САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: қазақ әдебиеті.
Пән мұғалімі: Садвакасова Ақгүл Жетпісбайқызы.
Сыныбы: 6 «А».
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: соғыс қайғысын көрген көрген, аяулы азаматтарынан айрылған қарапайым, ұлттық ерекше қасиетімен бейнеленген Ахмет сияқты адамдардың панасыз қалған балалардың ұлтына, тіліне, түріне қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алу жолындағы қиындықтарды, хикаяттың негізіндегі шындық пен тарихи деректілікті оқушыға жеткізе білу, оқушылардың білімдерін жүйеге келтіру, хикаяттың тақырыбын, жазушының идеясын мәтінге сүйене отырып ашу, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу;
ә) Дамытушылық: татулық, достық тақырыбының өміршеңдігі туралы ұғымды, шығармашылық қабілеттерін, оқушылардың бейнелі, сын тұрғысынан ойлау жүйесін дамыту, топтық жұмыста шапшаңдыққа баулу, салыстыру, ой қозғау, мәселелік сұрақтар арқылы өз пікірін ашық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың іс-әрекеттерін басқару арқылы ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, оларға өз бетінше жұмыс істеу дағдысын игертіп, берілген материалды өздігінен талдауға, көркем сөйлеуге үйрету;
б) Тәрбиелік: Хикаяттың бас кейіпкері Ахмет Бегімбетовтің өжеттігі, қайсарлығы, бауырмалдығы арқылы оқушыларды қазақ халқының бойындағы бауырмалдылық, толеранттық қасиеттерді бағалап, ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге үйрету, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушының білімін бекіту сабағы.
Сабақтың формасы: топтық.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Перцептивтік аспект (білімді беру): ауызша (түсіндіру, баяндау, әңгіме, сұхбат, лингвистикалық түсіндірмелі оқыту), көрнекілік (көрсету, кесте, суреттер), практикалық (жазбаша жұмыстар, мәтінмен жұмыс, тест).
Гностикалық аспект (проблемалық іздендіру): демонстрациялық түсіндіру, эвристикалық, проблемалық).
Логикалық аспект (мінездеме беретін ойлау операциялары): индуктивті, дедуктивті, салыстыру, талдау, СТО стратегиялары: «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы, «Айдарлар құру» стратегиясы).
Басқару аспектісі (оқушының оқу-тәрбие қызметіндегі өздігінен жұмыс істеу қабілетінің деңгейі): мұғалімнің басқаруымен жұмыс, өздік жұмыс.
Дәлелдік аспектісі: тренинг, ойын әдістері («Біз біргеміз!» тренингі, «Көшбасшы орындығы» ойыны).
Бақылау аспектісі: ауызша, жазбаша, жалпы, топтық, жеке, қорытынды, өзіндік, критерий бойынша бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: М. Мағауин портреті, оқулықтар, ватман, маркер, стикер, плакат, бағалау парақшалары, үлестірмелі карточкалар, «Ұлы Отан соғысы» бейнекөрінісі, «Біз біргеміз» тренингі, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.
Сабақтың техникалық жабдықталуы: ActivInspire, Microsoft Power Point бағдарламалары, Activote тест құрылғысы, Activslate планшеті.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997.
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы, 1969.
Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы, 1999.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымы.
Ісләмжанұлы К., Тілешова С., Әрінова Б., Баттал Р. Әдебиет: Жалпы білім беретін мектептің 6-cыныбына арналған оқулық. 3-басылымы. Алматы, 2011.
Wiki беттерінен жүктелген дереккөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
ә) Сабақтың тақырыбына, идеясына сай жағымды атмосфера, достық қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында «Біз біргеміз!» тренингін өткізу.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Топтарды және олардың көшбасшыларын таныстыру.
- Балалар, біздің өткелі отырған шығармамыздың тақырыбы – «Бір атаның балалары». Қазақ халқы шежіреге қатты мән берген. Орыс халқы шежірені «генеалогическое древо» деп атайды. Сендердің алдарыңда «генеалогиялық ағаш» берілген. Мұнда түп атадан бері қарай және баладан ары қарай өрбіген ұрпақ аттары тізбектеліп берілген. Осы шежіреге сәйкес сендердің топтарыңның аттары да таңдалынып алынды. Біз бүгін сабақта ауыл-ауылға бөлініп жұмыс істейміз. Сәйкесінше ауылдың көшбасшылары, яғни ауылбасылары болады. Сонымен, І топ – «Бала» ауылы, ауылбасы – Ерғалиев Ернұр. ІІ топ – «Әке» ауылы, ауылбасы – Артықбай Нұрислам. ІІІ топ – «Ата» ауылы, ауылбасы – Нарегеев Алихан. Құрметті ауылбасылары, өздеріңді және ауыл адамдарын таныстыра кетсеңдер.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау:
а) Ой шақыру. Оқушыларға бірнеше жетекші сұрақтар қойылады:
1. Шығарманың «Бір атаның балалары» деп аталуында қандай сыр бар?
2. Ахмет ақсақалдың тек қана Зигфридті асырап алудағы мақсаты неде деп ойлайсыңдар?
3. Ауыл адамдарының қарт пен балаға деген көзқарасы неліктен өзгерді?
4. Ахметтің «Сыртқы түр – перде. Ішін айт, пиғылын айт» деуінде қандай сыр бар деп ойлайсыңдар?
5. Зигфрид үшін Ахмет қандай әрекеттерге барды? Оның қандай тәрбиелік мәні бар?
6. Ахмет тәрізді адамдар қазір кездесе ме?
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша шығарманы сатылай кешенді талдау (Оқушыларға үлестірмелі карточка таратылады. Мақсаты: шығарманың композициялық құрлысының тәртібін сақтай отыра оқиғаларды сәйкестендіру).
Әңгіменің басталуы Соғыстан кейінгі ауыл өмірі
Әңгіменің дамуы Балаларды бөліп алуы
Әңгіменің байланысуы Зигфридке той жасауы
Әңгіменің шиеленісуі Қазақ балаларымен Зекеннің
достасуы
Шарықтау шегі Ахметтің үстінен арыз түсуі
Әңгіменің шешімі Ахметтің ақталуы
Қорытынды Ахмет Бегімбетовтің көрші колхозға
көшуі
ә) «Айдарлар құру» стратегиясы бойынша шығарманың кейіпкерлерін талдау. Оқулықпен жұмыс.
«Бала» ауылы «Әке» ауылы «Ата» ауылы
Тапсырмалар Кейіпкерлер | Зигфрид | Ахмет | Дәуренбек |
Портреті | Көк көзді, жалбыраған ұзын сары шашты, сары бала. | Ширатылған ұзын бозғылт мұртты, шоқша сақалды, ақ сұр шал. | Қара галифе шалбарлы, әскери гимнастеркадағы жігіт. |
Мінез-құлқы | | | |
Әр түрлі әрекеттері | | | |
Адами қасиеттері | | | |
Кейіпкер сөзі | | | |
б) «Көшбасшы орындығы» ойыны (Ортаға ауылбасылары, яғни топ көшбасшылары бір-бірден шығып, орындыққа отырады. Мақсаты: сұрақтың дұрыс жауабын интерактивті тақтаға планшетті қолданып жазу. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын оқушылар айтады).
1. «Бала» ауылы көшбасшысының сұрағы: Шығарма кімнің сөзімен басталады? (Басқарманың).
2. «Әке» ауылы көшбасшысының сұрағы: Ахмет қоныс аударған ауыл қалай аталады? («Қызыл ту»).
3. «Ата» ауылы көшбасшысының сұрағы: «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің?» – деп Дәуренбек кімге айтады? (Ахметке).
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
а) Сөздік жұмысы (Тақтамен жұмыс. Мақсаты: жаңа сөздерді оның түсініктемелерімен сәйкестендіру).
1. Гимнастерка – әскери киім, тығыз матадан тігілген жейде.
2. Протез – адамның жоқ дене мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды дене мүшесі.
3. Лобогрейка – егін шабатын техника.
4. Раса – нәсіл (жер бетіндегі адамдардың өң-түсіне байланысты бөлінуі).
5. Детдом – жетім балаларды тәрбиелейтін үй.
6. Галифе – тізеден жоғары жағы делдиген тар балақты шалбар.
ә) Тест жұмысы.
1. Қазақтың айтулы қаламгері, «Бір атаның балалары» повесінің авторы:
А. Сайын Мұратбеков
В. Мұхтар Мағауин
С. Әбіш Кекілбаев
2. «Бір атаның балалары» повесінің кейіпкері:
А. Ахмет
В. Еңсеп
С. Сатай
3. « - Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал», - деген кімнің сөзі?
А. Дәуренбектің
В. Ахметтің
С. Басқарманың
4. Басқарма ауылға неше жетім баланы алып келеді?
А. 6
В. 7
С. 8
5. Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін үйіне алып келеді?
А. Зигфридтің тілін кәлимаға келтіру үшін.
В. Зигфридті сүндетке отырғызу үшін.
С. Зигфридке қазақша ат қою үшін.
Ү. Сабақты қорыту кезеңі:
- Балалар, «Бір атаның балалары» повесінде баяндалатын оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында болғаны бізге мәлім. Сабағымызды түйіндеу үшін мына бір бейнесюжетті көріп, «Біз – бейбіт елдің ұланымыз» тақырыбында топпен кластер құрып, оны қорғаймыз.
а) «Ұлы Отан соғысы» тақырыбындағы бейнекөрініс.
ә) Әр топ кластер құрып, оны бірнеше адам шығып қорғайды.
ҮІ. Оқушы білімін бағалау. Критерий бойынша бағалау парақшалары арқылы оқушылар бірін-бірі және өздерін бағалайды.
ҮІІ. Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.
ҮІІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, балалар, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ екеніне, қазақ халқының пейілінің кеңдігіне біз осы шығарма арқылы көзіміз тағы жете түсті. Оның дәлелі, бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады. Жүрек жылуы болса, жеткілікті екен. Негізгісі – атаның емес, адамның ұлы бола білу.