kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адамны? нашар мінезі" Ш?к?рім ??дайберді?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ?те ?ызы?ты 4 сынып о?ушыларына ,оларды? т?рбилеуне ////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адамны? нашар мінезі" Ш?к?рім ??дайберді?лы »

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Маханова Айтжамал

Серікбайқызы.

4 «ә» сыныбы

Ақмола облысы

Степногорск қаласы.

Бестөбе негізгі мектебі



Сабақтың атауы

Адамның нашар мінезі.

Сілтеме

З.Муфтибекова,П.Қ.Жаманқұл .Әдебиеттік оқу.4 сынып оқулығы

Слайдтар.

Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Оқушыларды Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.Адам бойындағы жағымды,жағымсыз қасиеттерін пайдасы мен зиянын дұрыс тануына жол салу.

Міндеттер:


1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2. Ұйымшылдыққа,шығармашылыққа,ізденіске баулу

3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру

2.Оқушының деңгейлік тапсырманы игеруі

3.Оқушылардың өзін-өзі бағалауды қалыптастыру



Сабақта туындаған негізгі идеялар

Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

1Адамның бойындағы қасиеттер туралы білімді кеңейту;

2.Жаңа ақпаратты беру барысында салауатты өмір салтын насихаттау


Тапсырмалар

беттерінен жүктелген дереккөздер




Деңгейлік тапсырмалар





Мұғалім көшбасшы

Бағалау критерийларын ескеріп отыру?

  • Ұйымшылдық

  • Белсенділік

  • Материалдың жинақылығы





Сабақтың тақырыбы:Ш. Құдайбердиев. Адамның нашар мінезі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ш.Құдайбердиевтің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.

Міндеттер:

1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2. Ұйымшылдыққа,шығармашылыққа,ізденіске баулу

3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

1. а)Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар терезеге қараңдаршы. Бүгін неткен тамаша, жарқын күн. Күн сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш, күлкі сыйлады. Жарқын күн нағыз сиқыршы. Сиқырлы күн бүгінгі сабақта бізге сенім мен табыс берсін. Бір-бірімізге қарап күлімсіреп сиқырлы күн сыйлайық.

ә)Сәлемдесу:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

«Ана тілім – ардағым»

2. Психологиялық дайындық.

Шеңбер құрып Қ.Мырза Әлидің «Болады- болмайды» өлеңін оқу

Болады – болмайды

Күйші болуға / болады /

Биші болуға / болады /

Ерке болуға / болады /

Серке болуға / болады /

Пысық болуға / болады /

Кішік болуға / болады /

Ақын болуға / болады /

Маман болуға / болады /

Жаман болуға / болады /

Айтпақшы!Жаман болуға / болмайды /!

Топқа бөліну,топ басшыларын сайлау, бағалау парағын тарату.

3. Үй жұмысын қорытындылау.Топтарға тапсырма.

1-ші топқа: мәтінді сахналау .

2-ші топқа: мазмұндау.

Қызығушылықты ояту. – Бүгінгі сабақты Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен бастайық. (Өлеңді жатқа айту)

-. Абай атаның бес асыл іс деп отырғаны нелер? Талап . Еңбек . Терең ой . Қанағат . Рақым .

-Бес асыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Енді адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсірейік.

Жағымды: әдепті, ізетті, адал, сыпайы, инабатты, еңбекқор, алғыр

Жағымсыз: өтірікші, дөрекі, ызақор, надандық, ашуланшақ, еріншек, жалқау

-Жағымсыз қасиеттердің ең нашары не деп ойлайсыңдар? (Ызақорлық және еріншектік.) Одан аулақ болуымыз керек.

Мағынаны тану. -Олай болса, балалар, біз бүгін Ш. Құдайбердиевтің осы тақырыптағы «Ызақор», «Еріншек» өлеңдерін оқимыз. Шәкәрім суреті интерактивті тақтада көрініп тұрады. Автор туралы мағлұмат беру.

Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11- шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді-ел билеуші аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтың баласы,Абайдың туған ағасы. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер.

4. Оқулықпен жұмыс.

«Ызақор» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

-Өлең кімге арналған?

-Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.

-Егер ашу қысқан кезде не істеу керек?

Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.

Ашуланған кезде 1- ден 10- ға дейін іштей сана.

Жақсы нәрсе туралы ойла.

Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

Басқа адамдарды ренжітетініңді ойла.

Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

Ашуды ақылға жеңдір.

5. Сергіту сәті.

Қырға шықсаң өрлеп, (қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)

Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)

Кесте тіксең, зерлеп, (оң қолын ине ұстап қимыл көрсетеді)

Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)

Сабағыңды жөндеп (жанындағы көршісіне қарап қарап қолын жаяды)

Әзірленсін – Еңбек. (екі қолын жаяды)

Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек. (екі қолын жоғары)

-«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Топтастыру.

Еріншек: Надан Олақ Ойсыз Ұйқышыл Жалқау

Олай болса, Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңін оқып көрейік. Мәнерлеп оқу, талдау. «Харекет» деген сөзге түсінік беріп кету.

- Ақын еріншекті қалай суреттейді? (Оқушылар өз пікірін айтады)

-Жаман мінезден қалай арылуға болады?

7. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды жазу.

8. Ой толғау.- Қазір осы оқылған, өлеңдер, айтылған мақал- мәтелдер негізінде шығармашылық тапсырмалар орындайық.(Құмаңғазының күйін орташа дуысымен орындалады)

1-топқа: Ызақор адамның бейнесін салу.

2-топқа:Еріншек баланың суретін салу.



Әр топ шығып өз жұмыстарын қорғайды.


-Мақтаншақ адам қандай болады? Бейнеле. Салған суреттер «Оқушы шығармашылығы» ретінде тақтаға ілінеді.

- Осындай балаларға ұқсағымыз келе ме?

-Ендеше, қандай бала болуымыз керек?

Талапты Талантты Еңбекқор Ақылды Оқуда озат

-Нашар мінезден қалай арыламыз?

Қортынды.-Қалай ойлайсыңдар,Абай ата бізге не айтар еді?

-Қандай нақыл сөзін атар еді?

Үйге тапсырма. Бағалау.

Әр топтың топ басшылары бағалайды.
















Степногорск қаласының білім бөлімі

Бестобе кентінің негізгі мектебі













ТАҚЫРЫБЫ: "Адамның нашар мінезі"

Шәкәрім Құдайбердіұлы





МҰҒАЛІМІ : Маханова А.С.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Адамны? нашар мінезі" Ш?к?рім ??дайберді?лы

Автор: Маханова Айтжамал Серикбаевна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164640


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства