?йге С.Сейфуллинні? ?ле?і «?амаудан», «Т?лпарым» ж?не шы?армашылы?ы туралы ?лестірме ?а?аздармен жауап алынды. 1.С.Сейфуллинні? туып-?скен жері мен отбасы ж?нінде не білеміз?
І.Жанс?гіров 1894 жылы Талды?ор?ан ??ірі А?су ауданында д?ниеге келген. Жастайынан
анасынан айрылып,домбырашы,??гімеші, сауатты ?кесіні? т?рбиесін алады.Одан хат
таниды.Ташкенттегі 2 жылды? м??алімдер институтына т?сіп содан со? м??алім болып
?ызмет ат?арады.1925 жылы М?скеудегі журналистика институтына т?сіп, 1928 жылы бітіріп
шы?ады.Елге келіп,»Е?бекші ?аза?» газетінде ?ызмет етеді.
2-топ.Тілшілер : С?кенні? шы?армашылы?ы, ?ле?дері туралы ?з білімдерін орта?а салады.
?аза? ?неріні? сері а?ыны А?ан жайында «??ла?ер» поэмасын, «К?й»,»К?йші» поэмаларын
жазды.Ту?ан даласы,Отаны туралы с?йіспеншілігін «Дала» поэмасында а?тарады.?аза?ты? ?ара ?обызы мен домбырасын д?ріптеген «?нші» ?ле?і бар.Б?л ?ле?ді сегіз ?ырлы, бір сырлы
С.ә .Сұрақ –жауап ,өлеңді талдау, тұжырым жасау. Пән аралық байланыс.тарих, география, музыка
С.к. І.Жансүгіровтің портреті, Ә.Найманбаевтің шығармалар жинағы,тестер, үлестірмелер.
С.б. а)Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ә)Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге С.Сейфуллиннің өлеңі «Қамаудан», «Тұлпарым» және шығармашылығы туралы үлестірме қағаздармен жауап алынды. 1.С.Сейфуллиннің туып-өскен жері мен отбасы жөнінде не білеміз?
2.Ақынның қандай поэмалары бар?
3.»Қамаудан « өлеңінде тұтқын табиғатпен қалай сырласады, оның жанына , көңіліне кім жақын?
4. «Тұлпарым» өлеңіндегі тұтқын кім, неге ол жай тұлпар емес , «тағы тұлпарды» аңсайды?
5.Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі Қазақстанның қазіргі биікке жетуіне Сәкен сынды аға ұрпақтың
қосқан үлесі бар ма ?
б)Жаңа сабақты түсіндіру : Оқушылар үш топқа бөлінеді : 1-топ ізденушілер , 2-топ Тілшілер , 3-топ Ғалымдар.
Үш топта үлестірмелер кезекпен мұгалім столынан келіп алып , өздері дайындалып жауап береді.
І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорған өңірі Ақсу ауданында дүниеге келген . Жастайынан
анасынан айрылып ,домбырашы,әңгімеші , сауатты әкесінің тәрбиесін алады.Одан хат
таниды.Ташкенттегі 2 жылдық мұғалімдер институтына түсіп содан соң мұғалім болып
қызмет атқарады.1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, 1928 жылы бітіріп
шығады.Елге келіп,»Еңбекші қазақ» газетінде қызмет етеді.
2-топ.Тілшілер : Сәкеннің шығармашылығы , өлеңдері туралы өз білімдерін ортаға салады.
Қазақ өнерінің сері ақыны Ақан жайында «Құлағер» поэмасын, «Күй»,»Күйші» поэмаларын
жазды.Туған даласы ,Отаны туралы сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында ақтарады.Қазақтың қара қобызы мен домбырасын дәріптеген «Әнші» өлеңі бар.Бұл өлеңді сегіз қырлы, бір сырлы
ақын,асқан әнші, сазгер, айтыскер Әсет Найманбаев өнеріне арналған .
3-топ.Ғалымдар: І.Жансүгіровтің өлеңдерінің екінші бір ерекшелігін айтады.
Ол ақынның поэтикалық тілінде , тілінің көркем сөз образдарының бай болуында.
Осы топтың оқушылары өлеңді кезекпен мәнерлеп , дауыстап оқып шығады және 1 оқушы өлеңнің кімнің атынан жырланғанын баяндайды. Арғын Әсет болып І.Жансүгіров жырлайды.
2 оқушы өлең шумағының арасынан ру аттарын тауып ,тағы қандай руларды білетіндігі сұралды.
Арғын, Найман,Қыпшақ, Адай, Тобықты, Керей, Дулат т.б.
Ізденушілер тобынан оқушы жер-су атауларын атап ,картадан көрсетті ,тағы бір оқушы Әсет салған әннің інжу-маржан нақыш –өрнектерін өлеңнен тауып оқыды.
3 оқушы ақын өзіне де,Әсетке де әнді қалай салу керектігі жөніндегі талаптарын көркем тілмен түсіндіреді. 4-5-6 -7 оқушы өлеңнің әр бөліміне ат қояды. 4 оқушы: Арғын Әсет-бұлбұл әнші.
5 оқушы: Қазақтың сар даласында тоқсан бунақ інжу-маржан әнге салған құстай әнші.
6 оқушы: аққудай, қоңыр қаздай, нөсердей,дауылдай сан түрге даусы өзгеретін әнші.
7оқушы: « Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп» деп өз ойларын көркемдеп жеткізді.
Тілші тобынан оқушы теңеулерді тапса, Ғалым тобы метафраларды тапты, тақтаға жазды.
Теңеулер:үйректей, қаздай,аққудай,нөсердей,сулы інгендей, дауылдатып қарсы соққан қазандай,
дауыл жыққан сауылдатып қамыстай.
Метафора:бұлбұлмын, тұлпармын, жорғамын, тауықпын, желғабыз ,сол ортаның заржағымын.
Эпитеттер: ми дала,меңіреу шөл, күміс көлдер, құм- қыстау, өлке –көктеу,өзен-күзеу, жайлауым-жалпақ дала,соқтырып ай астынан алтын күрек ,тілін бал ,сілекейін секерлетіп,сарайым-сабам
құм пісіп-пісіп,сөз-жаңбыр, даусым-дауыл, әнім-ескек.
Сабақты бекіту:Барлық топ қатысады .
Әсеттің бейнесін топтастырып қорытындылайды. І.Жансүгіров қандай ақын ?
қазақ поэзиясының сұлу сарайы Дүлдүл ақын музыка мен сөз өнерін жеткізе білген
І. Жансүгіров
Өнер жаршысы күй жаршысы
Жүйрік ақын
Білімді бағалау: жеңген топ марапатталады ,сұрақтарға жауап берген оқушылар бағаланады.Үйге.І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңін оқып,көркем тілмен мазмұндау.
шағын шығарма «Ел іші-өнер кеніші» тақырыбына жазып келу.