Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?"Сан есім т?рлерін ажырата білуге ?йрету"»
Сан есім түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың тақырыбы:Сан есімнен өткенді қайталау.
Білімділік: Сан есім туралы білімдерін пысықтау, қалай меңгергендерін байқау. Сан есім түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу қорын, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, отансүйгіштік, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: сатылай кешенді талдау үлгісі, үлгіге қоятын белгілер, сан есімге байланысты кестелер, үлестірме кестелер, нөмірленген асықтар, қоржын, бейджиктер, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу.
ІІ Ой қозғау (сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру).
Бүгінгі сабақта өткен тақырып сан есім туралы білімді жинақтаймыз. Сабақта біз жұппен, топпен жұмыс істейміз, ойын ойнаймыз. Сендердің білімдерің, дұрыс жауаптарың жасанды қорлармен бағаланады.Кім көп жинайды сол жоғары бағаға ие болады. Сабақта 2 топ жұмыс істейді.
ІІІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІV. Сергіту сәтті.
Тест сұрақтарымен жұмыс. «Білімді байқап көр».
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 7 ә) 9 б) 6
2. Зат есім дегеніміз не?
а) Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы.
ә) Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы.
б) Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы.
3. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата.
а) Негізгі сын есім және туынды сын есім
ә) Сапалық және туынды сын есім
б) сапалық және қатыстық сын есім
4. Сан есім деген не?
а) Заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін сапасын білдіреді.
ә) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты өту кезеңін білдіретін сөз
табы.
б) Заттың мөлшерін, санын, ретін білдірерін сөз табы.
5. Сан есім мағынасына қарай неге түрге бөлінеді?
а) 5 ә) 6 б) 7
6. Болжамдық сан есімді көрсет.
а) мыңдаған, жүздеп, тоқсандай
ә) жүз бесінші, отызыншы, екінші
б) екеу, сегіз, жетеу.
7. Жинақтық сан есім жұрнағын тап.
а) – ыншы, - інші;
ә) – лап, - леп, - деп, - таған;
б) – ау, - еу.
8. Күрделі сан есімді көрсет
а) жүзінші
ә) мыңыншы
б) екі мың тоғызыншы
9. Он бүтін мыңнан жүз елу бір.- Сан есімнің қай түрі?
а) болжамдық
ә) бөлшектік
б) топтпу
10. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарым тұр?
а) бастауыш
ә) анықтауыш
б) баяндауыш
«Кім жылдам» (жұппен жұмыс).
Оқушыларға берілген сөйлемнен, мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, мағынасын ашып, морфологиялық сатылай кешенді талдау жасау тапсырмасын түсіндіремін.
Бес саусақ бірдей емес.
Үлгі: бес
сан есім
қанша? Деген сұраққа жауап берелді.
дара
қосымшасыз
есептік сан есім
заттың дәл нақты саның атап көрсетеді
сөйлемдегі синтаксистік қызметі-бастауыш
1-топ: «Дарын» тобы.
Ананың қарызынан
Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсың.
2- топ: «Тапқырлар» тобы.
Біреу тойп секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Тапсырма. Морфологиялық сатылай кешенді талдау.
Тапсырма. Сан есімді септе.
Тапсырма. Сан есімді жікте.
Тапсырма. Математикалық талдау.
Әр тапсырманың соңында жұмыстарын қоржынға салады, арнайы сайланған сарапшылар тексеріп, ұпай санын шығарып отыралды.
Оқушылардың ықтимал жауаптары.
Тапсырма. 1-топ:
үш
сан есім
қанша?
дара
қосымшасыз
есептік сан есім
заттың дәл нақты саның атап көрсетеді
сөйлемдегі синтаксистік қызметі- анықтауыш
Ананың қарызынан
Меккеге үш арқалап апарсаң да құтылмайсын.
2-топ:
бреу
сан есім
нешеу?
дара
қосымша-еу
жинақтық сан есім
заттың санын жинақтап көрсетеді
сөйлемдегі синтаксистік қызметі-бастауыш
2 – тапсырма. Сан есімді септе.
1-топ. Үш – есептік сан есім. 2- топ. Біреу – жинақтық сан есім.