Абылай ханны? ?мір жолымен таныстыру, ?аза? тарихында?ы ?шпес да??ы, дарынды к?шбасшы, шебер ?йымдастырушы, м?мілегер т?л?а екендігін о?ушы санасына сі?іру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы Мақсаты: Абылай ханның өмір жолымен таныстыру, қазақ тарихындағы өшпес даңқы, дарынды көшбасшы , шебер ұйымдастырушы, мәмілегер тұлға екендігін оқушы санасына сіңіру, елін жерін қорғауға, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу; Түрі: аралас сабақ Тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой бөлісу, пікірлесу Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка Көрнекілігі: Абылай хан портреті, интерактивті тақта, сызбалар, слайд, көшпенділер фильмнің дискісі, «Ер есімі-ел есінде» көрме Сабақтың барысы: 1. «Жылдар сөйлейді» 1755- Башқұртстанда патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрес басталды және Қалмақтардың билеушісі Қалден Церен қайтыс болды.
1755 жылы күзде Әсірсана күтпеген жерден Цин билігіне қарсы шықты. 1697-орыс патшасы І Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді. 1765-Сібір шекара шебінің командашысы генерал поручик И.Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді. 1740-Башқұрттардың Қарасақал бастаған кезекті көтерілісі болды. 1748-Әбілхайыр ханның ұлы Нұралы кіші жүздің ханы болды. 1771-қазақ хандары мен сұлтандарының қайта-қайта өтініп сұрауы бойынша Сұлтанбет және орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді. Сергіту сәті. Жаңа сабақ ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Атақты Абылай ханның азан шақырып қойған аты-Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «Қанішер» Абылайдың баласы көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. 1781 жылы Ташкенттен Түркістан қаласына келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.Оның атасы Абылай: -Жекпе-жек ұрыстарлдың бәрінде қарсыластарын шақ келтірмейтін; -Жаудан беті қайтпаған қайсар батыр; -Әрі күшті, айлалы; -Сол үшін «Қанішер Абылай» атаныпты. Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұқар жырау оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі өлең шумақтарымен білдірген: Әй,Абылай, Абылай! Сені мен алғаш көргенде Тұрымтайдай ұл едің Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің Абылай атың жоқ еді «Сабалақ» атпен жүр едің 15 жасынан жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене ат салысқан Абылай қазақтарды жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, бірлігін қамтамасыз етуді алдына мақсат еткен.Екі ірі мемлекет-Цин және Ресей империялары арасында қыспақта тұрған елдің жағдайын, тап қазіргі ең ірі қауіп-Жоңғар шапқыншылығы екенін түсіне білген Абылай және басқа да ірі сұлтандар ел мүддесі үшін Ресейге арқа сүйеуге тырысты. Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметінің бағыты: -Бір орталықтан басқарылатын әрі ешкімге тәуелсіз мемлекет құру; «Көшпенділер» фильмінен үзінді Ой бөлісу.
Бұл фильмнен Абылай ханның қандай болғанын байқадыңдар. /оқушылардың ойы тыңдалады/ Тарихи диктант. Абылай ... жылы дүниеге келген. Ол...адам болған.Азан шақырып қойған аты.... Ол...жылы хан болып сайланды.Қазақ тарихында Абылай хан ... ... ... ерекше. Атасы-... қаласының билеушісі. Абылай хан... жылы дүние салды. ... жылы тамыз айында тұтқынна босаған Абылай жоңғар феодалдарымен күресті одан әрі өрістетті. Өзінің серіктері ... ..., ... ..., ..., ..., ..., ...,...,... басқа да халық батырларының күшін бір арнаға жұмылдыра білген Абылайдың күресі, басқа да халықаралық оқиғалармен қатар Жоғария мемлекетін әлсіретуге әсер етті. Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін өзінің ұлы... Қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. 1757-1760 жылдары қазақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай ... да билігін мойындады. «Таза тақта» ойыны.
Тақтаға мына сөздер жазылады. Абылай хан, Қалден Церен, Сабалақ, Қазығұрт, Қанішер Абылай, ІІ Екатерина, Әмірсана, В.Урусов, Бұқар жырау, Әбілмамбет, Төле би, Фу Дэ, Чжао Хой, оқушы кез келген сөзді таңдайды, мағынасын түсіндіреді. Мысалы: Сабалақ-Ол Төле бидің ауылына Абылайдың келіп, сондағы бидің қойған аты. Қорытынды:
Міне, балалар,Абылай хан өз дәуірінде шебер ұйымдастырушы, батыр, сөзге щешен, тіпті күйші де болған екен. Оның «Қоржын қақпай», «Сары бура», «Қайран елім», «Жетім торы» күйлерін атауға болады.Оның шешен екенін мынадан көруге болады. Бірде қырғыз елі қазақтарға шабуыл жасайды, Абылай басшылық ететін болады. Бірақ хан бірден шайқасқа шықпай, бір мәмілеге келу үшін соғыспауды өтінеді. Бұл кезде қырғыз ханы Садырбала келіспейді. Сөйтіп екі жақта үлкен қақтығыс болып, қазақтардың жеңісімен аяқталады. Қырғыз ханы қолға түседі.Сонда Абылай оған: -Мен саған тиген жоқ едім, өзің келіп соқтықтың, қанша қаным төгілді, жаным қырылды, бұған не айтасың дейді. -Сонда Садырбала тұрып, сенің күшің де, батырлығың да менен артық емес, сенде ерекше қасиет бар екен, аруағың асып түсті, не істесең де ырзамын,-деп жеңілгенін мойындаған екен. Міне, балалар, қазақтың ұлы ханы Абылай хан осындай.