Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, интерактив. тақта, электрондық оқулық.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сыныппен жұмыс топпен, ұжымдық
1.Сабақтың барысы:
Мақсатымен таныстыру.
Оқушылар бүгін біз Ілияс Жансүгіров ағамыздың творчествосымен кеңірек таныс боламыз. Бүгінгі сабақтың қысқа құрылымын айтып өтейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап өтемін.Б.Майлин «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің тақырыбы мен кейіпкерлерге талдау жасау
ІІІ.Әңгіменің мазмұнына кешенді талдау жасау
1.Әңгіменің басталуы: Күлзайраның әңгімесі
2.Дамуы: Мектептегі тартыс
3.Байланысы: Дайрабайдың дауға ұласқан көк сиыры
4.Шиеленісуі: Мәжілістегі тартыс
5.Шарықтау шегі: Күйсебай,Сәдуақас,Айсарылардың айдап салу әрекеттері
6.Шешімі: Мәжілістің аяқталуы
7.Қорытынды:Дайрабайдың партияға өтуі
ІҮ.Толғаныс бөлімі. 1. Авторы – Бейімбет Майлин.
2. Тақырыбы – елдегі ұжымдастыру науқаны. Өмір шындығы.
3. Әдеби жанр түрі: әңгіме.
4. Шығарманың негізгі идеясы – ұжымдастыру сияқты тарихи кезеңдегі заман, қоғам өзгерісін түсінбеген ауыл адамдарының әрекеті, екіге жарылуы, елдегі күндестік, ескі тартыс, шиеленіс, әйел теңдігі.
Шығармашылығынан қысқаша «жылдар сөйлейді» шолуымен бастаймын.
Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме, шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала Елданалығы дариясында еркін жүзіп, уызға жарып, асыл байлықты бойына сіңіре білген.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып кетеді.
1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
1922 жылыВерныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
1928 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;
1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң;
1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;
1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып;
1938 жылы ату жазасына кесілген.
1958 жылы ақталды.
Оқушылар әр өз еліне сүйіспеншілігін өлеңге қосады.Қандай ақынның туған жерге арнаған өлеңін оқығаныңда өз еліңді көзіңе елестетесің. Енді «Туған жер» өлеңін жатқа айтамыз. Ал бейнетаспадан өз сүйген жеріміз Бурабайды көреміз. Әдіс:(байланыстыру).
“Анам тілі” өлеңі
Қадірлі бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп.
Сенімен әлдилеген анам мені.
Өлеңнің авторы:
Тақырыбы:
Жанры:
Эпитет:
“Туған жер “ өлеңі
М е н ө з і м т а у д а т у ы п, т а с ы н д а ө с т і м,
Ж а с ы м н а н м ұ з т ө с е н і п, қ а р д ы к е ш т і м;
А с қ а р д а а р ш а л ы ғ а қ о з ы ж а й ы п,
Б ұ л т т ы ң а с п а н д а ғ ы қ а с ы н д а ө с т і м.