Қазақ тілі пәнінің кез келген оқушы үшін оның ой өрісін жетілдіруде, рухани әлемін кеңейтуде, адамгершілік қасиеттерін, сезімін, тілін дамытуда ерекше орын алатыны сөзсіз. Сондықтан да орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарының қызықты және тартымды, түсінікті болып өтуі әр ұстаз үшін өте маңызды іс.
Менің өз сабақтарымдағы қолданылып келе жатқан әдістемелердің келесідей элементтері; мысалы: «Аптаға алтау» ойыны, «Түртіп алу», «Сүзгі», «Ой толғаныс», «Топтастыру» және тағы басқа түрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда өте үлкен рөл атқарады десем артық айтқан болмас. Назарларыңызға ұсынылып отырған сабақтың үлгісінде жоғарыда айтылып кеткен әдістердің кейбір элементтері көрініс тапқан.
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ
(6 СЫНЫП)
Сабақтың мақсаты:
лексикалық тақырыпты бекіту, жіктік жалғауын қорытындылау, оқушыларға өз ойларын қорытып айта білуге үйрету;
сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, ойлау, жазу, дағдысын дамыту;
өз еліне, өз жеріне деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тест сұрақтары, мәтіндер, сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі, тарих пәні
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу, жақсы көңіл – күй тілеу.
ІІ Үй тапсырмасы
4 оқушы Шольц әдістемесі бойынша тақтаға жіктік жалғауларын жазады.
Қалғандары топ бойынша мәтіндегі асты сызылған сөздерге түсінік береді. Сөз тіркесін құрастырады.
ІІІ Жаңа тақырып
1.Сабақтың мақсатымен, қалай жұмыс жасайтындықтарымен таныстырып өту.
2. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша Қазақстан деген сөзді естігенде сендерге қандай ой туады? (оқушылар өз ойларын айтып, тақтаға бір бала шығып топтастыру стратегиясы бойынша ойларын жазады )
«Полиглот» ойынын өткізу, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» айдарымен
1 тапсырма - Әр топқа Қазақстан тақырыбында сөздер таратылады
А) тақырыпқа қатысты емес сөздерді алып тастаулары керек
ә) сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармаларын барлығы дәптерлеріне, әр топтан екі оқушы шығып тақтаға жазады.
2 – тапсырма –
І – топ – кең – байтақ, әнұран, таулы, шаршы километр, тәуелсіз
ІІ – топ – жер көлемі, ту, өсімдік, мемлекет, егемен сөздерімен сөйлем құрастырады.
«Тапқырлық» кезеңі «Білген сайын біле бергім келеді, біле беру емес пе елдің тілегі» атты айдарымен.
І топ – 1. Қазақстан мемлекеті қашан тәуелсіздік алды?
2. Қазақстан мемлекеті қай құрлықта орналасқан?
3. Қазақстан мемлекетінің президенті кім?
ІІ топ - 4. Әнұранның авторлары кім?
5. Елтаңбада не бейнеленген?
6. Туда не бейнеленген? – сұрақтарына ауызша жауап береді.
«Ана тілім - айбыным» айдарымен берілген білімдарлар кезеңі
Тест сұрақтарына жауап беру
Тест сұрақтары
1.рәміздер қашан бекітілді?
А) 1996
ә) 1995
б) 1992
2.дұрыс жалғанған сөзді көрсет.
А) орыспын
ә) қазақмыз
б) түріксен
3.бірінші жақтың жіктік жалғауын көрсет
а) мын
ә) сың
б) сыз
4.Қазақстан қашан тәуелсіздік алды?
А) 1998
ә) 1997
б) 1991
5.Желтоқсан оқиғасы қашан болды?
А) 1986
ә) 1985
б) 1984
6.Мақалды аяқта
Отан оттан да...
А) ыстық
ә)суық
б) салқын
7.Қазақстанның неше пайызын су алып жатыр?
А) 40
ә) 50
б) 10
8.жер көлемі қанша километр?
А) 2717,3
ә) 2718,3
б) 2715,3
9.екінші жақтың жіктік жалғауын көрсет.
А) сың
ә) мын
б) пын
10.Дұрыс аударылған сөзді көрсет
Я патриот
А) мен патриотпын
ә) мен патриотпін
б) мен патриотпыз
ІV. Бекіту «Мәтін құр» ойыны. Суретпен жұмыс
А) суретті жандандыру әдісі бойынша әр топ бір – біріне сұрақ қойып жауап береді.
ә) сурет бойынша сөздерді, сұрақтарды пайдалана отырып, Қазақстан тақырыбында мәтін құрады.
«Аяқталмаған тезис» стратегиясы бойынша мақал орыс тілінде берілген, оның қазақ тіліндегі аудармасын табу керек.
V. Қорытынды: Сонымен, бүгін біз Отанымыз жайлы көптеген мәліметтермен таныс болдық. Енді сол алынған мәліметтерді пайдалана отырып, қорытынды жасайық.
1. Қазақстан деген сөздің мағынасын топтастыру.
(топтастыру стратегиясы бойынша)
2.Отанымызға біз не тілейміз? (оқушылар өз тілектерін жазып, тақтаға іледі)