kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЯНДАМА "?аза? ?дебиеті саба?ында о?ушыларды? сыни ойлауын дамыту"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ?дебиеті саба?ында о?ушыларды? сын т?р?ысынан

ойлауын дамыту

Асемг?л Ес?абыл?ызыЖа?аева

Батыс ?аза?стан облысы

Теректі ауданы

Теректі АБББ ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндеріні? ?діскері

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА "?аза? ?дебиеті саба?ында о?ушыларды? сыни ойлауын дамыту" »

Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың сын тұрғысынан

ойлауын дамыту

Асемгүл ЕсқабылқызыЖақаева

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Теректі АБББ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері

Тел: 8 705 571 50 27 /[email protected]/

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деген Елбасы тәуелсіз еліміздің болашағын өсіруде ұстаздарға үлкен сенім артуда. Зияткерлік ұлт болып қалыптасуының негізі – сапалы білім алған шәкірт. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру, жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Бүгінгі мұғалімді тек пән мұғалімі ретінде қабылдау жеткіліксіз. Өйткені, мұғалім - ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, психолог, жаңалықты дәріптеуші. Мұғалім еңбегі үздіксіз ізденісті, өз білімі мен тәжірибесін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өткені мұғалім – мектептің жүрегі» десе, қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзырлылығы ескеріледі.

Баланың бойына білім нәрін себетінбастытұлға - ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау – мұғалімге тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі – жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлға қатыптастыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытуәдістемелерін меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттерінің бірі - инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Қазіргі уақытта жаңатехнологияларды сабақта қолдану - жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.Сондықтан қоғам талаптарының өзгеруіоқушыларды тәрбиелеп, оқытатын мұғалімдерге де жаңаша міндеттер жүктеуде. Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесінұйымдастыру, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылғанүлгісі болып келеді. Күнделікті сабақтарда жүйелі пайдаланылатын педагогикалық технологиялардың тиімділігі төмендегідей:

1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;

2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;

3. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады;

4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;

5. Өзін-өзі тексеруге дағдыланады;

6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;

7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 60-қа жуық қолданылатын стратегиялары

бар. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиясының басқа оқыту технологиялардың стратегияларынан ерекшелігі оқушылар жеке топта, жұпта ойларын ортақ ортаға салып талдайды. Осы технология бойынша өткізілген барлық сабақтарда оқушыларға өз ойын ашық айтып, білімін тек өзі толықтыруға мүмкіндік туғызады.

Жалпы алғанда, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаутехнологиясының орны ерекше және қолдануға тиімді болып келеді.«Сын тұрғыдан ойлау» дегенде біз оны қалай түсінеміз? Ол нені білдіреді? деген сұраққа АҚШ профессоры Дэвид Клустер: «Сын ойлау – дербес ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жекеойлау болып табылады. Осы оқыту процесі кезінде, сабақ сын ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз ұсынысын, бағасын, сенімін басқа оқушылардан бөлек, дербестүрінде қарастырады. Себебі, біз оны өзіміз ғана жасаймыз. Ешкім де біз үшін сыни ойлайалмайды. Ойлау, тек индивидуалды сипаталғанда ғана сыни болып табылады. Оқушы өзі ойланып, өзі жұмыс істеп, ең қиын дегенмәселелерді де өзі шеше алуы мүмкін, оған жеткілікті түрде бостандық беру керек» деген жауап берген. Сыни ойлау сұрақ қою мен шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаумен өрбейді.

Осы орайда әдебиет сабақтарында оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі өте зор. Себебі, дәртүрлі сабақпен салыстырған сабақ құрылымында айырмашылық бар. Аталмыш технология негізінде сабақ 3 кезеңнен құрылады. Олар: қызығушылықты ояту /сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бірінші кезеңі/, мағынаны тану /сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының екінші кезеңі/, ой толғаныс /сын тұрғысынан ойлау технологиясының үшінші кезеңі/.

Қызығушылықты ояту-оқушыларға бір проблема қойылып, сол проблеманың басты себебікөрсетіледі. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты: оқушының белсенділігінарттыру. Бұл кезең оқушыларды жаңа тақырыпты толық игеруге дайындық кезеңі деп театалады. Оқушының қызығушылығын ояту барысында «ойлану», «түртіп алу», «топтау», «болжау», «миға шабуыл», «жұпта талқылау», «символдар» сияқты стратегиялардың бірнеше түрі қолданылады. Сабақтың бірінші кезеңінде алдын-ала дайындалған сөзжұмбақ немесе бірнеше сұрақтармен жұмыс ұйымдастырылуы, эссе жазылуы, әңгіме құрастырылуы мүмкін. Оқушылар өз білетіндерін еске түсіріп, қағазға жазады, басқа оқушылармен ой бөліседі. Сөйтіп оқушы осы іс-әрекеттерді орындай отырып, ойланады, көптеген жаңа білім жайлы ақпарат жинайды және оны өзінің білетінімен байланыстырады.

Мағынаны тану-оқушылар барлық қарастырылып отырған материалдарды өздері оқыпшығады немесе мұғалім сол материалға деген қосымша түсінік беруі мүмкін. Бұл

кезеңде сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Түртіп алу», «Топтастыру» стратегиялары жиі қолданылады. Сабақ барысында оқушылар өздері қарастырыпотырған мәселелердің сәйкес келмейтіноқиғаларын, түсінбегендерін талқылап, саралайды. Оқушылар өз ойларын мәтіндегі ойғасәйкестендіріп, салыстырып барып қағаз бетіне түсіреді және қорғайды.Мағынаны тану кезеңінде оқушы: ойлап, еске түсіріп, өзге

оқушылардың пікірін тыңдап өз білімін кеңейте түседі. Және де оқушы көпшілік ортамен

қарым-қатынас жасай білуге, топта барлығы бір шешімге келуге, топ алдында өзойын қорғап, сөйлесуге үйренеді.

Толғаныс - оқушылар өздері оқып үйренген материалдарды саралап, бекіту

жұмыстарын орындайды. Бұл кезеңде «Екі жақты күнделік», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу»,«Бес жолды өлең» сияқты стратегияларды қолдану нәтижелі болары сөзсіз.

Әдебиет сабағында өтілетін әр тақырып оқушыға әдептілік, адалдылық, қайырымдылық, сыпайылық, кішіпейілділік сияқты асыл қасиеттердің мәнін түсіндіріп қана қоймай, бойына сіңіруге септігін тигізеді. Ал, әдебиетті оқытуда, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамытуда аталған технологияның маңыздылығы мынада:

- оқушыларға ойлануға, өз ойын ашық айтуға рұқсат беру;

- өз ойын еткізе білу шеберлігі, әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау;

- оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуынталап ету;

- оқушы көркем шығарманы танудағы белсенділігі;

- берілген мәтінді жан-жақты талдап, шығарма, кейіпкер туралы өзіндік көзқарасын

қалыптастыра алады;

- жеке тұлға ретінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Әр сабақта оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз. Мысалы: оқушы эссе, өлең жазады, шағын мәтін құрастырады, өзінің ой-пірін ашық білдіреді, жан-жақты ойлана алады және бір-бірін тыңдап, рефлекция жасайды.Мұғалім оқушының жұмыс жасау деңгейіне қарай зерттеу жүргізеді, баланың ашылуына жағдай туғызады.

Сонымен қатар сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттейді, қорытындылайды, өз ойынжеткізеді, пікірін дәлелдейді, ортақ пікірге келеді, өз мақсатынажетеді, қызығушылығы артады, кез-келген тақырыпты меңгеругеүйрене отырып, өзін-өзі тәрбиелейді. Жұмыстану барысында оқушылардыңбір-біріне деген сыйластығы артып, пікір айтуға, тыңдауға шығарманың негізгі ойын өзітабуға, өз бетімен тұжырымдар жасауға үйренеді.

Дэвид Каустердің сын ойлау анықтамасының келтірілген 5 бабы білім алудың әртүрліәрекеттерімен жүзеге асырылады, алайда, оның ойынша мұғалімге де, оқушыға да еңтиімдісі жазба жұмыстары болып саналады. Себебі, жазу кезінде ойлау үрдісі мұғалім

үшін көрнекті болады. Жазушы сол кезде барлық жағынан ойланып, өз білімін толық

қолданады. Тағы да ол өз ойын жеткізу үшін көптеген дәлел-дәйектер құрастырады.Оқытушы жазба жұмысы кезінде өз оқушыларына жазу ережелерін түсіндіріп, оның

қиын мәселелерін шешуге көмектеседі. Оқушылар әрқашанда өз ойларымен бөліскендідұрыс санайды. Міне, осы себептерге сәйкес Д. Клустер жазу – сын ойлауға үйретудің ең

қолданымды, тиімді тәсілі деп тұжырымдаған.

Әдебиетті оқытуда СТО технологиясы стратегияларының өзіндік орны ерекше. Оқушы мүмкіндігінше ойланып, сөйлеп, пікірін қағаз бетіне түсіріп жұмыстанады.

Өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясын қолдану кезінде оқушы бойынан айтарлықтай өзгерістер байқадым. Әдебиет сабағында аталған технологияны қалай жүзеге асыратындығым жөнінде сабақтарымнан үзінді көрсете кетуді жөн санадым.

Қызығушылықты ояту кезеңіне5-сыныпта «Қажымұқан-өнер иесі» тақырыбындағы сабағымда «Символдар» стратегиясын қолдану арқылы оқушыларберілген суреттер бойынша әр алуан мәтіндерді 5 минут ішінде құрастыра алды. «Символдар» стратегиясын қолдануда тақтаға 4 түрлі сурет (кір тасы, медаль, кубок, ту) ілінді. 3 топтың да оқушыларына шағын мәтін құрастыру үшін 5 минут уақыт берілді. Құрастырған мәтіндерін топ ішінде оқып, әр топ жақсы деген 1 немесе 2 мәтінді оқуына болатындығы ескертіледі. Өздерінің құрастырған мәтіндері арқылы кезекті сабақтың тақырыбыашылады. Ал Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» тақырыбындағы сабағымда «Топтастыру» стратегиясы арқылы 5-сынып оқушыларының Шоқан тура білімдерін бақыладым.

-Шоқан кім? Ол туралы не білесіңдер?


Ғалым Зерттеуші Әдебиетші

ШОҚАН



Тарихшы Саяхатшы


Жаратылыстанушы

Осы сабақтың 2-ші сағатында “Бала Шоқан” әңгімесіндегі Шоқан бейнесі тақырыбы бойынша «Бес жолды өлең» стратегиясын қолдандым.

Зат есім (кім? 1 сөз) Шоқан

Сын есім (2 сөз)Мейірімді, өнертанығыш.

Етістік (3 сөз) Кездесті, қорғады, уәде берді.

1 Сөйлем (4 сөз)Шоқан – қазақтың жарық жұлдызы.

Синоним-Шоқан, Мұхаммедқанафия.

Қызығушылығын ояту кезеңінде жүргізілген стратегиялар жазу арқылы жүзеге асырылды. Бұл мен үшін оқушының жұмысына диагностика жасауға үлкен көмек болды.

Мағынаны тану кезеңінде «Қажымұқан-өнер иесі» тақырыбында «Концептуалдық кесте» стратегиясы арқылы өткен тақырып пен жаңа тақырып бойынша ортақ жұмыстар жасалды.

Тақырыбы

Бала Шоқан

Қажымұқан

Авторы

Сапарғали Бегалин

Қалмақан Әбдіқадыров

Жанр

хикаят

хикаят

Идеясы

Бала Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықпен достасып, оған қамқор болуы.

Французша күрестен дүние жүзі чемпионы Мұқанның өмір жолы туралы

Кейіпкерлері

Шоқан, Мысық, Жақып, Айғаным, Шыңғыс.

Мұқан, Масликов, Иван Лебедев, Добрый-Рабый

Қорытынды

Мысыққа көмектесіп, киім-кешек, тамақ береді.

Жалқы Мұқаннан балуан Қажымұқанға айналды.










Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» сабағында «ЖИГСО» стратегиясы арқылы оқушылар толықтай жұмыстанды. Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топта 4 адамнан отырғызылады. Және сол топтағылардың өзі 1,2,3,4 болып бөлінеді. Ылғи 1-лер бір бөлек, 2-лер бір бөлек отырады. Шығарманы оқуға 10 минут уақыт беріледі. Оқушылар оқып болғаннан кейін, өз іштерінде яғни, ылғи бірлер бір-бірлеріне түсіндіреді. Содан соң өз орындарына келіп әр оқушы өзі оқыған бөлімін топтағы оқушыларға түсіндіріп береді. Жеке-жеке түсіндіруге 3минут уақыт беріледі. Барлығы айтылып болған соң әр топтан қосымша сұралады. Бұл стратегияны қолдану кезінде үлгерімі төмен оқушы да барынша жұмыстанады, топ ішінде сөйлеуге дағдыланады.“Бала Шоқан” әңгімесіндегі Шоқан бейнесі тақырыбындағы сабағымда мағынаны тану үшін «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы оқушылардың өз ойларын дәлелмен айтуға дағдыландырды.

  1. С.Бегалиннің Шоқан Уәлиханов туралы шығарма жазуына не себеп болды?

  2. Шығармада Шоқан Мысықпен қалай танысты?

  3. Шығармада Шоқанның қандай қасиеттері байқалды?

  4. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?

  5. Мысықтың жасаған мүсіндерін көргенде Шоқан анасының пікірі қалай өзгерді?

  6. Шығармада тағы қандай кейіпкерлер бар және олар қалай көрінген?

Толғаныс кезеңінде«Қажымұқан-өнер иесі» сабағында «Бес жолды өлең» стратегиясыоқушыны ақындыққа, шығармашылыққа баулыса, Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» сабағында «Екі жақты күнделік» стратегиясы оқушының ішкі талғамын жеткізе білуге, жан-жақты талдау жасауға, сабақтан алған әсерлерімен бөлісуге үйретеді.

Таңқалдырды

Мәтінде маған әсер еткен жай

Себебі

Өз ой-пікірім



Біз сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту технологиясы арқылы ойын еркін айта алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан, өмірде дұрыс шешім қабылдайтын оқушы тәрбиелей аламыз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы /Алматы 2010 ж./

  2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері /С.Мирсеитова/

  3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы /№8/2010 ж./

  4. Қазақ ұстазы /№1 2014 ж./



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
БАЯНДАМА "?аза? ?дебиеті саба?ында о?ушыларды? сыни ойлауын дамыту"

Автор: Жа?аева Асемг?л Ес?абыл?ызы

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155771


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства