жолы» зпопеясын оқыту
Мектепте 4 томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде) ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек. 10-сыныпта Абай Құнанбаев шығармашылығын талдау кезінде сыныптан тыс оқуларда оқытуды, жазғы демалыс кездерін пайдалануды ойластырған жөн. Кітап оқу кезінде тұжырымды түрде аннотациялар жазып отыруды (әр бөлімнің басты-басты оқиғаларын қамтып) тапсыру керек.
Үлгі:
«Абай жолы» - I кітап
Бөлімдер
Басты оқиғалар
«Қайтқанда»
А) Абай Семейден елге оралады.
Ә) Қодар мен Қамқа өлімі
Б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы. Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере, Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.
Эпопеяны қалай талдау керек, оған неше сағат бөлу керек, бүгінгі оқыту талабы бойынша қандай сабақ түрлерін пайдаланған жөн? Оны төмендегі кестеден көруге болады:
Сабақ реті
Тақырыбы
Сабақтың түрлері
I сабақ
II сабақ
III сабақ
IV сабақ
V сабақ
VI сабақVII сабақ
VIII сабақ
«Қазақтың ұлы ақыны» (эпопеяның жазылу тарихы)
«Шыңға шыққан жас шынар» (Абай бейнесі. 1-2 кітап)
«Атаның емес, Адам ұлымын» (Абай бейнесі. 3-4 кітаптар)
«Өмірге көзімді ашқан» (Абайдың орыс достарының бейнесі)
Баспасөз сабағы (пресс-конференция)
Проблемалық оқытуға негізделген практикалық сабақтар
Іздендіру, зерттеу бағытындағы монолог, диалог сабақтар. Әдеби пікірталас.
Пікір қорғау сабақтары, немесе реферат қорғау сабағы ретінде өткізуге болады.
Әдеби-композициялық сабақ
Семинар сабағы
Ұлылар мінбесі сабағы. Интеграциялық оқытуға негізделген
Эпопеядағы образдар галереясын оқыту барысында Омарды жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры - Абай мен оның заманы - феодалдық
қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәні, қасиеті, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға бұлай келудің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады.
Әдеби талдауды:
Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар.
Абай, феодалдық қоғам және Дәркембайлар, т.с.с., деп жүргізудің, білімділік, танымдық жағынан болса да, маңызы зор болмақ. Себебі не? Біріншіден, «Абай» - тарихи роман. Бас кейіпкер - тарихи тұлға. Оның сомдалуы, ұлы ақын, демократ, гуманист, ағартушы дәрежесіне жетуі сол өзі өмір сүрген қоғаммен, оның өкілдерімен күресте қалыптасады, күресте толысады, «Ей, қу заман, жүрегімді көрші, міне...» - деп, басталатын Абай монологі осы мәселенің шындығын дәлелдемей ме? («Жұтта» бөлімі). Тіпті Әйгерім бейнесін алайықшы, Абайдай ұлы жары бар, сүйіктісі бар, ол неге «қапастағы бұлбұл?» Ұлжан ана ше? Іші-сырты жиһазға, қазы-қарта, жал-жаяға толы үйде, ұлдары мен қыздары, Зередей енесінің, Абайдай дана ұрпағының ортасындағы Ұлжанда қайғы-мұң, қасірет жоқ па? Бар болғанда қандай?! Себебі, Әйгерім де, Ұлжан да, Ділдә да феодалдық қоғам, оның әйелге, анаға қарсы салт-санасының құрбандары. Басқа да кейіпкерлер туралы осындай дәлелдеулер жүргізуге болады. Кейіпкерлерді замана келбеті, заман шындығымен байланыстыра талдау - тарихи роман, эпопеяларды талдаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалім роман, эпопеяларды талдағанда, жоғарыда айтылғандай, бар мәні, қасиетін сақтай отырып, оқытуға талаптанып, соның оқушыға қонымды, тиімді, жеңіл жолдарын іздеулері керек. Ол кандай жолдар?»
Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып, көмекші-нұсқау жасап (кесте-плакат етіп), сабақтарға пайдалану. Оның тиімділігі: төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әсіресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.
Үлгі:
М. Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:
Бөлімдер
Негізгі оқиғалар
Абайдың іс-әрекеті
«Абай аға»
1. Абай жастар арасында
2. Еңлік - Кебек қабірі-нің басында
Абай - ұстаз, тәрбие-ші, ақылшы. Замана шындығынан сыр шертіп, дала тағыларының сұмдығын жастар алдына ашып тастайды
2. Өтілгелі отырған кейіпкердің бет бейнесін ашатын олардың іс-әрекетін және басты-басты оқиғаларды топтап, оларды талдауға пайдалану.
Үлгі:
Абай бейнесі (3-4 кітаптар бойынша)
Бөлімі
Басты оқиғалары
«Тайғақта»
1. Құнанбайдың Меккеге аттануы.
2. Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі.
3.Абайдың Дәркембайды арашалауы,т.с.с.
Е с к е р т у: үзінді ғана көрсетіліп отыр.
Осындай көмекші-нұсқаулармен қатар, карточка-көмектердің де маңызы ерекше. Карточка-көмектер кейіпкерлерді мәтін арқылы дәлелдей отырып, талдау, әрі оқушыға да осыңдай талап қою да таптырмайтын құрал. Бұл тәсіл оқушыларды тәжірибеде өте жиі кезігетін құрғақ баяндау, құрғақ мінездеулерден сақтандырады, негізгі оқиғалар, оған байланысты кейіпкер іс-әрекеті арқылы дәлелді талдау жасалады, мәтінмен кітаппен жүмыс бірінші кезекке қойылады.
Үлгі:
Карточка -көмек
Феодалдық қоғам және кедей-жатақтар бейнесі.
I. Эпопеядағы халық өмірі, жатақ тіршілігінің шынайы
тұрғыда суреттелуіне назар аудар.
II. Жатақ кедейі - Дәркембай бейнесіне тоқтал. Оның типтік бейне екенін, кедей халықтың жиынтық бейнесі екенін дәлелде.
Мына мәселелерді басшылыққа ал:
«Қат-қабатта» бөлімі: Дәркембайдың Құнанбайды атпақ болуы.
«Тайғақта»: Құнанбайдың Қодар жерін даулауы (...Құнеке), 381-393-беттер.
3. «Қияда» бөлімі: Жұт кезінде кедей-жатаққа деген Абай
қамқорлығы.
4. «Кек жолында»: Айдаудан келген Базаралыға дем беріп,
каталашкадағы Абайды арашалап алуы. Әсіресе, бұл оқиғада мына сөзге көңіл бөл: («...Жолдасын таптаған ер азады...» 547-бет // «...Шіркін, Базаралы...», 527-бет. Құнанбай сөзіне қара).
«Қоршауда»: Абайды ақтап, ұлық төреге келуі.
«Кек жолында»: а) Тәкежандардан Базаралының өш алуына назар
аудар.
ә) Иса, Байсүгір сияқты есіктегі ке-дей адамдардың ауыр тұрмысы тағдырына тоқтал.
8. «Қақтығыста»: а) Кедейлердің орыс кедейлерімен
достасуына ерекше көңіл бөл.
ә) Романның 3-4-кітаптары бойьнша затон кедейлеріне және жаңа қалыптасып келе жатқан жұмысшылар бейнесіне назар аудар (Әбді, Сейіл, Сейіт).
аулын шабуы («... Елмісің, жоқ ел қорымысың...» 693-697-беттер).
ә) Кедейлер мен Абай достығы. Абай жолы - халық жолы. Абайдың халықпен достығына ерекше көңіл бөл.
Мұндай карточкалардың тағы бір тиімділігі сол, оқушы кейіпкерлер туралы сөз қозғағанда, 4-томды аударып-төңкеріп жатпайды, уақытын кетірмейді, жұмысы күрделенбейді, берілген жерлерді тауып, ой жүгіртіп, саралап, пікір жинақтауға жағдай туғызылады. Карточкада көр-сетілмеген мысалдар алғысы келсе де, толықтырғысы келсе де, ез еркінде. Өте күрделі, көлемді шығармаларды оқытуда осындай дидактикалық материалдардың көмегі ұшан-теңіз.
Романдарды, эпопеялық шығармаларды оқыту барысында кейіпкерлерді талдау жұмысына ерекше көңіл бөлу керек. Мысалы, осы «Абай жолы» эпопеясында феодалдық қоғамның қатал сақшысы, ірі тұлғасы ретінде Құнанбай бейнесі беріледі. Бірақ сол қоғамның өкілі тек Құнанбай ма, Оразбайлар, Әзімбайлар жауыздығы одан да асып түсіп, халықты қан қақсатып жатады, әрі Құнанбай эпопеяның 1,2-кітаптарында ғана көрінеді. Міне, осы себептен де үстемдер, феодалдар бейнесін тек Құнанбайды талкылаумен шектелу жетімсіз болған болар еді. Кейіпкерлерді шығармадағы орны, маңызы, іс-әрекеті, мінездері бойынша белгілі бір проблемалар айналасында топтап, жинақтап өту өте дұрыс. Мысалы, Оразбайға, Әзімбайға, Дайырға, Тәкежадарға жеке-жеке тоқтап, талдау жасауды уақыт көтермейді (бағдарламадағы сағаттар саны). Мұхтар феодалдық қоғамның барлық мінез-құлқын Құнанбай бейнесіне жинақтаған, сол себептен де авторлық проблематиканы негізге ала, Құнанбай бейнесін сөз ете отырып, оның айналасына ізбасарларын топтай, жинақтай отырып, талдау жүргізудің тиімділігі зор. Мысалы, «Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар...» деп.
Сондай-ақ эпопеяда қаншама әйелдер бейнесі берілген, әрі барлығының өзіндік орны бар, барлығының негізінде өзіндік проблема бар. Міне, осы әйелдер бейнесін өзінің негізінде жатқан проблема айналасына топтап, жинақтай өту керек.
Абай аналары - Зере, Ұлжан («Қарашығым, қоңыр қозым...»).
Абай сүйген арулар - Тоғжан, Әйгерім («Жарқ етпес қара көңілім...»).
Абай заманының шерменделері - Керімбала, Үмітей («Жолыңа жаным кұрбан»).
Абайдың сырласы - Салтанат, ер мінезді Нұрғаным («...Қапастағы еркелер...»).
Осылай топтаған әйелдер бейнесін «Абай, феодалдық қоғам және әйелдер, оны көрсетудегі жазушының идеялық-эстетикалық мұраты» проблемасының айналасында (жоғарыдағыдай топтай өтуді басшылыққа ала отырып) талдау тиімді болмақ. Бұлай топтаудың (жазып, іліп қою дұрыс) ең маңыздысы, тіпті барлығын талдауға уақыт жетпегеннің өзінде, оқушылар эпопеяда қаншама әйелдер бейнесі бар, олардың негізінде қандай проблемалар көтерілген, міне, осыларды көз алдарына елестетіп, оқиғаларын еске түсіріп, өзіндік ой-толғамға да ерік берер еді.
Мысалы, эпопеядағы кедейлер бейнесін оқытуды тек Дәркембаймен шектеуге бола ма? Оларды былай топтауға болады:
Кедей-жатақтар, олардың көсемі - Дәркембай, Дәндібайлар.
Базарлы - Балағаз бейнелері.
Малшы, жалшы, бай малайлары: Иса, Байтұяқ, т.б.
Қала кедейлері: Сейіт, Сейіл, Әбен. Осындай топтау жас- тар бейнесін оқытуда да пайдаланылады. Оларды былай топтауға болады:
Абайдың прогресшіл, ақындык мектебінің шәкірттері - Дәрмен, Мағауия («Жаңа дәуірдің жаңа жыршысы»).
Абайдың сүйікті ұлы - Әбіш бейнесі («Бакытым – осы балам...»).
- Шұбарлар әлемі («Шіріген жұмыртқа»). Эпикалық шығармаларды талдаудың тиімді бір жолы – образды талдау. Ал образды талдау топтаумен ғана шектелмейді, ең бастысы, кейіпкерлер характерін, іс-әрекетін ашатын жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады. Ол жұмыс түрлеріне не жатады?
Проблемалық сұрақтар, тапсырмалар.
Танымдық іздендіруші, зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар (топтық, жалпы сыныптық, даралық).
Шығармашылық дарынын, қабілетін дамытатын жұмыстар (инсценировка, иллюстрация, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстарының түрлері, т.с.с.).
мәтінмен, кітаппен жұмыс түрлері (практикалық тапсырмалар).
ғылыми еңбектермен жұмыс.
Мысалы, осы жастар бейнесін оқыту барысында мәтінмен мынандай жұмыстар жүргізуге болады:
Салыстырмалы жұмыс: Әбіш, Дәрмен бейнелеріне.
Әбіш пен Дәрмен туралы
Абай пікірі
Билеушілер пікірі, оларды жақтаушылар ойы
Достарының тілеулестерінің, халықтың пікірі
Өз пікірің
«Мен ескінің арты боп, сендер жаңаның алды болсаңдар екен...»
«...қараңғы сахарасына жарық-сәуле әкелер алғашқы адал буын сен болармысың...»
Шұбар: (Дәрмен туралы) «Мынау өнер емес қой! Таратпай тыю керек мұндай сөзді!»
Дәркембай (Дәрмен туралы): «...Өзі де Абайдың ізінде, жолында сияқты. Сонысына ішім жылиды!»
Е с к е р т у: Беріліп отырған үлгі - қысқаша үзінді.
Халық, кедейлерге көзқарастары. Саяси көзқарастары.
Өнер, білім туралы, болашақ туралы пікірлері
Халқына қызмет ету. Қараңғы сахараға жарық-сәуле әкелу. Революционер демократтарды жақтайды. Абайға: «Халық үшін қолға сойыл алыңыз», –дейді. Болашаққа сенеді, заман өзгереді деп сенеді.
Ақын болып, халықтың мұңын зарын жырлау. Абай тәрбиесін, асыл сөзін сақтап, келешекке жеткізу.
Дәрмен кедейлерді, өзі шыққан топты құрметтейді. Саяси көзқарасы қалыптаспаған. Абайдан жақсы заман туады деп естиді, бірақ оны білмейді.
ә) Абайдың іс-әрекетін жинақтап, сол арқылы Абайдың гуманист, философ, демократ, терең ойшыл, оптимист екенін дәлелдеу.
Үлгі:
Абай - терең ойшыл, оптимист (дәйексөз – дәлелдеме)
Бөлімі
Дәйексөз - мысал
«Қоршауда»
3-кітап
«... Енді сол біреу - осы Дәрмен бе?... Мен жетпегенге жетіп, мен көксегендей ортаны көксеп ұшармысын алысқа! Жетермісің жақсы жайылымға. Мен ұшқаннан арыға ұшар болшы» (412-бет).
Жоғарыда айтылғандай, оқушылар орындайтын үй тапсырмаларын шығармашылық сипатта беру, қабілеттеріне қарай беру эпопеяны меңгертудің тиімді жолы болмақ. Топтық жұмыстың бір үлгісі:
Бірінші топқа:
Мына кестені пайдалана отырып, Абай жолының феодалдық қоғамға қарсы жол екенін дәлелде. (Дәйексөзді-дәлелдеме талдау.) «Абай аға», «Қоршауда», «Қақтығыста» бөлімдерін басшылыққа ал.
Бөлімдер
Оқиғалар
Абайдың іс-әрекеті
Қорытынды дәлелдеме
«Абай аға»
Тәкежан: «Онда
Абай: «Ата жолы
атамның ұлы емес-
зорлық, қастық
пін», Құнанбай ба-
болған соң, мен ата
ласы емеспін, елдің
баласы болмай, ха-
жаман-жәутігімен
лық досы боламын
табыстым десеңші»
дегенмін. Азды десең,
(Базаралыны Тәке-
азғаным сол Құнан-
жан кайта айдат-
байлықтан!»
пақ болған кездегі
диалогтер.)
Е с к е р т у: Мұндай үлгі-кестені әр топка беріп отырмыз. Толтырылған үлгісі қабілеті «орташадан төмен» оқушыларға беріледі. Қалғанын өзі толтырады.
Екінші топқа:
Абай жолының өнер жолы, халық үшін, әділет, шындық үшін күрес жолы екенін дәлелде (дәйексөзді дәлелдеме-талдау). «Абай аға», «Қоршауда», «Қақтығыста» бөлімдерін басшылыққа ал.
Е с к е р т у: Аталған бөлімдердегі оқиғаларды ғана емес, өз беттерімен де мысалдар алуларына болады.
Үшінші топқа:
Абай жолы -прогресс жолы, ізгі ниеттілермен достық жолы екенін дәлелде (дәйексөзді дәлелдеме - талдау). «Қоршауда», «Қақтығыста», «Түн-түнекте» бөлімдерін басшылыққа ал.
Төртінші топқа:
Абай жолының жаңа заман, жаңа қауым жолы екенін дәлелде (дәйексөзді-дәлелдеме талдау жасау). «Абай аға», «Қақтығыста», «Жұтта» бөлімдерін басшылыққа ал.
Е с ке р т у: Көрсетілген беттер (үлгі-кесте) мен аталған оқиғалардан басқа да мысалдар алуға болады.
Бесінші топқа:
Абай бейнесін жасаудағы жазушы шеберлігі айналасында ойланыңдар (ғылыми материалдар негізінде). Тапсырманы мына үлгіде орындаңдар.
Ғалымдар пікірі
Достарыңның пікірі
Өз пікірің
1.М.Қаратаев. «Қазақтың тұңғыш эпопеясы»
Е с к е р т у: Бұл мәселеде, әдетте, ғалымдар еңбегі ұсынылады (оқушы басшылыққа алатын жерлерді белгілеп береміз, көбіне өздері бұрыннан, яғни 1-сабақтан бастап оқыған, жұмыс істеп жүрген еңбектерді ұсынамыз). «Достарының пікірі» деген бағанды толтыру үшін, өзінің, парталас досының пікіріне өзіне ұнаған пікірлерді негізге алуына болады немесе өзі келіспейтін пікірлерді де алуға рұқсат. Сондай-ак өздеріне ұсынылған авторлардың, кайсысының пікірінен үзінді алу өз еркінде. Әдебиетке бейімі бар оқушыларды (көп ретте өзі жұмыс істеп отырған еңбекке пікір-сын айтуға талаптандырып) өзіне ғалымның қай пікірі ұнады, қандай пікіріне дау айта алады, тапсырманы осы тұрғыда орындауға да жетелейміз.
Көлемді шығармалардың қай мәселесін талқыламасын, мұғалім осы мол дүниенің ең басты, мәнді дәнін, мәйегін даралап бөліп алып, оны оқушыға тұжырымды, терең мәнде жеткізудің тиімді әдіс-тәсілін іздеу керек. Жоғарыда аталған кейіпкерлерді оқытуда, оларды эпопеядан тек топтап жинақтап алуда ғана емес, сол белгілі бір кейілкердің өзін қай жағынан оқыту керек, оның қай мәселесін негізге алу керек, осы кейіпкер бейнесін ашатын штрих, детальдар қайсы деген мәселелер мұғалімдерді көп іздендіреді. Нұсқау, үлгі ретінде Құнанбайлар бейнесін қалай оқытуға болады, ол бейненің өзін қандай проблемалармен талдау керек? Төмендегі кесте осы мәселелерді сөз етеді.
Сабақтың мазмұны, негізгі элементтері
Кіріспе
Әдіс-тәсілдер
1.Сауалнама сұрақтарына жауап.
2. Баяндау-әңгімелеу
Оқу-жабдығы
Кесте-плакат
Құнанбайлар – феодалдық қоғамның қатал сақшылары
Құнанбайлар және рулық-патриархалдық тартыс
Құнанбайлар және кедей-жатақтар
Құнанбайлар және Абай бастаған прогресс. Ескі мен жаңа арасындағы тартыс (әкелер мен балалар проблемасы). Қорытынды
1.Проблемалық жағдаят, проблемалық сұрақтар.
2. Түсіндірмелі әдіс.
3. Инсценировка
Проблемалық сипаттағы сұрақтарға негізделген шағын пікірталас
1. Диалогиялық әңгіме.
2. Пікірлесу.
3. Проблемалық сұрақтар.
4. Кітаппен жұмыс.
1. Проблемалық жағдаят.
2. Инсценировка.
3. Салыстырмалы жұмыс
1. Практикалық жұмыс
2. Әңгімелеу-баяндау
3. Танымдық-ізденуші топтық тапсырмалар
1. Көмекші-үлестірме тапсырмалар, 35.
2. Иллюстрациялар
Плакат
Иллюстрациялар
Инсценировка (үнтаспадан)
1.Сызба кесте
2. Үнтаспа
3. Кодоскоп
4. Сызбалар
Тақырыптың негізгі элементі көрнекі етіп жазылып қойылады.
К і р і с п е: Сауалнама сұрақтары тексерілді. Төменде оқушылардың қалай орындағандарының үлгісін ұсынып отырмыз.
Құнанбай бейнесін ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы? Олар қай бөлімде?
Оразбайдың бейнесін ашатын оқиғалар қайсы?
Оразбай, Тәкежан, Әзімбай, Дайырбайлар.
Барлығы да үстем тап өкілдері.
Барлығы да жаңалыққа, прогреске, Абайға қарсы.
«Қайтқанда» бөлімінде Қодар мен Қамқаны өлтіреді.
«Оқапта» бөлімінде Әмір өлтірмек болады.
«Өкініште» бөлімінде Сейітті тірідей жерге көмеді.
«Қастықта» бөлімінде Абайға қастық ұйымдастырады.
Сауалнама арқылы оқушылардың тақырып туралы ұғымдарын, түсініктерін білгеннен кейін, «Феодалдық замана және Құнанбайлар өлімін көрсетудегі, жазушының идея- лық-философиялық шешімі» айналасындағы проблемалық жағдаятты талқыладық. Енді оқушылар жауабынан мысалдар келтірейік: •
С.: - Құнанбайлар арқылы жазушы үстем таптарды, олар өмір сүрген заманды көрсетеді. Жазушы мақсатын мен осылай түсінем.
Ө.: - Абай эпопеяда «Адам ұлы» дәрежесінде беріледі. Ол дәрежеге ақын Құнанбайлардан бөлініп, жаңа жыртқыштармен күресе отырып жетті.
Ал, біздің мақсатымыз оқушыларды жазушының, философиялық шешімі, эстетикалық табысы айналасында ойландыру, іздендіру еді. Сондықтан ары қарай олардың назарын Құнанбайлардың іс-әрекеті жинақталған кесте, плакат пен алдарындағы нұсқау-үлестірме жұмыстарға аударта отырып, алға қойылған мәселені шешуге жетеледік. Сол арқылы Құнанбайлардың феодадық қоғам сақшылары екенін дәлелдеуге, түсіндіруге талаптандық. (Оқушыларға төмендегі кесте арқылы Құнанбайлар бейнесін, ең негізгі оғиғаларды айқындап, ойларын дәлелдеу ұсынылды.)
Үнтаспадан Құнанбай - Қодар («Қайтқанда» бөлімі), Оразбай - Сейіт («Өкініште» бөлімі) арасындағы диалогтен инсценировка тыңдадық (оқушылар өздері дайындаған).
Эпопеяның негізгі бөлімдері
Құнанбайдың іс-әрекеті
«Қайтқанда»
«Қат-қабатта»
«Жолда»
«Шытырманда»
«Бел-белесте»
«Өрде»
«Тайғақта»
«Оқапта»
а) Қодар мен Қамқаны өлім жазасына кесу.
ә) Қарашоқыда үкімді орындату
а) Құнанбайдың аталас руларға өктемдігі.
ә) Бөкенші, Борсық қыстауына кіріп алуы.
б) Атшабарлары жазалағаннан кейін, Үркімбай аулын жігіттерімен келіп шабуы, Бөжейді дүрелеуі.
б) Балағазды, оның жанындағы он жігітті ұстатып, айдатуы.
в) Құнанбайдың Базаралыны жат көрмеуі, оны бағалай, түсіне білуі.
г) Абайға таққан үш кінә
а) Құнанбайдың қажыға аттануы. ә) Дәркембайдың Дәрмен қарызын сұрай келуі
а) Өз немересі Әмірді өлтірмек болуы. ә) Әмірді Абайдың қорғауы.
б) Ақшоқыда туған Абай әнінің Құнанбайға жат естілуі, әнге тыйым салуы
Иллюстрациялар арқылы Құнанбайлардың қаталдық, жаны ашымастық іс-әрекеттерін көз алдарына елестеттік.
Бұдан кейін оқушылар назарын төмендегі проблемалық сұрақтарға жұмылдырдық.
- Қодар мен Қамқа өлімінің басты себебі неде?
3.: - Құнанбай оларды өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін өлтірді. Өсекті сылтау етеді.
- Осы пікірге келісуге бола ма? Құнанбай Қодарды өлтіртпей-ақ, жерін тартып алуға шамасы келмей ме?
Н.: - Әрине, шамасы келеді, меніңше, бір жағы Құнанбай -діншіл, сол заманның салтын берік ұстаушы. Сол дінді сылтау етіп, «кәпірлерді» құрбандыққа шалады. Феодалдар, діндарлар үшін оның ісі - заңды, дұрыс. Ол жер үшін ғана Қодарды елтіртпейді. Өз заңын, дінін, салтын қорғайды.
- Ал енді, балалар, осы сұрақтың нақты жауабына эпопеяның өзінен, мәтіннен үзінді ала отырып, кім дәлел айта алады? Қане, мына кестеге қарап (көрнекі етіп ілінген), естеріне түсіріңдерші, «Қат-кабатта» бөлімінде Құнанбайлардың қандай әрекеттері жазылған?
Оқушы С.: - Құнанбайлар Бөкенші, Борсық жеріне, яғни қыстауларына өктемдік етіп кіріп алады.
- Дұрыс. Енді 77-бетті ашып, акырғы абзацқа қараңдаршы, қане, кім оқып жібереді?
Ж.: Оқиды - «Ойпырай, не дейсің?» әттең, аузыңнан айналайын Бөжей-ай. Қодар өлгенде: «Бұл шылбыр Қодардың мойнына ғана түскен жоқ. Бұйырса, Бөкенші, Борсық, сенің мойыныңа да түскен шылбыр болар деп едің...» Арманда кетіпсің ғой, есіл ерім, Қодар-ай! - деп, үні өшіп, атының жалын құшып, бүгіліп тұрып қалды.
- Өзің осы үзіндіден қандай қорытынды шығара аласың? Н.: - Менің ойымша, Құнанбай Қодарды өлтіру арқылы
Бөкенші, Борсықты да ауыздарын аштырмай, өзіне бағындырып, кіріптар етуді мақсат еткен, мына үзінді соны дәлелдейді.
О.: - Бөжей Құнанбайдың мақсатын қалай дұрыс болжаған. Бірақ ара түсе алмаған соң, одан пайда не?! Ал енді осы үзінді Қодар өлімінің нақты себебін дәлелдеп тұр деп есептеймін. Құнанбайдың түпкі мақсаты - жер иемдену, байлығын асыра беру, өктемдігін тоқтатпау. Мына үзінді соны сөзсіз дәлелдеп тұр.
Оқушылар пікірі мен болжамын толықтырып, ары қарай тағы да проблемалық сұрақтар арқылы талдауды жалғастырдық.
- Ал енді, балалар, мына бір сұрақтың айналасында ойланайық. Құнанбай көпе-көрнеу өз баласын, яғни Кәмшатты неге арашалап алмайды? Тіпті оның күтімсіз, аянышты өмірін естігенде де, әрекет жасамай, өлімге қиғандай болады. Бұл туралы не айта аласыңдар?
0.: - Құнанбай ақылсыз адам емес, өз қатесін, яғни Бөжейлерге істеген өктемдігін түсінеді. Сондықтан да араша болмайды.
Осы кезде үйірме мүшелерімен алдын ала дайындаған инсценировка көрсетіледі (1-томның, 177-бетіндегі Абай, Ділдә, Құнанбай, Айғыз, Ұлжан диалогтері бойынша). Кәмшаттың ауыр тағдырын көріп келген Абай Айғыздың өтінуімен бар шындықты өз туыстарына айтып береді. Сонда Құнанбай: «Құтқар анау қаршадай жетімегімді» деген Зере бұйрығына: «Қайтейін? ... Мен қайтейін? ...Кешегісі Арғынның игі жақсылары бұйырды!» - деп, лажсыздық кейіп көрсетеді. Инсценировканы тыңдаған оқушылармен бірге Құнанбайдың әдет-салт, ата жолын өзі де мықтап ұстағанын, сол себептен де «игі жақсылар» шешіміне қарсы келе алмағанын дәлелдедік. Яғни, Құнанбайдың феодалдық салттың қатал сақшысы екендігіне көзімізді жеткіздік.
Оқушылар болжамы мен жауабын негізге ала отырып, әсіресе, жазушының эстетикалық табысына көбірек тоқтадық. Құнанбай тек қатал сақшы емес, оның ақылды әрі айлалы, әрі терең, қайсар, қайратты бейнесіне талдау жасай отырып
Құнанбайды осылай жан-жақты етіп көрсетудегі жазушының шеберлігі мен табысына тоқталдық.
Оқушылар кітапты, алдарында жатқан үлестірме жұмыстарды (Құнанбай бейнесін ашатын үзінділер жазылған) пайдаланып, Құнанбайдың әр алуан сипатта көрсетілетінін дәлелдеді. Осы практикалық жұмысты жүргізу арқылы оқушыларды жазушының Құнанбай бейнесін жасаудағы шеберлігін байқауға жетеледік. Мысал келтірейік: « - Қаратай жүйрік қой, жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бірақ өз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болады!» - деп, үндемей отырып қалды. Дау айтқан жоқ.
- Адам пенде ғой. Пенденің жоқ-жітігі толған ба? - деді. Бұл кезде Абайға әкесі жадағай көрінбеді. Ол шешендіктен гөрі, басқарақ түкпірі бар жан сияқты. Оңай жан емес. Қабат-кабат шың сияқты. (170-бет, 1-кітап.)
Міне, осы үзінді жазылған үлестірмені оқушылар ең алдымен өздері оқып, сонан соң бір-бірімен (кейде қатар отырған екі бала немесе екі партадағы төрт бала бірігіп) сыбырлай пікірлесіп, ойларын бөліседі. Осы үзінді кай оқиғаға байланысты екендігіне де тоқталып, Құнанбай характерін Абай ойы, Абай бағасы арқылы дәлелдеді.
Е с к е р т у: Құнанбай және рулық-патриархалдық тартыс мәселесіндегі ең жетекші әдіс - проблемалық сұрақтарға негізделген шағын әдеби пікірталас болды. Оны әңгіме және мәнерлеп оқумен ұштастырдық.
Плакат түрінде ілулі тұрған пікірталас сұрақтары мынандай болды:
Бөжей мен Байсалдар қандай кейіпкерлер? Оларды Құнанбай типтестерге жатқызуға бола ма?
Абай оларға неге іш тартады? Әлде оларды «Халық ұлы» деп түсінгендіктен бе?
Дәркембай - Құнанбайлар арасындағы тартыс пен әлеуметтік мән айырмашылығын қалай түсінесің?
Пікірталас сұрақтары бойынша мынадай мәселелер айналасында пікір таластырдық.
Қ.: - Бөжей - ұнамды кейіпкер. Оны Құнанбайлар типіне
қоспаймын.
Т.: - Бұл пікіріңді немен дәлелдейсің? Мысалы, мен сенің
осы ойыңды дұрыс дей алмаймын.
Қ.: - Бөжей Құнанбайлардан үнемі зәбір көрмей ме, тегін таяқ та жейді. Әуелі оның өліміне де сол Құнанбайлар себеп болды емес пе? Бөжейді қайғы, құса өз ажалынан бұрын әкетті ғой!
Ә.: - Мен де сенің пікіріңе қосыламын. Ойымды дәлелдеп көрейін. Естеріңде ме, Қарқаралыға мешіт салдырып жатқан әкесімен бірге аттанып бара жатқан Абайға анасы Ұлжан не деуші еді? «Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола береді. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!» - демей ме? (Оқушы бұл сөздерді кітаптан оқиды.) Егер Бөжей ұнамсыз адам болса, Ұлжандай ақылды ана осьндай пікір айта ма? Абай Бөжейді қолдап жүреді.
Л.: - Мен бүл пікірлерді дұрыс емес деп ойлаймьн. Бөжей қалай ұнамды кейіпкер? Кәмшаттың өлімінде оның кінәсы жоқ па?
Міне, осындай пікірлерден соң, оқушылар назарын төмендегі кестеде жазылған (Кәмшат оқиғасьна байланысты теріп жазылған) сөздерге аудардық.
Абай
Құнанбай
Бөжей
«Адамшылық ра-
хым кайда? Өзге
«Тіпті жазықты
«Құнанбай жаққан
емес, ақылсыз, на-
болсам, мен жа-
өртке менің арым өр-
дан қатыны емес,
зықты шығармын.
тенді. Не жаны жүр
Бөжей өзі істеді ме
Бесіктен шығарып,
деп ойлайды екен шы-
екен? Көз алдында соншалық жазық-
адам ұлы деп, соның бауырына берген
бын кеудемде. Әлде өзгелер үйелменімен
сыз нәрестені ұзақ өлімге бұйырып, сол үшін және бит-
балам жазықты ма? Қатын-қалаш, ауыл-аймағына тым құ-
өртенсе де, өзімнен бұрау- сынбасын дей ме? Құнанбайдан не шық-
тей де шімірікпеу
рыса соны ұғынды-
ты? Шашыраған бір
не деген қаттылық?
ра алмаса, Бөжей-
ұрығы ма? Сұрау сал-
Ендеше, жауығып,
дің аяқтағы суға
май, мазамды алмай,
қарсыласып жүр-
ағып өлгені ғой» (1-
тек жүрсін, күйдірме-
ген Құнанбайдан
кітап, 179- бет.)
сін ағайын» (179-бет).
қай қасиетімен арт-
«Қаршадай қыз өлді
ты? (1-кітап, 179-
деп сауын айтып, ас
бет.)
беруші ме ем?! Тіпті
берсем де, басым сы-
рықтан арылар ма
еді? Кінәласа, құн ті-
лесін менен» ( 1 -кітап,
181-бет.)
Оқушылар іштей оқып, ойланып болған соң, осы мәтіндерді салыстыра отырып, Бөжейдің де үстем тап өкілі екендігін, бірақ Құнанбайлар мықты ру болса, Бөжейлердің одан әлсіз ру екенін, бұлардың арасындағы дау, тартыс рулық-патриархалдық заман сипаты екенін ашып, қорытындыладық. Мұндай мәтін арқылы салыстырмалы жұмыс жүргізу кейіпкер характерін ашуда, оған нақты, дәлелді түрде мінездеме беруде өте тиімді әдіс. Сондай-ақ әдебиет сабағының нағыз өзегі - көркем мәтінмен жұмыс десек, өз тәжірибемізде оны басқа да жұмыс түрлерімен ұштастырып отырудың тиімді әрі ғылыми негізде болуын үнемі қарастырып, мүмкіндігінше іске асырып келеміз.
Талас пікірлер, әсіресе, 3-сұрақ айналасында көбірек өрбіп. Кейбір оқушылардың топтар арасындағы қайшылық пен феодалдар арасындағы рулық тартысты шатастырып жүргені анықталды. Дұрыс ойлар айтқан оқушылардың пікірлерін басшылыққа алып, Бөжейлер де үстем тап өкіл-дері екеніне, олардың арасындағы тартыстың таптық мәні жоқ, жерге, байлыққа таласу, күшті рудың өзінен әлсіздеу руға істеп отырған қыспағы екеніне оқушылардың көзін жеткіздік.
Сонымен қатар Дәркембай, Базаралылар сөзінен алынған үзінділерді мәнерлеп оқыдық. Базаралының «Көл жолындағы» өзін айыптаушыларға айтқан сөзін үнтаспадан тыңдадық (2-кітап, 137-6.). Осыдан кейін барып сұрақтарды талқылауға кірістік. Оқушылардың Базаралы, оның іс-әрекеті туралы пікірі әр түрлі екеніне көзіміз жетті. Әңгіменің баяндау әдісімен Дәркембай, Базаралылар істерінде тап күресінің сипаты бар екенін түсіндірдік. Әрине, олардың санасы жан-жақты өскен, шынайы күрескер емес екеніне, оған себеп, сол заманғы қоғамдық орта екеніне, бірақ солардың іс-әрекеті арқылы жазушы даладағы тап жігінің тереңдеп бара жатқанын көрсеткеніне баса назар аудардық. Ескі мен жаңа арасындағы тартысты проблемалық жағдаят, практикалық жұмыстар арқылы талқыладық. Оқушылар төмендегідей проблемалық жағдаят айналасында ізденді: «Эпопеядағы әкелер мен балалар мәселесі».
Содан соң оқушылар назарын Әбіш пен Абай арасына аудардық. Оқушылардың Әбіш - Абай арасының Абай - Құнанбай арасынан өзгешелігі, айырмашылығы туралы пікірлерін тыңдадық. Ең алдымен Әбіш - Абай диалогтерінен («Өкініште», 189-190-6., «Қақтығыста» 394-6.) үзінділер оқыдық. Әбіш жайлы Абайдың арманы мен үмітін («Қақтығыста», 306-6.) мәнерлеп оқып, оны Құнанбайдың Абайға айтқан қарғысымен салыстырдық.
Осы үлгідегі үлестірме-нұсқаулар Абай - Мағаш, Тәкежан - Әзімбайлар арасьшдағы проблемаларды түсіндіруде де пайдаланылады. Осындай нақты мысалдарға жүгіну оқушыларды кітаппен жұмысқа, көркем туындыны ғылыми түрде талдай білуге, оның негізгі проблематикаларын саралай білуге жетелейді. Құрғақ, дәлелсіз болжам жасаудан, үстірт пікірлерден сақтандырады.
Эпопеядағы әкелер мен балалар проблемасы туралы сөз еткенімізде, жоғарыдағы үзіңді-материалдар жақсы нәтиже берді. Енді Абай мен Құнанбай, Әбіш пен Абай арасындағы мәселелер төңірегінде оқушылар жауабынан бірер үлгілік үзінділер бере кетейік:
Б.: - Абай - орыс мәдениетін қазақ даласына таратушы, артынан Дәрмен сияқты жастарды ертуші, прогресс басшысы. Ал, Құнанбай - ескі заманның, феодалдық қоғамның қатал сақшысы. Олай болса, жазушы тек әке мен баласының проблемасы емес, замана проблемасын берген.
Қ.: - Менің ойымша, Әбіш - Абай арасы да тек әке мен бала арасы емес, одан тереңірек мәселені қамтитын сияқты. Әбіш - Абай армандаған жаңа заманның басы, өзі сепкен прогресс дәнін ілгері апарушы. Тіпті Әбіш арқылы жазушы революциялық-демократиялық ағымның қазақ даласына тарап келе жатқанын көрсететін сияқты.
Оқушылар пікіріне үңіле отырып, жазушының ескі мен жаңа, әкелер мен балалар проблемасын көрсетудегі мақсатын түсіндірдік. Тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстырдық. Абай ұрпақтары Абай армандаған заманда өмір сүріп жатқанына тоқталдық.
Ары қарай сабақ кіріспесінде талқылаған сауалнама сұрақтарына қайта оралып, Құнанбай типтестерге тағы кімдерді жатқызуға болатынын сұрадық.
- Енді осы пікірлеріңді дәлелдеу үшін, мына кесте-плакатты (эпопеяның негізгі оқиғалары қысқа ғана көрсетілген көрнекілік) басшылыққа алыңдар.
Л.: - Оразбайдың іс-әрекеті арқылы оның үстем тап өкілі, Құнанбай ісін жалғастырушы екенін дәлелдеп көрейік. Біріншіден, «Қастықта» бөліміндегі Абайды масқара жазаға ұшыратушының ең кінәлыларының бірі осы - Оразбай. Екіншіден, «Шайқаста» бөлімінде Абай өлеңін айттың деп, затон жұмысшысы Сейітті тірідей көміп тастаған кім? Ол да Оразбай...
Т.: - Меніңше, осы Құнанбай типтестер ішінде Сәменнен өткен ұнамсызы жоқ қой деймін. Ол туралы 4-кітаптың 275-бетінде былай делінген: «Сәмен жастау, ызасы қатты буып жүрген, Оразбайдың анық қанды көйлек, қарашоқпар сыңары болатын». Міне, осы сұм ақыры Абайға қол жұмсайды.
Оқушылар пікірін негізге ала отырьш, Құнанбайдың «шымылдық артында» қалған өмірінің жалғасы - Оразбай, Әзімбайлар, олардың тіпті Құнанбайлардан да өткен жауыз екеніне, ұлы Абайдың басына түскен небір қиындыктың, халық басына түскен небір ауыртпалықтың бірден-бір кінәлылары осылар екеніне тоқталдық. Бүкіл өмірін осындай топас, әрі жауыз топқа қарсы күреспен өткізген Абай тағдырын еске түсірдік.
Кесте-плакатты пайдаланып, Абайдың үстем таптармен болған күресін, ол қай оқиғада, қай бөлімде көрсетілетінін саралап, жинақтадық. Қорытындыда практикалық жұмыстарға орын бердік. Кодоскоптан төмендегі сызба көрсетілді. Оқушылар төмендегі сызбаны ауызша толтырды. Ең алдымен өткен сабақта қорытындылаған Абай жолын көрсеттік. Оқушылар салыстыра отырып, Құнанбай жолын былай саралады:
Құнанбай жолы -
Қаталдық жолы.
Әділетсіздік жолы.
Бітіп бара жатқан ескі жол.
Ата ұлының, феодалдық қоғамның жолы.
Өзімшілдік жолы.
Дін жолы.
7. Шымылдық артындағы өріссіз жол.
Оқушылар өткен сабақтағы пікір, болжамдарын еске түсірді. Оны жаңа сабақтан алған білімдерімен байланыстырып, Құнанбай жолын осылай қорытындылады.
Үйге тапсырма:
Үй тапсырмасы саралап оқытуды басшылыққа алуға негізделіп берілді.