Мақсаты | Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, , суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау Пәнаралық байланыс: тарих, география Сабақтың түрі : жаңа білімді игеру сабағы |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | « Таңғажайып дорба » ойыны Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды . |
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту | 1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру. 2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу. 3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы туралы хорнологиялық кесте Жылдар | Маңызды оқиғалар | 1841 жылы 20 қазанда | Қостанай облысы Затабол ауданында туған. | 1850 жылы | Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған. | 1857 жылы | «өте жақсы» деген бағамен бітірген. | 1859 жылы | Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған. | 1859 жылы | Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады. | 1860 жылы | Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады. | 1864 жылы | Торғайдағы мектепті ашады. | 1876 жылы | Петербург, Қазан қалаларына барады. | 1876 жылы | «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. | 1879 жылы | «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады. | 1879 жылы | Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. | 1881 жылы | Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. | | 1879-1883 жылдары | Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады. | | 1983 жылы | Торғайда қолөнер мектебі ашылады. | | 1983 жылы | «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты. | | 1887 жылы | Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады. | | 1987 жылы | Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды. | | 1889 жылы | Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады. | | |
Ой толғаныс | Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. |