1.Топқа бөлу. «Тапқыр», «Білгір» болып,2-ге бөлінеді 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Сабақтың құрылымы: Білемін. Зерттей аламын. Білгім келеді. Білдім бөлімдерінен тұрады. І.Білемін бөлімі. Топтау. «Сыр сандық» ішіндегі жұмыс. Сұрақтар дайындау. Сыныптасымен талдау. Бағалау. Жаңа сабақ. Дара және күрделі етістік. 1.Дара етістік қалай жасалады? 2.Құрамына қарай етістіктің тағы қандай түрі бар? 3.Күрделі етістіктің ерекшеліктері қандай? 4 Күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік қандай етістік болады?(негізгі етістік) 5Кейінгісі қандай болады?(көмекші) 6. Көмекші етістік біреу ғана болады ма? (бірнешеу болуы мүмкін.) 7.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? 8.Етістік жасалуына қарай нешеге бөлінеді? 9.Негізгі етістік дегеніміз не? 10і Туынды етістік дегеніміз не? ІІ. Зерттей аламын. 1. Диалог құру. 2. Оқулықпен жұмыс. «Тапқыр» тобына: 223-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Күрделі етістіктің қалай жасалғанын түсіндіріңдер. «Білгір» тобына:224-жаттығу жұмысының шарты: Өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, дара және күрделі етістікті ажыратыңдар.. 3.Сергіту сәті. 4.Шығармашылық жұмыс. Өз ойларынан дара және күрделі сөзі бар «Ауыл» тақырыбына эссе жазу. ІІІ. Білгім келеді. Тест сұрақтары. 2-топ бір-біріне дайындаған тестерін береді 1. Тест. I топ 5 сұрақтан тұратын тест ІҮ. Білдім бөлімі. Перфокарта толтыру. Ү.Рефлексия |