Сабақтың тақырыбы: «Ата ақылы» С.Мәуленов «Атасы мен немересі» С.Көбеев
Мақсаты: 1. С. Көбеевтің нақыл сөзге құрылған әңгімесін түсініп оқиды. 2. Үлкенді құрметтеуді үйренеді. 3. Оқу дағдыларын жетіледі Күтілетін нәтиже: 1. Автор туралы біледі. 2. Мәтіннен түйгенін нақыл сөздерді пайдаланып жауап береді. 3. Үлкендерді құрметтеуді үйренеді. 4. Оқу дағдылары қалыптасады. Негізгі идеялар: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Тапсырмалар: Топтық жұмыс, «Түрткі болу» сұрақтары Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушыларына «Менің досым» психологиялық жаттығуымен жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды санау бойынша топқа бөлу (2 - 3 минут) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру үйге берілген «Қыста талай қызық бар» бөлімін қайталап, қорытындылау мазмұндау арқылы қайталаймыз(5 минут) ІІІ. Қызығушылығын ояту «Түрткі болу» сұрақтары - Балалар, сендер үйде аталарың мен әжелеріңнің есімдерін айтыңдаршы? - Сендер ол кісілерді қалай сыйлайсыңдар? - Ата, әжесін жақсы көретін балалар Сырбай Мәуленовтің «Ата ақылы» деген өлеңін тез жаттай алар ма екен? Кәне жаттап көрелік.
ІV. Топтық жұмыс І топ: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба? ІІ топ: Оқулықты пайдаланып мәтіннің авторы жайлы мәлімет іздестіру. Сызба бойынша түсіндіру ІІІ топ: «Ата ақылы» өлеңін жатқа айту Топтардың бірін - бірі бармақпен бағалауы Оқулықпен жұмыс. 1. Атасы мен немересі» мәтінін оқу.( жалғастырып, түсініп оқу) 2. Мәтінді рөлге бөліп оқу. Теріп оқу. Сөздік жұмыс. Мәтінді оқи отырып өздері түсінбеген сөздердің астын сызады. - Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер? ( Оқушылар өзара түсіндіреді.) - « Аяқ» деген сөз нені білдіреді? Аяқ-ағаш табақ - Қай сабақта біз осындай сөздер жайлы оқыдық? (қазақ тілінде) - Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы) І топ: Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу. ІІ топ: Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір. ІІІ топ: Осы әңгіме арқылы жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.
VІ. Жеке жұмыс. «Кезбе тілші» әдісі бойынша жүргізіледі. Біз немен таныстық? Мәтіннің авторы кім? Мәтіннен көңіліңе не түйдің? Берілген нақыл сөзді пайдаланып жауап бер.
VІІ. Рефлексия. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» - Бүгінгі сабақтан не білдік? - Өзіңе қандай әсер алдың, көңіліңе не түйдің? - Ұсыныс, тілегің? Оқушыларды бағалау. Кейінгі тапсырмалар «Үлкенді сыйлау» тақырыбына әңгіме жазып келу Кейінгі оқу «Атасы мен немересі» мәтінін мазмұндау. Сабақтағы сәтті тұстарым: Сәтсіз тұстарым: