- Балалар, бізді? осындай з?улім, жары?, тап-таза ?имаратта білім алып, ?з еркіміз, ?з ?алауымыз бойынша ?рекет ете алуымыз, ешкімге кіріптар болмай, шат-шадыман заманда еркін, т?уелсіз ?мір с?руіміз нені? ар?асы?
ІІІ саты. Ой тол?ау. «Шы?ыс ?лынан жауап».Хат жазу. Жаз?ан хаттарын о?у.
Саба?ты ?орыту.
Сонымен, жауынгер-журналист Б. Б?л?ышевті? ерлігін, шы?армашылы?ын тере? т?сіне отырып, ?андай ??рмет к?рсетуімізге болады? Ерлігін ?алай ба?алар еді?іздер?
Ба?алау. ?р топты? басшысы ба?алау пара?ын толтырады, о?ушыларды? топта ат?ар?ан е?бектерінене талдау жасай отырып, топ м?шелеріні? ба?асын жариялайды.
Шығарма тақырыбы мен идеясын аша білуге ықпал ету.
Өмірге құштарлығын арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адами рухани құндылықтарды ұғынып, өзін-өзі тәрбиелей білуге жетелеу.
Оқушының сөйлеу тілін дамытуға, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, ақыл-ойын, іскерлік дағдылары мен шығармашылық белсенділігін шындауға орта құру.
Сабақтың платформасы: Б. Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығы туралы және «Шығыс ұлына хат» шығармасының мазмұнын, әдеби теориялық ұғымдарды біледі
Нәтижені бағалау: жазу арқылы. «Шығыс ұлынан жауап» ой толғаныс
Қажетті материалдар: ватман, оқулық, түрлі түсті маркерлер.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Б.Бұлқышевтің портреті, баспасөз материалдарды, кубик.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сыныптың психалогиялық ахуалын реттеу. Топқа бөлу.
І саты. Қызығушылығын арттыру.
- Балалар, біздің осындай зәулім, жарық, тап-таза ғимаратта білім алып, өз еркіміз, өз қалауымыз бойынша әрекет ете алуымыз, ешкімге кіріптар болмай, шат-шадыман заманда еркін, тәуелсіз өмір сүруіміз ненің арқасы?
- Кенге бай, табиғаты көркем, ұлан байтақ жердің иесі болуымыз кімнің арқасы?
ІІ саты. Мағынаны тану. Кубизм стратегиясы.
Кубиктің 6 жағы бар. Иіргенде қай жағы түссе, сол бетінің тапсырмасын орындайды.
1. Суретте. Автор шығыс ұлын қалай суреттеген?
2.Салыстыр. Шығармада салыстыруға келетін қандай нәрсе бар деп ойлайсыздар? Венн диаграммасымен көрсету.
3 Елестет. Шығарманы оқығанда көз алдыңызға не елестеді? Сурет салу.
4.Зертте. Шығармада қандай бейнелі тәсілдер қолданылған? Б.Бұлқышев туралы тағы не білесіздер?
5. Қолдан. Осы шығармадан бүгінгі өмірде қолдануға болатын қандай нәрсе бар деп ойлайсыздар?
6.Қолда. Талқыла. Қарсы шық. Шығарманы оқып отырғанда нені қолдап, неге қарсы шықтыңыз?
ІІІ саты. Ой толғау. «Шығыс ұлынан жауап».Хат жазу. Жазған хаттарын оқу.
Сабақты қорыту.
Сонымен, жауынгер-журналист Б. Бұлқышевтің ерлігін, шығармашылығын терең түсіне отырып, қандай құрмет көрсетуімізге болады? Ерлігін қалай бағалар едіңіздер?
Бағалау. Әр топтың басшысы бағалау парағын толтырады, оқушылардың топта атқарған еңбектерінене талдау жасай отырып, топ мүшелерінің бағасын жариялайды.
Үйге тапсырма. «Ерлікке тағзым» тақырыбына шығарма жазу.