Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?арлы?аш пен тор?ай" »
Аубакирова Құралай Аллабергенқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№52 мектеп-гимназиясы
Астана қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш пен торғай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: ертегінің мазмұнымен танысып, негізгі идеясын өз беттерінше ұғынуға , әдебиет теориясынан білімін толықтыруға ықпал ету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушының ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, сөз құдіретін ұғынуға, табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға, адамгершілікке баулу. Еңбектенгеннің ғана жұмысы алға жүретінін сараптай білуге жетелеу.
Дамытушылық мақсаты: сөйлеу мәдениетін, оқу, талдау дағдыларын, іскерлік белсенділігі мен шығармашылық ізденісін шыңдауға ықпал ету.
Міндеттері:
Мазмұнға байланысты:
• Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу ;
• Мәтіннің тақырыбы мен идеясын меңгеру;
• Құстардың тіршілігіндегі басты ерекшеліктеріне назар аудару.
Сто-ға байланысты: Кейіпкерлер әрекетін бағалай білуге,бүгінгі өмірмен салыстыруға, өзіндік көзқарас, пікірін айтуға бағыттау.
Топқа байланысты: жеке, жұпта ,топта жұмыс істеп ,бір-бірін тыңдай білуге жұмылдыру.
Күтілетін нәтиже:
•Әр оқушы өз бетінше ізденеді.
•Шығарма мазмұнымен танысады, тақырыбы мен идеясын толық түсінеді.
•Мәтінді талқылау арқылы еңбек сүйгіш болу керектігін сезінеді, жалқаудың тағдырының қысқа екенін ұғады, толғанады.
•Кейіпкерлерді салыстырып, олардың іс-әрекетін бағалайды.
•Әр оқушы өз ойын, көзқарасын айтуға мүмкіндік алады, өз пікірін дәлелдейді ,қорғайды, тыңдау әдебін меңгереді .
Нәтижені бағалау:жазу арқылы . Кейіпкерге хат. Қарлығашқа немесе торғайға хат.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, слайд.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың технологиясы: СТО
Оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту.
І.Қызығушылығын ояту: Балаларға жеміс (алма,банан,алмұрт,анар)
таңдату арқылы топқа бөлу. «Орныңды тап» ойынын ұйымдастыру. 4 топ мүшелерін өз орындарына отырғызған соң (1-ден 4-ке дейін) осы топ құрамы жанұя тобы екенін түсіндіру .Бұдан соң әр топ мүшелерін реттік қатармен санатып, әр топтан жұмыс тобын құру.
Жанұя тобы. Жұмыс тобы.
ІІ.Мағынаны ажырату. Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма. Әр жұмыс тобына тапсырма беру.
№1 жұмыс тобы 1-ші бөлім
№2 жұмыс тобы 2-ші бөлім
№3 жұмыс тобы 3-ші бөлім
№4 жұмыс тобы 4-ші бөлім
Жұмыс тобының мүшелері ертегінің (белгіленген бөлім бойынша) мазмұнымен танысады. Жеке оқиды, жұпта бір-біріне айтады, топта талқылайды.
2-тапсырма. Жұмыс тобы жанұяға оралады, шығарманың толық мазмұнын бір-біріне баяндайды, талқылайды ,талдайды .
3-тапсырма. Ертегінің мазмұнын ұжым алдында мұғалім нұсқауымен баяндайды. Ертегінің тақырыбы мен идеясын ашады. Композициялық құрылысына талдау жасайды, бейнелі сөздерді табады. Шығарманы өмірмен байланыстырады , шығарма кейіпкерлері туралы (бұрыннан білетін) тарихи деректерді ортаға салады . Оқушылардың айтпаған деректер туралы мұғалім өзі айтады.
4-тапсырма. Ертегіні рөлдерге бөліп оқу. (алгоритімдік деңгейдегі тапсырма)
5-тапсырма. Әр топ қарлығаш пен торғайдың атынан диалог құрастырып, сахналауға дайындалады. (шығармашылық деңгейдегі тапсырма)
Сұрақ –жауап (слайд)
Венн диаграммасы.
Қарлығаш Торғай
ІІІ.Ой толғаныс. Кейіпкерге яғни торғайға немесе қарлығашқа хат жазу.
Қарлығаш пен Торғай
(Түрік халқының ертегісі)
Қарлығаш шатыр астына ұя салды. Оған Торғай көрші тұратын. Оның ұясы мұржа мен шатыр арасындағы қуыс еді. Торғай да жыл сайын балапан басатын. Бірақ оның жұмыртқаларын тентек балалар алып немесе балапандарын мысық жеп кететін.
Торғай Қарлығаштың балапандарын көріп, оның кеудесінде қызғаныш оты оянды.
- Сен қандай бақытты едің! Жыл сайын балапандарыңды аман-есен өсіресің. Ал мен кішкентай торғайларымды аман – есен алып қала алмаймын.
- Бұған кінәлі өзіңсің. Мен сияқты берік ұя салсаң, балалар да, мысық та зиян келтірмес еді.
- Маған ұя салуды үйретші. Оның құпиясын немесе тәсілін білетін шығарсың!
- Ұяны ақылмен салу керек. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Көрші, жүр менімен бірге ұш. Мен саған ұя салуды үйретемін!
Олар көлге қарай ұша жөнелді.
- Көрші, мен сияқты тұмсығыңмен кішкене сазды шоқып ал, - деді Қарлығаш.
- Чик-чирик! Мұның ешқандай қиындығы және бұған ешқандай ақылдың керегі жоқ! – деді Торғай жақтырмай.
Қарлығаш үндеместен өздері тұратын үйдің қабырғасына сазды әкеліп жапсырды.
- Сен де осылай істе, - деді.
- Көрдім, көрдім! Мұндай іспен кез келген айналыса алады. Ал мен түкке тұрмайтын іспен айналыспаймын.
Қарлығаш көлден саз, онан соң шөп-шаламды тұмсығымен шоқып әкеліп, ұя сала бастады.
- Осылай салсаң, ұя берік болады.
- Білемін, білемін! – деп Қарлығашты Торғай жаратпады.
- Білуін білесің ғой. Бірақ еңбектенбей балапандарыңды өсіре алмайсың, - деп Қарлығаш жауап қатты.
-Құстар болмай қалса не болады?
- Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктер мен бақшаларды қаныратып тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
2. Еңбекқор қарлығаштың бойында қандай қасиеттер бар?
- еңбек сүйгіш, қарапайым, қайырымды, жанашыр, ақылды, шыншыл