Просмотр содержимого документа
«Б?рін білгім келеді »
Бәрін білгім келеді (интеллектуалдық ойын)
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді Мақсаты: Сынып оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау
мақсатында пәндер бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік сыныпты анықтау. Түрі, типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы Қолданатын әдіс - тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап, интерактивтік әдіс Көрнекілігі: интерактивтітақта, слайдтар
Өту барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар. Тілдер апталығына арналған арналған «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамғаөзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...» Анатілі қазағымның қаймағы, Тілің сенің өміріңнің айғағы. Бүгін міне, тіл туралы сайысқа, Әр сыныптың білгірлері шығады. 7 сынып, 8 «а, б», сынып, 9 сынып, 10 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
«Жас қыран» тобы (7 сынып)
«Сұңқар» тобы (8 сынып)
«Жас ұлан» тобы (9 сынып)
«Тұлпар» тобы (10 сынып)
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер Әділқазы алқасы – кемеңгерлер. Беріңіздер әділ бидей әділ баға, Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік 1.Шапиев Ерік Рамазанұлы 2.Мұхаметжанова Мақпал Хамзиновна
3. Ахметбек Айнур Амантайқызы 1 кезең. «Сәлем – сөздің анасы». Топтардың ұраны, эмблемасы. 2 - кезең. «Бинго». Қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру.
«Жас қыран» тобы
1. Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық, қатыстық) 2. «Көксерек» әңгімесінің авторы және басты кейіпкерлері? (Мұхтар Әуезов, Құрмаш, Көксерек) 3. Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз).
4. Жүсіпбек Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінде оқиға қай қалада орын алды және басты кейіпкері кім? (Жетішатыр, Әмірқан) «Сұңқар» тобы 1. Тіл білімінің салаларын ата. Олар нені зерттейді? (лексика, фонетика, морфология, синтаксис).
2. Шығарманың композициялық жоспары қандай бөлімдерден тұрады? (оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы) 3. Сын есім қалай түрленеді? Мысал келтіріңіз (шырай формасына ену арқылы) 4. «Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесінің авторы? (Рабғузи).
«Жас ұлан»тобы 1. Өткен шақтың түрлері мен жасалу жолдарын айтыңыз (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ) 2. Лирика дегеніміз не? Оның түрлері (адамның көңіл - күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді) 3.Айтыстың түрлерін ата. (Бәдік айтыс, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысы, өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ айтысы, салт айтысы, осы күнгі айтыстар). 4. Аңыздың прозалық түрлері нешеге бөлінеді? (тарихи аңыздар, топонимикалық аңыздар. Тарихи оқиғалар, тарихи адамдар туралы аңыздар тарихи деп топтастырылса, жер-су және мекендерге байланысты аңыздар топонимикалық деп аталады).
«Тұлпар» тобы
1.Өлең жолдарындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың қайталануы қалай аталады? Оларды ата (ассонанс, аллитерация) 2. Етістіктің ерекше түрлері және олардың жасалу жолын айтыңыз (есімше, көсемше, тұйық етістік).
3. Жас кезінде хан сарайында болған ақын кім? (Махамбет).
4. Зат есім, сан есім, сын есімнің орнына жүретін сөз табы(есімдік) 3 - кезең. «Жекпе - жек» (капитандар сайысы) Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу. 1. Доброеслово – половинаблага/ Жақсысөзжарымырыс 2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылғансөзатылғаноқ 3. Даже говоря в шутку - подумай/ Ойнапсөйлесең де, ойлапсөйле 4. Начало искусства красноречие/ Өнералды – қызылтіл 5. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансызадам, ормансызбұлбұлментең 6. Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір 7. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөзқадірінбілмегенөзқадірінбілмейді 8. То что не поднимет слон, поднимет язык / пілкөтермегенді, тілкөтереді 9. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көрекөсемболарсың, сөйлей - сөйлейшешенболарсың
2.10 балл. Абайдың алғашқы ғашық болған қызының аты кім? (Тоғжан)
3.10балл. Етіс неше түрге бөлінеді және түрлерін ата. (төрт түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс).
1.20 балл. Көсемше қандай екі түрлі қызмет атқарады? (етістік, үстеу)
2. 20 балл. Сыңарын тап Дулат Бабатайұлы --------Саятшы Ораз Жамбыл Жабаев ----------Өзім туралы Сәбит Мұқанов ------------Бандыны қуған Хамит Сәкен Сейфуллин ---------Аягөз, қайда барасың Қасым Аманжолов -------Аттандыру 3.20 балл.Қоштасу қай кезде айтылады? Қай шығармада кездеседі? (өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырардағы қоштасу. Жамбыл Жабаев «Аттандыру») 1.30 балл.Қазақ тілінде неше септік бар? Өз қалауың бойынша бір сөзді септе.
2.30 балл. 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген, «Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» романдарының авторы. (Сәбит Мұқанов)
3.30 балл. Үш жасында «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады!» деп бата алған. (Мағжан Жұмабаев) 1.40 балл. «Аягөз қайда барасың?» өлеңінің авторы кім?
2.40 балл. Барымта дегеніміз не? Қай шығармада кездеседі? (Барымта есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі, «Ананың анасы») 3.40 балл. Біреудің дүние салғанын соның жақындарына хабарлау. Қай шығармада кездеседі? (естірту, Қозы Көрпеш – Баян сұлу) 5 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру. 1. Жыланды қалай інінен шығарамыз? (Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады) 2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай) 3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді) 4. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті) 5. Қар жана ма? (Қалауынтапса, қаржанады) 6. Не оттан да ыстық? (Отаноттан да ыстық) 7. Тауықтүскөреме? (Тауықтыңтүсіне тары кіреді) 8. Шашу мен жинаудыңқайсысыоңай? (Шашу оңай, жинауқиын) 9. Білгеніңқанша, білмегеніңқанша? (Білгеніңбіртоғыз, білмегеніңтоқсантоғыз) 10. Адамныңқаймүшесіқорқақ, қаймүшесі батыр? (Көзқорқақ, қол батыр) 11. Отқатүсіпкүймеуге бола ма? (Отанүшінотқатүс, күймейсің) 12. Ер қаруынеше? (Ер қаруы бес қару) 6 - кезең. «Зерекболсаң, тауыпкөр». Бейнежұмбақшешу.
«Жас қыран» тобына сұрақ.
1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол 1836-1838 ж. Бөкей ордасында болған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, жауынгер – ақын. Бұл кім? (Махамбет Өтемісұлы). 8- сынып
Бұл кісі Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс билеп тұрған кезде білім іздеп сонда барған. Бұл кісінің атақты «Түрікше Гүлстан» атты кітабы бар. Осы кісінің есімін атаңыз. (Рабғузи).
9- сынып
1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген атақты тұлғаны ата. (Төле би).
10- сынып
Ш. Уалихановтың Омбыдағы кадет корпусында бірге оқыған, кейіннен үлкен этнограф-ғалым болған ең жақын досы кім? (Г. Н. Потанин) Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша мектебіміздің әншісі----------------------------- әнін қабыл алыңыздар.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!