-Балалар жомарт деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
бай болу
ауқатты өзгеге қол ұшын созу
жомарт
жанашырлықпен қарау жаны жайсаң
-Олай болса, «Атымтай жомарт» мәтіні не туралы екенін оқып көрелік.
Сұрақтар:
1.Атымтай қалай жомарт атанған екен?
2. Мәтінде Атымтайдың адамгершілік қасиетін қалай байқауға болады?
3. Атымтай жомарт айтқан 4 ақыл сөздің ішіненжақсы мен жаман қылықтарды ата.
-Енді ақынның «Атымтай жомарт» өлеңімен танысайық. Өлеңді мәнерлеп оқу. «Insert» стратегиясы арқылы өлеңді талдау.
«v»-бұрыннан білемін
«+»-мен үшін жаңалық
«-»-мен басқаша ойлап едім
«?»-түсінбедім
-Мәтін мен өлеңді оқып, таныстық. (Топпен жұмыс жасалады)
1-топ. Мәтіндегі жақсы сөздерді табу.
2-топ.Өлеңдегі жақсы сөздерді табу.
3-топ.-Кейіпкер бейнесін ашатын мақал-мәтелдер.
ІІІ.Бекіту.
-Осы қасиеттер бүгінгі күні бір адамның бойынан табылуы мүмкін бе? Осы қасиеттері байқалған өз айналаңда кімдерді атар едіңдер?
-Мәтінде Атымтайды «есепсіз бай» деп сипаттайды. Осы сөзді қазіргі заманға қарай қандай сөзбен ауыстыруға болады?
ІҮ. Ой толғау.
Жалпы әлемде, қазақ елінде «Алтын жүрек», «Тарлан» сыйлығының иегерлері туралы естігендерің бар ма? Ондай сыйлықтың иегерлері жетімдерді жебеп, мүгедектерге қол ұшын созып, балалар үйлеріне қаржылай көмек көрсетіп, қайырымдылық қорларына қаражат береді. 2015 жылдың қазан айының 27 күні Алматы қаласында «Алтын жүрек» иегерлерін анықтады. Атап айтсақ, мүгедектерді жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған «TrainingCafe» компаниясының басшысы Мұрат Қалдыбаев, «КТК» телеарнасының «Дорога домой» атты жетімдер туралы бағдарлама авторлары марапатталды.
Ү.Рефлексия. Бағалау. Жаңа сабақ бойынша не түсіндіңдер, не білдіңдер? Сабақ несімен ұнады?
Бүгінгі сабақта кім құнды пікір айтты, кім сабаққа белсене қатысты? Әркім өзін –өзі бағалайды.
ҮІІ. Үйге тапсырма. «Егер мен бай болсам» немесе «Бай болу деген не?» тақырыбында эссе жазу.