Просмотр содержимого документа
«Ғ.Мүсірепов "Жаңа достар"»
Мұғалім: Амангелдіқызы Мадина
Сыныбы:5 «А»
Пән:Әдебиет
Тақырып: Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Сабақтың мақсаты: Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесінен алған білімдерін талдау жасау арқылы бекіту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесін өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиет пәнінен алған білімін жетілдіре түсіп, балаларды ұйымшылқыққа бағыттау.
2.Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін , тілін, ой-өрісін дамыту, қорытынды ой түюге баулу.
3.Тәрбиелік:Балаларды батылдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,спортқа деген қызығушылығын арттыру,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты слайд, фишкалар
Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, тарих
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ( 3мин)
II. Үй тапсырмасының орындалу барысын тексеру кезеңі: ( 13 мин)
ІІІ.Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі : ( 15 мин)
IV. Сабақты бекіту кезеңі: (5 мин)
V. Сабақты қорытындылау: ( 4 мин)
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: (2 мин)
VII.Бағалау кезеңі: (3мин)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесіп, сыныпты түгендеу ә) сыныпты сабаққа бағыттау ( сыныптың тазалығына, оқушылардың киім киісіне назар аудару)
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
1. «Менің достарым» тақырыбына шағын ойтолғау жазу
2. Пейзаж.Өзіне ұнаған жыл мезгілінің суретін салу.
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі:.
«Жаңа достар» сұрақ-жауап:
Әңгіме қай кездегі өмірді суреттеп отыр?
Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?
Шеген мен Бораштың сыртқы кескін-келбетін, мінез-құлқын , тұрмыс-жағдайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар.
Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасады, қандай шарт қойды?
Балалар күнкөріс жолында не істеді?
«Білімдіден -ақыл шығар » ойыны!
Ойынның шарты: Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтарының атын, топ басшыларын анықтату.
Ойын 3 кезеңнен тұрады. (Iкезең: «Қоржын қағу», IIкезең: « Ойлан,тап!, IIIкезең: Мәре)
I бөлім: «Қоржын қағу» Топ басшылары ортаға келіп,стөлдегі кез-келген конвертті таңдап алады да, ішіндегі жазылған сұрақтарға өз тобындағы оқушылармен бірлесе отырып жауап беруі тиіс.
Бірінші топ:
1) Ғ.Мүсірепов кім, қай жылы,қай жерде дүниеге келген?
2) «Жаңа достар» әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңдар, біреуіне сипаттама беріңіз?
Екінші топ:
1)Ғ.Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?
2)Қайырғалидың жаңа достары туралы не айтар едің?
Үшінші топ:
1)Қайрош нешеге дейін санай алатын, неліктен?
2) Шегеннің портіретін жасаңдар?
II бөлім: «Ойлан, тап! (ой қозғау)
Ойынның мақсаты: Жұмбақтарды шешу арқылы, қазақ тілі пәніндегі «сөздің тура және ауыспалы» мағынасы тақырыбымен байланыстыру,оқушылардың логикалық ойдау қабілеттерін дамыту. (жұмбақтар- ауыспалы мағынада, жауаптары –тура мағынада)
1.Ажырамас достай-ақ,
Қолтықтасқан қос таяқ. (Х)
2.Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады
Үшеуінен байқасаң,
Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам)-тура мағына
3.Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны? (Тасбақа)
4.Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр. (І)
5.Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (Бор) -тура мағына
6.Жазда інге тығылып ,
Жатқан қызыл түлкіні
Әкелді әжем бір күні (Сәбіз)- тура мағына
7. Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау (жұмыртқа)-тура мағына
8.Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан
Екі өркешін қом басқан
Төрт аяғын тең басқан.
Бұл не деген жануар? (түйе деген жануар)-тура мағына
IIIбөлім: Мәре
Ойынның шарты: «Жаңа достар » әңгімесін қорытындылау мақсатында әрбір топқа екі сұрақтан қойылады.
Бірінші топтың сұрақтары:
1)Әңгіме қалай басталды?
Екінші топтың сұрақтары:
1)Қайроштың жаңа достарын кездестіруі?
Үшінші топтың сұрақтары:
1)Шеген мен Костяның әңгімесі?
Үш топтың екінші сұрағы: « Жаңа достар » деген көріністі дәптерлеріне суреттеп жазыңдар.
Бекіту сұрақтары:
Топтастыру стратегиясы:
Қайырғали
Жанрлық ерекшелігі,түрі:
Қорытынды:
Балалар,бүгін біз Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесін аяқтадық. Бұл әңгімеде жазушы ағамыз ҰОС қатысқан қазақ жауынгері Қайрат Сарталиевтің өмір жолы баяндаған болатын. Басты кейіпкер Қайроштың соғыстағы ерлік істері, достыққа адалдығының негізі бала кездегі достарына деген сенімінен,адалдығынан басталғандығы көрінеді. «Қазақ солдаты»- ҰОС туралы жазылған тарихи роман.
VI.Үйге тапсырма беру кезеңі:
«Менің достарым» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.
VII.Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан,үй тапсырмасына тиянақты дайындалған оқушыларға тиісті баға қою.